Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 1337 қаулысы

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережелерді бекіту туралы" 2022 жылғы 4 қазандағы № 2303 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін.

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Қостанай қаласының сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;";

      15-тармақ 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) кітапхана ісі және мәдени-демалыс қызметі саласында Қостанай қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру.".

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады