Жаңаөзен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/69 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
  2023 жылғы 19 қазандағы
  № 8/69 шешіміне қосымша

Жанаөзен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жинау және тасымалдау

Жайлы үйлер

бір тұрғынға айына

169,51

Жайлы емес үйлер

бір тұрғынға айына

153,80

Сұрыптау

Жайлы үйлер

бір тұрғынға айына

87,87

Жайлы емес үйлер

бір тұрғынға айына

76,40

Көму

Жайлы үйлер

бір тұрғынға айына

176,08

Жайлы емес үйлер

бір тұрғынға айына

203,57

Тариф бірлігіне (көлем) жайлы үйлер

бір тұрғынға айына

433,46

Тариф бірлігіне (көлем) жайлы емес үйлер

бір тұрғынға айына

433,77

Жылдық тариф бірлігіне (көлем) жайлы үйлер

1 м3

1279

Жылдық тариф бірлігіне (көлем) жайлы емес үйлер

1 м3

1379

      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы: м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады