Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдесіндегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы келесі көшелерін атауларының транскрипциясы нақтылансын :
Сырым Датулы-Сырым Датұлы,
Исатай Тайманов-Исатай Тайманұлы,
Махамбет Утемисов-Махамбет Өтемісұлы,
Лукпан Клышев-Лұқпан Қылышев,
Абай Кунанбаев-Абай Құнанбайұлы,
Алия Молдагулова-Әлия Молдағұлова,
Габдолла Тукай-Ғабдолла Тоқай,
Сагидулла Джаксыгалиев-Сағидолла Жақсығалиев көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі | Ә.Б.Каражанов |