"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 706 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, (20 бірлік), С-О-1 санаты, 24-23-1, 24-24-1, 24-25-1, 24-26-1, 24-27-1, 24-28-1, 24-29-1, 24-30-1, 24-31-1, 24-32-1, 24-33-1, 24-34-1, 24-35-1, 24-36-1, 24-37-1, 24-38-1, 24-39-1, 24-41-1, 24-42-1, 24-43-1, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында "Білімі" деген жолда "Талаптар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс және/немесе медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, (1 бірлік), С-О-1 санаты, 24-40-1, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында "Білімі" деген жолда "Талаптар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Өлшемшарттар

Талаптар

Білімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: денсаулық сақтау (медициналық-профилактикалық іс және/немесе медицина және/немесе санитария, гигиена, эпидемиология).

      ".

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде:

      1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      агенттігінің

      2023 жылғы 16 қазандағы

      № 270 хатымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады