"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32894 болып тіркелді) сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Мәслихаттың 2022 жылғы 29 шілдедегі № 193 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы | М. Сартов |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 22 желтоқсандағы | |
№ 123 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Тобыл қаласының шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны - шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Тобыл қаласы аумағы шағын аудандарға, көшелерге, көппәтерлі тұрғын үйлерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары сайланады.
5. Тобыл қаласының әкімі шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Тобыл қаласының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі тұрғын үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тобыл қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тобыл қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Тобыл қаласы әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 22 желтоқсандағы | |
№ 123 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р/р | Тобыл қаласының шағын ауданның, көшенің атауы, көппәтерлі тұрғын үйдің нөмірі | Тобыл қаласының шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Афанасьев көшесі | 2 |
2 | Әуезов көшесі | 2 |
3 | Волынов көшесі | 2 |
4 | Ворошилов көшесі | 3 |
5 | Восточная көшесі | 3 |
6 | Гагарин көшесі | 3 |
7 | Геологическая көшесі | 2 |
8 | Герцен көшесі | 3 |
9 | Горький көшесі | 2 |
10 | Дорожная көшесі | 2 |
11 | Дружба көшесі | 2 |
12 | Жамбыл көшесі | 2 |
13 | Заречная көшесі | 2 |
14 | Зеленая көшесі | 2 |
15 | Казахская көшесі | 3 |
16 | Калабаев көшесі | 3 |
17 | Киров көшесі | 2 |
18 | Кирпичная көшесі | 3 |
19 | Комаров көшесі | 2 |
20 | Комсомольская көшесі | 2 |
21 | Космонавтов көшесі | 1 |
22 | Красноармейская көшесі | 2 |
23 | Крестьянская көшесі | 3 |
24 | Л. Беды көшесі | 3 |
25 | Ленин көшесі | 3 |
26 | Леонов көшесі | 2 |
27 | Лесная көшесі | 2 |
28 | 40 лет Октября көшесі | 3 |
29 | 25 лет Целины көшесі | 1 |
30 | 8 Марта көшесі | 2 |
31 | Матросов көшесі | 1 |
32 | 1 Мая көшесі | 1 |
33 | Маяковский көшесі | 2 |
34 | Механизаторов көшесі | 3 |
35 | Мичурин көшесі | 1 |
36 | Молодежная көшесі | 3 |
37 | Морозов көшесі | 1 |
38 | Набережная көшесі | 2 |
39 | Новая көшесі | 2 |
40 | Обручев көшесі | 3 |
41 | Озерная көшесі | 3 |
42 | Олимпийская көшесі | 2 |
43 | Островский көшесі | 1 |
44 | Павлов көшесі | 2 |
45 | Парковая көшесі | 2 |
46 | Победа алаңы | 1 |
47 | Попович көшесі | 3 |
48 | Пушкин көшесі | 2 |
49 | Савицкой көшесі | 2 |
50 | Северная көшесі | 1 |
51 | Семин көшесі | 3 |
52 | Советская көшесі | 2 |
53 | Спортивная көшесі | 2 |
54 | СПТУ 9 көшесі | 3 |
55 | Строительная көшесі | 1 |
56 | Тәуелсіздік көшесі | 3 |
57 | Терешкова көшесі | 3 |
58 | Тимирязев көшесі | 2 |
59 | Титов көшесі | 1 |
60 | Урожайная көшесі | 1 |
61 | Фрунзе көшесі | 2 |
62 | Целинная көшесі | 3 |
63 | Чайковский көшесі | 2 |
64 | Чапаев көшесі | 1 |
65 | Чехов көшесі | 2 |
66 | Шевченко көшесі | 1 |
67 | Шипин көшесі | 1 |
68 | Школьная көшесі | 3 |
69 | Киров тұйық көшесі | 1 |
70 | Комсомольский тұйық көшесі | 1 |
71 | Куйбышевский тұйық көшесі | 1 |
72 | Ленин тұйық көшесі | 1 |
73 | Набережный тұйық көшесі | 1 |
74 | Озерный тұйық көшесі | 1 |
75 | Павловский тұйық көшесі | 1 |
76 | Первомайский тұйық көшесі | 1 |
77 | Пионерский тұйық көшесі | 1 |
78 | Попович тұйық көшесі | 2 |
79 | Почтовый тұйық көшесі | 1 |
80 | Строительный тұйық көшесі | 1 |
81 | Титов тұйық көшесі | 1 |
82 | Школьный тұйық көшесі | 1 |
83 | Алтынсарин шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1-№ 80 үйлер | 3 |
84 | Водник шағын ауданы, № 1 үй | 1 |
85 | Водник шағын ауданы, № 2 үй | 1 |
86 | Водник шағын ауданы, № 3 үй | 1 |
87 | Водник шағын ауданы, № 4 үй | 1 |
88 | Водник шағын ауданы, № 5 үй | 1 |
89 | Водник шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 6, № 7, № 11, № 12, № 14, № 15, № 17, № 19, № 20, № 21, № 22, № 26, № 26/2, № 27, № 32, № 33, № 37, № 38, № 39, № 40, № 41, № 42, № 43, № 45 үйлер | 3 |
90 | Восточный шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1- № 356 үйлер | 3 |
91 | Дорожник шағын ауданы, № 16 үй | 1 |
92 | Дорожник шағын ауданы, № 17 үй | 1 |
93 | Дорожник шағын ауданы, № 33 үй | 1 |
94 | Дорожник шағын ауданы, № 38 үй | 1 |
95 | Дорожник шағын ауданы, № 43 үй | 1 |
96 | Дорожник шағын ауданы, № 44 үй | 1 |
97 | Дорожник шағын ауданы, № 45 үй | 1 |
98 | Дорожник шағын ауданы, № 45/1 үй | 1 |
99 | Дорожник шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1- № 14, № 25, № 27, № 29, № 31, № 37, № 39, № 41, № 20 - № 32, № 40, № 42 үйлер | 3 |
100 | Нұрай шағын ауданы, № 1 үй | 1 |
101 | Нұрай шағын ауданы, № 2 үй | 1 |
102 | Нұрай шағын ауданы, № 3 үй | 1 |
103 | Нұрай шағын ауданы, № 4 үй | 1 |
104 | Нұрай шағын ауданы, № 5 үй | 1 |
105 | Нұрай шағын ауданы, № 6 үй | 1 |
106 | Строитель шағын ауданы, № 20/9 үй | 1 |
107 | Строитель шағын ауданы, № 40/3 үй | 1 |
108 | Строитель шағын ауданы, № 40/4 үй | 1 |
109 | Строитель шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 15, № 17, № 19, № 20/1, № 20/2, № 20/3, 20/4, № 20/5, № 20/6, № 21, № 21/1, № 40 үйлер | 3 |