Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 193 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 123 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.12.2023 № 123 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы М. Сартов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 29 шілдедегі
  № 193 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының (бұдан әрі - тәртіп) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Тобыл қаласының көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Тобыл қаласы аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында саны үш адамнан аспайтын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандардың, көшелердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тобыл қаласының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тобыл қаласының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Тобыл қаласының әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тобыл қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тобыл қаласының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде Тобыл қаласы әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 29 шілдедегі
  № 193 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қостанай ауданы Тобыл қаласының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

№ р/р

Шағын ауданның, көшенің атауы, көппәтерлі тұрғын үйдің нөмірі

Шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Афанасьева көшесі

2

2

Әуезов көшесі

2

3

Волынов көшесі

2

4

Ворошилов көшесі

3

5

Восточная көшесі

3

6

Гагарин көшесі

3

7

Геологическая көшесі

2

8

Герцен көшесі

3

9

Горький көшесі

2

10

Дорожная көшесі

2

11

Дружба көшесі

2

12

Жамбыл көшесі

2

13

Заречная көшесі

2

14

Зеленая көшесі

2

15

Казахская көшесі

3

16

Калабаев көшесі

3

17

Киров көшесі

2

18

Кирпичная көшесі

3

19

Комаров көшесі

2

20

Комсомольская көшесі

2

21

Космонавтов көшесі

1

22

Красноармейская көшесі

2

23

Крестьянская көшесі

3

24

Л. Беды көшесі

3

25

Ленин көшесі

3

26

Леонов көшесі

2

27

Лесная көшесі

2

28

40 лет Октября көшесі

3

29

25 лет Целины көшесі

1

30

8 Марта көшесі

2

31

Матросов көшесі

1

32

1 Мая көшесі

1

33

Маяковский көшесі

2

34

Механизаторов көшесі

3

35

Мичурин көшесі

1

36

Молодежная көшесі

3

37

Морозов көшесі

1

38

Набережная көшесі

2

39

Новая көшесі

2

40

Обручев көшесі

3

41

Озерный көшесі

3

42

Олимпийская көшесі

2

43

Островский көшесі

1

44

Павлов көшесі

2

45

Парковая көшесі

2

46

Победы алаңы

1

47

Попович көшесі

3

48

Пушкин көшесі

2

49

Савицкой көшесі

2

50

Северная көшесі

1

51

Семин көшесі

3

52

Советская көшесі

2

53

Спортивная көшесі

2

54

СПТУ 9 көшесі

3

55

Строительная көшесі

1

56

Тәуелсіздік көшесі

3

57

Терешкова көшесі

3

58

Тимирязев көшесі

2

59

Титов көшесі

1

60

Урожайная көшесі

1

61

Фрунзе көшесі

2

62

Целинная көшесі

3

63

Чайковский көшесі

2

64

Чапаев көшесі

1

65

Чехов көшесі

2

66

Шевченко көшесі

1

67

Шипин көшесі

1

68

Школьная көшесі

3

69

Киров тұйық көшесі

1

70

Комсомольский тұйық көшесі

1

71

Куйбышевский тұйық көшесі

1

72

Ленин тұйық көшесі

1

73

Набережный тұйық көшесі

1

74

Озерный тұйық көшесі

1

75

Павловский тұйық көшесі

1

76

Первомайский тұйық көшесі

1

77

Пионерский тұйық көшесі

1

78

Попович тұйық көшесі

2

79

Почтовый тұйық көшесі

1

80

Строительный тұйық көшесі

1

81

Титов тұйық көшесі

1

82

Школьный тұйық көшесі

1

83

Алтынсарин шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1-№ 80 үйлер

3

84

Водник шағын ауданы, № 1 үй

1

85

Водник шағын ауданы, № 2 үй

1

86

Водник шағын ауданы, № 3 үй

1

87

Водник шағын ауданы, № 4 үй

1

88

Водник шағын ауданы, № 5 үй

1

89

Водник шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 6, № 7, № 11, № 12, № 14, № 15, № 17, № 19, № 20, № 21, № 22, № 26, № 26/2, № 27, № 32, № 33, № 37, № 38, № 39, № 40, № 41, № 42, № 43, № 45 үйлер

3

90

Восточный шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1- № 356 үйлер

3

91

Дорожник шағын ауданы, № 16 үй

1

92

Дорожник шағын ауданы, № 17 үй

1

93

Дорожник шағын ауданы, № 33 үй

1

94

Дорожник шағын ауданы, № 38 үй

1

95

Дорожник шағын ауданы, № 43 үй

1

96

Дорожник шағын ауданы, № 44 үй

1

97

Дорожник шағын ауданы, № 45 үй

1

98

Дорожник шағын ауданы, № 45/1 үй

1

99

Дорожник шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 1- № 14, № 25, № 27, № 29, № 31, № 37, № 39, № 41, № 20-№ 32, № 40, № 42 үйлер

3

100

Нұрай шағын ауданы, № 1 үй

1

101

Нұрай шағын ауданы, № 2 үй

1

102

Нұрай шағын ауданы, № 3 үй

1

103

Нұрай шағын ауданы, № 4 үй

1

104

Нұрай шағын ауданы, № 5 үй

1

105

Нұрай шағын ауданы, № 6 үй

1

106

Строитель шағын ауданы, № 20/9 үй

1

107

Строитель шағын ауданы, № 40/3 үй

1

108

Строитель шағын ауданы, № 40/4 үй

1

109

Строитель шағын ауданы, аз қабатты құрылыстар, № 15, № 17, № 19, № 20/1, № 20/2, № 20/3, 20/4, № 20/5, № 20/6, № 21, № 21/1, № 40 үйлер

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады