Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 шiлдедегi № 17 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстаң Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35 – бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 23 шілдесі №08-12/513 ұсынысы негізінде, Лесной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округінің Ленинское ауылының аумағында белгіленген ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Лесной ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 04 шілдесі № 14 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Н. Мұхаметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады