Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 - баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес және Сарыағаш ауданының жер комиссиясының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 26-03 қорытындысын, ауданның жер қатынастары бөлімінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1600 "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы" бұйрығы мен ауданның жер қатынастары бөлімінің ұсыныс хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы, Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерінің аумағынан магистральдық су құбырын салу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан осы қаулының қосымшасына сәйкес жалпы ауданы 8,91 гектар жер учаскесіне 4 жыл 9 ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне (Н.Кукеев) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылсын.
3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | А.Қозыбаев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 08 желтоқсандағы № 443 қаулысына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне магистральдық су құбырын салу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
№ | Жер пайдалану шылар атауы | қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар) | соның ішінде: | ||||||||||
ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | ||||||||||||
егістік | оның ішінде: | көп жылдық екпелер | шабындық | жайылым | |||||||||
суармалы егістік | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |||||
1 | Жібек жолы ауылдық округі | 5,2386 | 2,3845 | 1,8663 | 1,8663 | - | - | 0,5182 | |||||
2 | Қабланбек ауылдық округі | 3,027525 | 1,563125 | 1,244125 | 1,244125 | - | - | 0,319 | |||||
3 | Сарыағаш қаласы | 0,643875 | - | - | - | - | - | - | |||||
БАРЛЫҒЫ: | 8,91 | 3,947625 | 3,110425 | 3,110425 | - | - | 0,8372 | ||||||
елдi мекендердiң жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер | орман қорының жері | су қорының жерi | босалқы жер | ||||||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | ||||||||
0,2495 | 0,0713 | - | - | 0,5966 | 1,9367 | ||||||||
0,2165 | 0,0295 | - | - | 0,0342 | 1,1842 | ||||||||
0,609775 | 0,0147 | - | - | - | 0,0194 | ||||||||
1,075775 | 0,1155 | - | - | 0,6308 | 3,1403 |