Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 642 қаулысы. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 07.08.2023 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы Д. Қосантаев

  Риддер қаласы әкімдігінің
2023 жылғы " 31 " шілдедегі
№ 642 қаулысына қосымша

Риддер қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

      1) мәдени, спорттық ғимараттар мен құрылыстардың аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын құрылымдар;

      3) Риддер қаласындағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады