"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қамысты аудандык аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялык-санитариялык инспекторының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 01-25/224 ұсынысы негізінде Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылындағы № 1 шалғайдағы табында (Р. Хусаинов) ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті Қамысты аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге арналған қажеттi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
А. Тлеубергенов |