"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 33-2-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымының Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы ретінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" Өндірістік бірлестігі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны айқындалсын.
2. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған мамандандырылған ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 266-Ө бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Нысанбаев |