Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11 шешімі. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің 20.12.2023 № 12 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Түлкібас ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 13 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Н.Изтилеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады