Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 119/5 "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміндегі актінің тіркеу нөмірі № 170396) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Мақашев |
Успен ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 146/5 қаулысына қосымша |
|
Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 119/5 қаулысымен бекітілген |
"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ) Успен ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ келесі ұйымды жүргізеді: Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – халықты жұмыспен қамту орталығы).
3. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 27.
10. Осы Ереже "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаты, мәні, міндеттері, өкілеттіктері мен функциялары
1. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мақсаты Успен ауданының халқын әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
2. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметінің мәні аудандық деңгейде Успен ауданының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру болып табылады.
13. Тапсырмалар:
1) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету;
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;
3) жұмыссыздарға, жұмыс іздеп жүрген адамдарға әлеуметтік қорғау көрсету;
4) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсету;
5) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту
6) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.
14. Өкілеттіктер:
Құқықтар:
1) аудан әкімдігінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
3) құзыреті шегінде аудан халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) Өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға міндетті.
Міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және ұсынуға;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге міндетті;
3) өз қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асыруға міндетті;
4) барлық сот органдарында және өзге де ұйымдарда аудан әкімінің, аудан әкімдігінің мүдделерін білдіру
15. Функциялар:
1) жұмыс күшінің бір бөлігінің сұранысы мен ұсынысын талдайды, болжайды, жергілікті атқарушы органдарды және облыстың атқарушы органдарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органын еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді;
2) мемлекеттік үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы Бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорларын қалыптастыруға қатысады;
3) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) Жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан нақты кәсіптер бойынша даярланған және даярлауға және бітіруге жоспарланатын мамандардың санын сұратады;
6) Жергілікті атқарушы органдарға жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіреді;
8) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;
9) жұмысшыларды босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
10) аудан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту;
11) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
12) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
14) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
16) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
17) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу;
18) ақталған адамға куәлік беру;
19) мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
20) мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
21) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
22) мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
23) мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
24) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
25) үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
26) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;
27) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
28) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
29) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;
30) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік мәселелері, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсіпорындардан ұжымдық шарттарды тіркеу және есепке алу;
31) аумақтарды дамыту Бағдарламасының іс-шаралар жоспарын және нысаналы индикаторларын, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Успен ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін әзірлеу, болжау, түзету және келісу;
32) Успен ауданы әкімдігі қаулыларының жобаларын және аудандық мәслихат сессиясының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі шешімдерін дайындау;
33) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мониторингі;
34) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және кәсіптік бөлігі бойынша оңалтудың жеке бағдарламасын орындау;
35) әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншылық және қамқоршылық беру;
36) жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау;
37) аудан әкімінің тапсырмаларын, әкімдік актілерін орындау және орындауды ұйымдастыру;
38) бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу (өзгерістер мен толықтырулардың жобалары);
39) мемлекеттік функциялардың жұмыс істеуін, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
40) шоғырландырылған қаржылық есептілікті уақтылы және сапалы жасау және ұсыну.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мемлекеттік органның басшылығын "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметке тағайындалады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес босатылады.
18. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының орынбасарлары жоқ.
19. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының өкілеттігі:
1) заңнамаға сәйкес "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;
2) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асыру;
5) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
6) заңнамаға сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ атынан өкілдік етеді;
7) мемлекеттік органдарда, сотта "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүдделерін білдіреді;
8) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;
9) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ жұмыс жоспарын бекітеді;
10) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын көтермелеуді, оған тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ол үшін дербес жауапты болады.
"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-ге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.