Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымды айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 266-ө бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 318-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 13.11.2023 № 318-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-2-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымды ретінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" Өндірістік бірлестігі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны айқындалсын.

      2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрінің міндетін атқарушы
Н. Шәрбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады