Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №2/18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4478 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидасында:
6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | Ж. Матаев |