"Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 70 қаулысы. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.01.2024 № 21 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес кейбір қаулылардың күші жойылсын.

      3. Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы "6" сәуірдегі
№ 70 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағында құрылыс қызметі, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарманың егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына көзделген басқа да актілермен шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту;

      2) облыс аумағында құрылыс қызметін, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;

      3) облыс аумағында құрылыс қызметінде, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу және басқару.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асырады.

      14. Функциялары:

      1) мемлекеттік саясатты іске асыру және құрылыс қызметінде, электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру саласында үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдер жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

      3) облыстық коммуналдық меншік объектілерін және облыстық маңызы бар әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;

      4) ведомстволық бағынысты аумақта объектілер мен кешендерді салуға (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге) көзделетін объектілердің мониторингін жүзеге асырады;

      5) коммуналдық меншіктегі су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады;

      6) балалардың ойын алаңдарына арналған аттракциондардың, жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      7) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктердің, қаладағы аудандар әкімдерінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

      8) осы Заңда көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру;

      9) су басу аймақтарында тұрғын үйдің орнықтылығы мен жұмыс істеу қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басу аймақтарынан халықты уақытша қоныстандыру үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;

      10) жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне, сонымен қатар үй жанындағы жер учаскесіне егер "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары иелерінің жиналысы шешімі негізінде пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының иелерінен тиісті өтініштері келіп түскен жағдайда кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар мен құжаттар дайындауды және шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;

      11) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      12) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      13) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерде лифттерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      14) елді мекенге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын әзірлейді;

      15) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдармен кондиминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы, тұрғын үй қорындағы нысандарда, ойын-сауық, сауда және мейманхана кешендерінде орнатылған лифтілер, экскалаторлар, фуникулерлар);

      16) облыстық әкімдіктің мәслихатқа жылу маусымын дайындау және өткізу қағидаларын бекітуге ұсынуын әзірлеу және дайындау;

      17) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;

      18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын облыстық әкімдіктің мәслихатқа бекітуге ұсынуын әзірлеу және дайындау;

      19) жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;

      20) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеу және облыстық әкімдікке бекітуге ұсыну;

      21) аумақтың жоспарланып отырған құрылысы не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халықты хабардар ету;

      22) аумақты салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), құрылыстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      23) құрылысқа тапсырыс беруші Басқарма болып табылатын объектілерді, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді есепке алуды енгізу және олардың уақтылы пайдалануға берілуіне бақылауды жүзеге асыру;

      24) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына жәрдем көрсету;

      25) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

      26) аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық құрылыстарды жобалауға арналған техникалық ерекшелікті және техникалық тапсырманы келісу;

      27) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарау және бекіту;

      28) құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;

      29) тұрғын үй құрылысының және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде ЖТҚ бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

      30) жеке-тұрғын үй құрылысының мониторингі және тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      31) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      32) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

      33) Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелерін бақылайды;

      34) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      35) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

      36) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде елді мекендердің шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

      37) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкінің құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды;

      38) жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік техникалық тексеру жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне, сонымен қатар үй жанындағы жер учаскесіне егер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлары иелерінің жиналысы шешімі негізінде тиісті өтініштері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құжаттарды әзірлеу және дайындау бойынша шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;

      39) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады;

      40) елді мекенге бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын әзірлейді;

      41) коммуналдық қызметтер тізбесіне және коммуналдық қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;

      42) бастапқы тіркеу кезінде кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығыстарды бюджет қаражаты есебінен өтеуді қамтамасыз ету;

      43) тиісті аумақты дамыту бағдарламасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды енгізуді қамтамасыз етеді;

      44) уәкілетті органның келісімі бойынша өткізу мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды өткізуді жүзеге асырады;

      45) уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, қолдау және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге электр энергиясын беру және жабдықтау, жылу энергиясын өндіру, беру және жабдықтау саласындағы ұйымдардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      46) күзгі-қысқы кезеңде жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуіне бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;

      47) жылу желілерінде (магистральдық, кварталішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу;

      48) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      49) уәкілетті органға табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны жібереді;

      50) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті теңгерімге және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлейді;

      51) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

      52) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      53) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды жүзеге асырады;

      54) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағына сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді;

      55) сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияларды құрады;

      56) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

      57) уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;

      58) уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

      59) елді мекен шекарасы шегінде тұрмыстық баллондар мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      60) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекітеді;

      61) Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітуге енгізеді;

      62) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метріне тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша төлемақы мөлшерін әзірлеу және бекітуге ұсыну;

      63) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін бекіту туралы ақпарат беру;

      64) облыстық әкімдікке коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларының қағидаларын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

      65) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 градус Цельсийден астам судың қызу температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифттердің, траволаторлардың, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедек адамдарға) арналған көтергіштердің пайдаланылуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      66) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      67) ведомстволық бағынысты аумақта орналастырылатын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жеткізілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;

      68) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      69) жеке және заңды тұлғалардың берілген габариттер, есептік қуат, технологиялық процестер, функционалдық мақсаты бойынша ерекше параметрлері (сипаттамалары, қасиеттері) бар объектілерді жобалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нормалар жоқ өзге де тәсілмен шарттар бойынша арнайы техникалық шарттарды келісу;

      70) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен энергия өндіруші ұйымдардың жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      71) тұрғын үйді іске қосудың жыл сайынғы көлеміне қол жеткізу бойынша жоспарлы көрсеткішті орындау;

      72) құрылыс қызметін, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту жөніндегі облыс аумағын дамыту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;

      73) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының, алқалы органдардың (бар болған жағдайда) мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік (мемлекеттік емес) органдарда басқарманың мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;

      3) шарттар жасасады;

      4) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      7) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үйді пайдалану басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы "6" сәуірдегі
№ 70 қаулысына 2 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылған қаулылары

      1. "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 199 қаулысы.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 199 "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 132 қаулысы.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 199 "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 351 қаулысы.

      4. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 199 "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 242 қаулысы.

      5. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 199 "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 60 қаулысы.

      6. "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 368 қаулысы.

      7. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 368 "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 87 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады