Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 19.03.2024 № 01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Ержан Еркінбайұлы Теміров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 18 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | Р. Нурмуханбетов |