Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-2 "Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-4 шешімі. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 13-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.06.2024 № 13-2 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы №30-2 "Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары туралы" (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада №5865 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларында 1 және 2-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы №ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

      4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы М.Мұқаев

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2023 жылғы 4 тамыздағы
№ 5-4 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы №ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында айқындалады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

      4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

2. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі

      3. Осы қағиданы әзірлеу кезінде елді мекендер аумағының, олардың құрылысының ерекшеліктері, сондай-ақ зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұра, діни мақсаттағы объектілер және табиғи ландшафты сақтау қажеттігі ескерілді.

      4. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады, сондай-ақ жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу журналдарының негізінде есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.

      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      5. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген №045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      6. Жерлеу зират қорымы әкімшілігі жүргізетін есепке алу журналында тіркеледі.

      7. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      зираттың (қабірдің) нөмірі;

      қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күні;

      өлімнің себебі;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;

      марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.

      8. Жақын туыстарының, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жазбаша өтініші бойынша жергілікті атқарушы органға қайтыс болған адаммен жақын туыстығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерлеу орнында бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      9. Сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада жүрген қайтыс болған адамдардың табылған мәйіттерін немесе олардың сүйектерін, суға кеткендерді, үйден тыс жерде кенеттен қайтыс болғандарды жерлеу жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өзіне алуы мүмкін туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған кезде қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.

      10. Туыссыз адамдарды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      11. Мына жағдайлардан басқа жағдайда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге жол берілмейді:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді (мүрделерді) Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді (мүрделерді) жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      12. Қабірлерді жобалау және салу:

      қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды;

      қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады;

      аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 сантиметр қабатпен хлорлы әк салынады;

      әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

      13. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау:

      Жерлеуге бөлінген учаскенің шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға жол беріледі.

      Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туысы тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      Ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды жерлеу учаскесінен тыс жерлерде орналастыруға жол берілмейді.

      Зират қорымдарын (өтпе жолдар, соқпақтар, гүлбақтар, көгалдар, кәріздік, электрлік және су құбыры желілері және құрылыстар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы органдар күтіп ұстайды.

      14. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өткізілетін конкурстың қорытындысы бойынша уақтылы жүзеге асырылады.

      15. Зират қорымының әкімшілігі мыналарды:

      1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;

      2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;

      3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;

      4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;

      5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;

      6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;

      7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады