"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Ұзынкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 284 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров ауылы мекенжайында орналасқан алабұға ӨК "Олжа Ряжское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Киров ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 9 қазандағы № 3-ш шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Киров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Киров ауылдық округінің әкімі | Ч. Биркенов |
Келісілді
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министіргі
ветеринарлық бықылау және
қадағалау Комитетінің Ұзынкөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ А. Алимбаева
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министірлігі санитарлық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитарлық-
эпидимеологиялық бақылау департементінің
Ұзынкөл аудандық санитарлық-
эпидимеологиялық бақылау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________________________ Б. Ахметвалеев