Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 24.07.2024 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35–бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармағына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемілекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 01 шілдедегі №08-02/542 ұсынысы негізінде Лесной ауылдық округі әкімі ШЕШТІМ:
1. Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің Ленинское ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық тәртіп белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лесной ауылдық округінің әкімі | Н. Мұхаметжанов |