"Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 657 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақтың 2) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) авиациялық бөлім (әскери бөлім, құрылымдық бөлімше) – Қазақстан Республикасының жойғыш, бомбалаушы, шабуылдаушы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу мемлекеттік авиациясы ӘК ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, пилотсыз әуе кемесін (бұдан әрі – ПӘК) пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ПӘК жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіретін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің құрылымдық бөлімшелері;

      24) әуе қозғалысын басқару орталықтары – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 29) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау, олар үшін белгіленген жауапкершілік аудандары шегінде ұшу қауіпсіздігін және әуе қозғалысының реттілігін қамтамасыз ету үшін арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) жедел әуе қозғалысын басқару органдары;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері командалық пунктінің метеорологиялық қызметі (бұдан әрі – КП метеоқызметі) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК) командалық пунктінің бастығына бағынады және мемлекеттік авиация ӘК ұшуын ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.

      6. КП метеоқызметі мемлекеттiк авиация органдары, ӘҚБ орталықтары, метеобөлiмшелер және ұшуды жүзеге асырумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа да органдардың басшылары үшін ұшуды қауіпсіз, тұрақты және тиімді орындауға жәрдемдесу үшін қажеттi метеорологиялық ақпаратты ұсынады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. КП метеоқызметте және әскери бөлімдердің метеобөлімшелерінде метеорологиялық ақпараттарды жинау және беру үшін штаттық техникалық құралдармен қатар ҚР ҚК байланыс әскерлерінің сымды және радиоарналарын қолданады. Бұл ретте байланыс арналары туралы деректерді жасыру қамтамасыз етіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұсынуды ұйымдастыратын КП метеоқызметі басқа мемлекеттердің өкілетті метеорологиялық органдарымен олардан қажетті метеорологиялық ақпаратты және (немесе) ауа райы болжамын алуға бағытталған шараларды үйлестіреді.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуге тікелей қатысатын метеобөлімшелерге:

      1) КП метеоқызметі;

      2) метеорологиялық бөлім;

      3) метеорологиялық қызмет;

      4) метеорологиялық бөлімше;

      5) метеорологиялық топ жатады.

      17. КП метеоқызметі мынадай функцияларды орындайды:

      1) жедел-болжамдық, әдістемелік және ақпараттық жұмысты және ҚР және басқа да мемлекеттер мемлекеттік авиациясының метеобөлімшелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;

      2) штабтар қолбасшылығын, КП және ӘҚБ орталықтары есептоптарын орналасу және ұшу аудандары бойынша метеорологиялық ақпараттың барлық түрімен қамтамасыз ету;

      3) метеорологиялық жағдайды талдауда, бағалауда және болжауда әскери бөлімдердің метеобөлімшелеріне көмек көрсету.

      18. Ұшуды дайындау мен жүргізудің барлық кезеңінде КП метеоқызметі:

      1) басқа метеорологиялық органдардан алынатын әуеайлақтар мен ұшу маршруттары (аудандары) бойынша ауа райы мәліметтерін, болжамды және ескертулерді ұсынады;

      2) ҚР ҚК ӘҚК әуеайлақтарында ауа райы болжамын және дауылды ескертуді әзірлейді;

      3) мемлекеттік авиацияның ұшу жоспарларын зерделейді;

      4) әскери бөлімдердің метеобөлімшелеріне аэросиноптикалық консультацияларды, ауа райы болжамын, дауыл туралы хабардар етуді және ескертуді, нақты ауа райы туралы деректі, АӘБ және АРБ нәтижесін және ұшуды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді ұсынады;

      5) жоспарлы ұшу тапсырмаларын (оның ішінде АӘБ) орындау үшін көзделген әуеайлақтардағы ауа райының нақты және күтілетін жай-күйінің шарттарға және ұшқыш құрамының даярлық деңгейіне сәйкестігін бақылайды;

      6) АӘБ маршрутын таңдауды жүзеге асырады;

      7) әуеайлақтарда, оның ішінде радиолокациялық станция (бұдан әрі – РЛС) көмегімен уақтылы және сапалы метеорологиялық бақылауды жүзеге асырады;

      8) КП метеоқызметінен алынған ауа райы болжамын, дауыл туралы хабардар етуді және ескертуді әуеайлақтардағы қолбасшылыққа және ұшу жетекшісіне (бұдан әрі – ҰЖ) уақтылы баяндауды бақылайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. КП метеоқызметі орналасу және ұшу аудандарының авиациялық-климаттық ерекшелігін зерттеу және жинақтау бойынша жұмыс жүргізеді. Метеобөлімшелерде авиациялық-климаттық сипаттамалар әуеайлақ ауданы үшін әзірленеді.";

      24-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) метеорологиялық элементтерді және ауа райы құбылысын бақылау сапасы және осы мәліметтерді диспетчерлік пункттерге, ҰЖТ адамдарына, КП метеоқызметіне уақтылы беру;";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Метеобөлімше өз функцияларын орындау кезінде барлық қажетті метеорологиялық ақпаратты, биіктіктегі желдің, ауа температурасы мен ылғалдығының болжамын, ең қатты желдің бағытын, жылдамдығы мен биіктігін, тропопаузаның биіктігі мен температурасын, сондай-ақ КП метеоқызметінен алынатын АҚҚ болжамын, сондай-ақ жергілікті интернет желісінен метеорологиялық ақпараттың баламалы көзін пайдаланады.";

      26-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) қарулануда тұрған авиациялық техниканың, ПӘК тактикалық-техникалық деректерді және әскери бөлімдердің жедел (жауынгерлік) және ұшу даярлығының міндеттерін білуді;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Барлық кезеңде маршруттық ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді авиацияның ұшу жұмыс жоспарларына сәйкес КП метеоқызметі және әскери бөлімдердің метеобөлімшелері жүзеге асырады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. КП метеоқызметі мамандары маршруттық ұшуды қамтамасыз ету кезінде осы Қағидаларда көзделген жұмыстан басқа:

      1) маршруттық ұшу жоспарларын, ӘК қайту шептерін және қосалқы әуеайлақтарға ӘК-ні қондыруға шешім қабылдау шептерін зерделейді;

      2) ұшу маршруттары, ұшып шығу, қону әуеайлақтары және қосалқы әуеайлақтар бойынша қажетті метеорологиялық ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік авиация басқару органының қолбасшылығына, КП және ӘҚБ орталықтарының лауазымды адамдарына объективті баяндама жасаумен ұшу маршруттары мен қону әуеайлақтары бойынша ауа райы болжамын әзірлейді және жұмыс журналына баяндау уақытын жазады;

      4) мемлекеттік авиация басқару органының қолбасшылығына АӘБ және АРБ жүргізу туралы ұсыныстарды баяндайды;

      5) метеобөлімшелерге (ұшып шығу әуеайлақтарына) нақты метеорологиялық жағдай туралы деректерді, ұшу маршруттары бойынша ауа райы болжамын береді, оларға метеорологиялық ақпаратты жинауда көмек көрсетеді;

      6) ұшуды қамтамасыз етуге қатысатын метеобөлімшелермен метеорологиялық ақпаратпен өзара алмасуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      7) КП және ӘҚБ орталықтарының есептоптарын олардың жауапкершілік аймақтары арқылы ұшып өтетін ӘК экипаждарына беру үшін маршруттағы және қосалқы әуеайлақтардағы ауа райы туралы деректермен қамтамасыз етеді;

      8) нақты (күтілетін) ауа райының осы ұшуды орындау үшін белгіленген метеорологиялық жағдайға сәйкестігін бақылайды.";

      43-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) метеорологиялық жағдайды талдайды, ұшу маршруттары бойынша ауа райы болжамын әзірлейді және оларды КП метеоқызметімен келіседі;";

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Ұшу кезеңінде ауа райының жай-күйін және оның маршруттардағы өзгеруін талдайды. Метеорологиялық жағдайдың барлық нақты немесе күтілетін өзгерістері туралы бөлім қолбасшылығына және КП метеоқызметіне баяндайды.

      45. КП метеоқызметімен келісілген ұшып шығу әуеайлағының кезекші инженер-синоптигі (кіші метеомаманы) әзірлеген маршруттық ұшуға ауа райы болжамы АВ – 12 нысанындағы ауа райы бюллетеніне жазылады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Оқу-жаттығу ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуді авиацияның жұмыс жоспарына сәйкес КП метеоқызметі және әскери бөлімнің метеобөлімшесі жүзеге асырады.";

      53-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) КП метеоқызметінде атмосфералық процестің күтілетін дамуы туралы консультация алады;

      6) белгіленген мерзімде бөлім командиріне және ұшқыш құрамына КП метеоқызметімен келісілген ұшу кезеңіне арналған ауа райы болжамын және қауіпсіздік шараларын баяндайды;";

      54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Метеобөлімше бастығы (кезекші инженер-синоптик) ауа райы барлаушысының ұшуына дейін ұшу алдындағы дайындық кезеңінде:

      1) әуеайлақ ауданында, қосалқы әуеайлақта және ұшу маршруттары бойынша метеорологиялық жағдайды талдайды;

      2) АҚҚ болжау үшін қажетті есептерді жүзеге асырады;

      3) 1 сағаттан кешіктірмей АӘБ кезеңіне және ұшу кезеңіне ауа райы болжамын және ұшу қауіпсіздігі шаралары бойынша ұсыныстар әзірлейді, оларды ауысым бастығы – КП метеоқызметінің аға инженер-синоптигімен келіседі;

      4) ҰЖТ, радиотехникалық бөлімшелер адамдарынан және метеорологиялық локатор есептобынан алынған АРБ деректерін талдайды. АРБ ауа райының нақты жағдайына қарамастан жүргізіледі және АҚҚ аймақтарын және олардың даму мен орнын ауыстыру үрдісін айқындау үшін 1 сағат және 20 – 25 минут бұрын орындалады;

      5) 20-25 минут ішінде олар өлшенетін әуеайлақтың барлық нүктесінде БТШБ және көлденең көрінуді нақтылайды;

      6) КП метеоқызметіне ауа райының нақты жай-күйі туралы, бұлттың төменгі және жоғарғы шегінің биіктігін және көрінуді өлшеу нәтижесін, АРБ деректерін баяндайды, барлау кезеңіндегі ауа райы болжамын, сондай-ақ нақты ауа райының АӘБ ұшуды орындау үшін қажетті жағдайға сәйкестігін келіседі;

      7) бөлімнің командиріне, ҰЖ және ауа райын барлаушы ұшақтың экипажына АӘБ және ұшу кезеңінде күтілетін метеорологиялық жағдайды, әуеайлақ ауданында, ауа райының барлау және ұшу маршруты бойынша қосалқы әуеайлақтарда АРБ деректерін, бұлттың төменгі шегінің биіктігін және көлденең көрінуді өлшеуді, сондай-ақ ауа райының нақты жағдайын, олардың күтілетін өзгеруін және ұшу қауіпсіздігі шараларын ескере отырып, АӘБ ұшу бағыты мен бейінін таңдау жөніндегі ұсыныстарды баяндайды;

      8) ауа райын барлау кезінде ауа райын барлаушы ұшақ экипажына ҰЖ ауа райы бюллетенін жазып береді және тапсырады;

      9) ауа райын барлаушы экипаждың АӘБ деректерін беру мерзімін (шебін), тәсілдері мен тәртібін нақтылайды.

      55. Егер баяндау кезінде метеобөлімшенің бастығы (кезекші инженер-синоптик) метеорологиялық жағдай туралы барлық қажетті деректі білмесе, онда ол бұл туралы ұшуды және ҰЖ-ны ұйымдастыратын командирге баяндайды және оларды алу шараларын қабылдайды.

      АӘБ кезінде инженер-синоптик:

      1) КДП, старттық командалық пунктте (бұдан әрі – СКП) бола отырып, ауа райын барлаушы экипаждың хабарламасын талдайды және оны КП метеоқызметіне береді;

      2) өзінің және қосалқы әуеайлақтардағы ауа райы туралы деректерді жинайды және талдайды;

      3) ҰЖ ауа райын барлау бейіні мен маршрутын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды баяндайды;

      4) күрделі метеорологиялық жағдайда ұшу кезінде және ауа райы минимумы кезінде бұлттың төменгі шегінің биіктігін және аспаптар орнатылған әуеайлақтың барлық нүктесінде көрінуді өлшеуді талдайды және олар ауа райының барлаушы экипажынан алынған деректерден күрт айырмашылық болған жағдайда ол туралы ҰЖ және КП метеоқызметі баяндайды;

      5) ауа райын барлаушы ұшақ қонғаннан кейін:

      ауа райын барлаушы экипаждың командирге және ҰЖ-ға ауа райын барлау нәтижесін баяндауы кезінде қатысады, ауа райын барлау нәтижесін, басқа келіп түскен метеорологиялық ақпаратты ескере отырып, ұшу кезеңіндегі ауа райын нақтылайды және оны метеорологиялық орталықтың аға офицерімен (ауысым бастығы – аға инженер-синоптикпен) келіседі;

      қолбасшылыққа және ұшқыш құрамына ұшу алдындағы нұсқауда ұшу кезеңінде, әуеайлақ ауданы, ұшу маршруттары (полигондары) және қосалқы әуеайлақтар бойынша нақты және күтілетін метеорологиялық жағдайды баяндайды;

      ауа райы бюллетенін ресімдейді және оларды ҰЖ, жеке экипаж командирлеріне және маршруттық ұшу кезінде топтардың жетекшілеріне тапсырады;

      ауа райы бюллетеніне жазылған ауа райы болжамын КП метеоқызметіне баяндайды.";

      58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Метеобөлімше бастығы (кезекші инженер-синоптик) ұшу кезеңінде ұшу ауданындағы метеорологиялық жағдайды мұқият талдайды, ұшу тапсырмаларын орындау үшін метеорологиялық жағдайдың сәйкестігін қадағалайды.

      59. Ұшу кезеңінде метеобөлімше бастығы (кезекші инженер-синоптик):

      1) КДП (СКП) бола отырып, ұшуды тікелей метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      2) ұшу алдында техникалық құралдар мен метеорологиялық аспаптардың жұмысын тексереді, қону әуеайлақтарындағы, қосалқы әуеайлақтардағы, ұшу ауданындағы және маршруттарындағы нақты ауа райы туралы деректерді үздіксіз жинауды жүзеге асырады, олардың жай-күйі мен өзгеруін талдайды;

      3) КДП (СКП), жақын жетекті радиомаркерлік (бұдан әрі – ЖЖРМ) пунктте және алыс жетекті радиомаркерлік (бұдан әрі – АЖРМ) пунктте жердегі өлшемдердің деректері бойынша, экипаждардың жеткізілімдері бойынша, бұлттың төменгі шегі биіктігінің және ұшақтардың экипажы белгілеген аспаптық және көрінудің мәні арасында күрт айырмашылық болған жағдайда, ұшақтарды өз әуеайлағына қондырудың метеорологиялық жағдайын жүйелі түрде нақтылайды – ҰЖ және КП метеоқызметіне баяндайды;

      4) сағат сайын, ал күрделі метеорологиялық жағдайда, ауа райы минимумы және тұрақсыз метеорологиялық жағдай кезінде ұшу кезінде – 30 минуттан кейін (ал қажет болған кезде 15 минуттан кейін) ҰЖ қосалқы әуеайлақтардағы және ұшу ауданы бойынша нақты ауа райы туралы деректерді баяндайды. Талдаудан кейін метеорологиялық ахуалдағы ықтимал өзгерістер туралы, сондай-ақ АТБ бойынша ұсыныстарды баяндайды;

      5) КП метеоқызметінен және басқа ведомстволардың метеорологиялық органдарынан түскен дауыл туралы хабардар ету мен ескертуді алған кезде ҰЖ дереу баяндайды;

      6) ҰЖ АӘБ және АРБ туралы деректі жинақтайды және баяндайды.";

      65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Атмосфералық процесті талдау ауа райы элементтері мен құбылысының кейінгі барысы ұшу кезеңінде көзделген болжамнан өзгеше болатынын көрсеткен жағдайда метеобөлімше бастығы (кезекші инженер-синоптик) ауа райының нақтыланған болжамын әзірлейді, оны КП метеоқызметімен келіседі, ҰЖ-ға жаңа ауа райы бюллетенін жазып береді және тапсырады.";

      67-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұшуға ауа райы болжамын және ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын бағалауды ҰЖ бастапқы журналға жазады. Алынған баға мен белгіленген кемшіліктер туралы метеобөлімше бастығы (кезекші инженер-синоптик) КП метеоқызметіне баяндайды.";

      71-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) полигондағы ҰЖ-ға, КП метеоқызметіне және метеобөлімшеге нақты метеорологиялық жағдай туралы деректі, полигон ауданындағы АТБ туралы болжамды өзгерістер мен ұсыныстарды баяндайды;";

      73 және 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Іздеу-құтқару жұмысын орындау үшін ұшып шығатын ӘК экипажына қажетті метеорологиялық ақпаратты КП метеоқызметі, метеоқызмет ҰЖ-ның немесе іздеу-құтқару жұмысына басшылық жасайтын басқа да лауазымды адамның сұрау салуы бойынша қысқа мерзімде ұсынады.

      74. КП метеоқызметі, метеорологиялық қызмет ұшуды іздеу-құтқаруды қамтамасыз етуге тартылған іздеу-құтқару қызметінің бастығын белгіленген нысандағы метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кезекші ауысым барлық іздеу-құтқару операциясы ішінде іздеу-құтқару қызметінің бастығымен байланысты ұстайды.";

      78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Іздеу-құтқару жұмысын, операция жүргізуге ықпал ету мақсатында КП метеоқызметі, метеорологиялық қызмет сұрау салу бойынша:

      1) іздеу аймағындағы ағымдағы және болжамды метеорологиялық жағдай туралы толық ақпаратты;

      2) ұшу маршруттары бойынша, оның ішінде іздеу жүргізілетін әуеайлақтан алыстаған кезде және оған қайтып келген кезде іздеуші ӘК орындайтын ұшу маршруттары бойынша ағымдағы және болжамды метеорологиялық жағдай туралы ақпаратты;

      3) авариялық жағдайға байланысты қажетті кез келген басқа ақпаратты ұсынады.

      79. Іздеу және құтқару үйлестіру орталығының сұрау салуы бойынша КП метеоқызметі осы әуеайлақтың жауапкершілік ауданына кіретін акваторияда іздеу-құтқару операцияларын орындайтын суүсті кемелерін қажетті метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды).";

      81 және 82-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. АО-ға немесе инцидентке байланысты КП метеоқызметі, метеорологиялық қызметтің сұрау салуы бойынша:

      1) консультациядан өту кезінде ұшқыш құрамының мүшелеріне берілген немесе оларға ұшу құжаттамасы ретінде көрсетілген ұшу құжаттамасы жиынтығының көшірмесін;

      2) ӘҚБ орталығының сұрау салуы бойынша бастапқы хабарлау үшін оқиға болған сәтте метеорологиялық жағдайды сипаттайтын ақпаратты ұсынады.

      82. КП метеоқызметі, метеоқызмет АО-ны немесе инцидентті тергеп-тексеру жөніндегі комиссия талап ететін барлық метеорологиялық құжаттың, мәліметтің және басқа да құжаттаманың (баспа нысанда немесе компьютерлік файл түрінде) күнтізбелік 30 күн ішінде сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. КП метеоқызметінде және метеобөлімшелерде белгіленген жұмыс ауқымын орындау процесінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұшу (ақпараттық-болжамды), жұмыс, есепке алу, пайдалану және техникалық құжаттама жүргізіледі. Барлық құжат бір түсті сиямен анық және ұқыпты толтырылады. Құжаттамада жергілікті уақыт көрсетіледі.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Әскери бөлімнің шегінен тыс шықпайтын метеорологиялық құжаттарда осы әскери бөлімнің күн тәртібі белгіленген жергілікті уақыт көрсетіледі. Әскери бөлімнің шегінен тыс шығатын құжаттар мен хабарламаларда Астана уақыты, ал Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде – дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) көрсетіледі.";

      109-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Әуеайлақта метеорологиялық бақылау сағат сайын жүргізіледі, кемінде 10 минут бұрын басталады және дәл бақылау мерзімінде атмосфералық қысымның мәнін есептеумен аяқталады (әр сағаттың 00 минутында) және ӘК-нің ұшып көтерілуі және қонуы кезінде ресми дерек болып табылады, сұрау салу бойынша КП метеоқызметіне беріледі.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Метеорологиялық бақылау тәулік бойы режимде жүргізілмейтін әуеайлақтарда нақты ауа райының тұрақты мәліметтері ұшу кезеңінде ғана жүргізіледі және КП метеоқызметінің нұсқауына сәйкес және ӘҚБ және ұшуды жүргізу орталықтары қоятын талаптарды ескере отырып, әуеайлақта ұшу басталғанға дейін 2 сағат бұрын беріледі (шығарылады).";

      116 және 117-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Бақылаудың жоғары сапасына қол жеткізу үшін КП метеоқызметі метеорологиялық бөлімшенің:

      1) осы Қағидалардың ережелерін;

      2) метеорологиялық басқару органымен келісу бойынша КП метеоқызметі бекіткен әдістемелік материалдарды;

      3) метеорологиялық ақпаратты көрсету аспаптары мен құралдарының дұрыс жұмыс істеуін сақтауын қамтамасыз етеді.

      117. КП метеоқызметі және басқару органы бақылау сапасын, метеорологиялық ақпаратты көрсету аспаптары мен құралдарының дұрыс жұмыс істеуі мен пайдаланылуын, техникалық құралдарды дұрыс орнату мен резервке қоюды бақылау үшін тікелей бағыныстағы метеобөлімшелерді тексеруді ұйымдастырады.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Биіктікте желді аспаптық тәсілмен айқындау мүмкін болмаған кезде 10 киллометр радиуста орналасқан аэрологиялық станциялардан, ӘК борттарынан алынған жел туралы немесе әуеайлақтық шеңбер биіктігінде желдің болжамдық деректері ұсынылады.";

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Әуеайлақта ағымдағы ауа райына бақылау жүргізіледі және метеорологиялық параметрлердің деректері беріледі. Ағымдағы ауа райының мынадай құбылыстары көрсетіледі: жаңбыр, сіркіреме, қар және мұзданатын жауын-шашын (олардың қарқындылығын қоса алғанда), буалдыр, мұнар, тұман, мұзданатын тұман және найзағай (әуеайлақ маңындағы найзағайды қоса алғанда).";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Жергілікті тұрақты мәліметтерде, жергілікті арнайы мәліметтерде тиісті өлшемшарттардың қабылданған символдарын (шартты белгілерін) пайдаланып, ағымдағы ауа райы құбылыстарының төменде келтірілген түрлері көрсетіледі:

      1) жауын-шашын (түрін нақтылаусыз), егер бұл ретте болжанатын ауа температурасы 0 С жақын болса (- 2 С-ден + 2 С-ге дейін);

      2) сіркіреме, жаңбыр, қар, қар түйіршігі, мұз қиыршығы;

      3) алмаз шаң деп аталатын мұз кристалдары (өте ұсақ), өлшенген күйдегі мұз кристалдары (осы құбылысқа байланысты 5000 м немесе одан аз көріну кезінде хабарланады);

      4) бұршақ туралы ең ірі бұршақтың диаметрі 5 мм немесе одан көп болған кезде хабарланады;

      5) ең ірі бұршақтың диаметрі 5 миллиметрден аз болған кезде ұсақ бұршақ және/немесе қар қиыршығы.

      Көрінуді нашарлататын құбылыстар:

      тұман – (жер деңгейінен төмен 2 м (6 футтан) аз сипаттамаларымен бірлесіп пайдалану жағдайын қоспағанда, көріну 1000 м кем болған кезде хабарланады), әуеайлақтың орнын жабатын тұман тізбектері, ішінара (әуеайлақтың көп бөлігін тұман басқан, ал қалған бөлігінде тұман болмаған кезде пайдаланылады) немесе маңайда;

      мұнар – көріну 1000 м және одан көп, бірақ 8000 м аспайтын болған кезде хабарланады;

      құм, шаң (құрсаулы), буалдыр, түтін, жанартау күлі;

      құмды құйын (шаңды құйын), қара дауыл, құйғыш тәрізді бұлт (қарақұйын), құмды боран (шаңды боран).";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Мұздану, шайқалу және қарқынды электрлендіру қабаттың шекарасын көрсетумен болжанады, олар күтілетін жерде:

      1) __метр қабатындағы бұлтта (__ метр биіктіктен);

      2) бұлт астында;

      3) жауын-шашында.

      Көктайғақ қарқындылығына қарамастан болжанады.

      Деректер болған кезде ауа райының барлық құбылыстарының күтілетін қарқындылығы көрсетіледі: әлсіз, қалыпты, күшті.";

      184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "184. Әуеайлақтан 100 км радиуста ошақтар болған кезде олардың жағдайы туралы ақпарат КП метеоқызметіне хабарланады. Көрсетілген ақпаратқа мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) ошақтың сипаты;

      2) ТКТ-ға қатысты ошақ орталығының орналасқан жері (азимут және қашықтығы);

      3) сегіз румбадағы бағыты және ошақтың км/сағ орнын ауыстыру жылдамдығы.";

      190-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Метеобөлімшелердегі радиолокациялық бақылау нәтижесі осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан (АВ-9) бойынша ауа райын радиолокациялық барлау бюллетеніне жазылады және белгіленген мерзімде КП метеоқызметіне және сұрау салу бойынша беріледі.";

      204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "204. ӘК бортынан АТБ-ны жүргізу КП метеоқызметінің, кезекші инженер-синоптиктің сұрау салуы бойынша жүргізіледі.";

      205-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "205. ҰЖ және ӘК командирі ұшуда радиобайланыс арналары арқылы берген АӘБ және АТБ деректері дереу КП метеоқызметіне беріледі.";

      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208. Әуеайлақ бойынша болжамды метеобөлімше КП метеоқызметімен келісу бойынша жасайды.";

      212 және 213-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "212. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша КП метеоқызметінде әзірленген ауа райы болжамы басқару пункттеріне, мемлекеттік авиацияның басқару органдарына, метеобөлімшеге жеткізіледі.

      213. КП метеоқызметінің ауа райы болжамы метеобөлімшелердің болжамды әзірлеуі үшін негіз болып табылады.";

      216-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "216. Бір тәулікке арналған қысқа мерзімді ауа райы болжамы және оларға нақтылау ұшудың жоспарланғанына немесе жоспарланбағанына қарамастан, бөлімдердің орналасу аумағы бойынша әзірленеді.

      Ауа райы болжамы күн сайын КП метеоқызметте сағат 16.00-ге қарай, ал әскери бөлімдерде сағат 17.00-ге қарай ағымдағы күннің 18.00-ден бастап келесі күннің 18.00-ге дейінгі кезеңге (Астана уақыты бойынша), бөлек түнге (сағат 18.00-ден 6.00-ге дейін) және күнге (сағат 6.00-ден 18.00-ге дейін) әзірленеді.

      Келесі күнгі сағат 6.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңге арналған ауа райы болжамы Астана уақытымен сағат 5.30-ға қарай КП метеоқызметте нақтыланады.

      Метеобөлімшелерде әр 6 сағат сайын, 00 сағаттан бастап әскери бөлімнің орналасқан ауданы бойынша ауа райының жедел болжамы әзірленеді.

      Ауа райы болжамына нақтылау атмосфералық процесті кейінгі талдау ауа райы жағдайы бұрын күтілгеннен ерекшеленетінін көрсеткен барлық жағдайда әзірленеді.";

      219 және 220-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "219. Ауа райы болжамының мәтіндері:

      1) (АВ-6) нысандағы ауа райы күнделігіне (тәулікке арналған ауа райы болжамы және оған нақтылау);

      2) ауа райы бюллетеніне (ұшу маршруты немесе ауданы бойынша және қону пунктіндегі ауа райы болжамы);

      3) КП метеоқызметінде және метеобөлімшелерде (ұзақ мерзімді ауа райы болжамы, 6 сағатқа және ұшу маршруттары бойынша болжам) жүргізілетін жұмыс журналдарына жазылады.

      220. Тәулікке ауа райы болжамын күтілетін ауа-райының жай-күйін анықтайтын синоптикалық жағдайдың қысқаша сипаттамасымен жасалады.";

      222-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "222. КП метеоқызметі және метеобөлімше мыналар үшін арналған ауа райы болжамын әзірлейді:

      1) әуеайлақтық және маршруттық ұшуды қамтамасыз ету;

      2) радиациялық және химиялық жағдайды бағалау;

      3) ПӘК ұшуын қамтамасыз ету;

      4) ғарыш объектілері мен олардың экипаждарын ұшыруды, іздестіруді және эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      5) арнайы тапсырмаларды қамтамасыз ету.";

      223-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) КП метеоқызметінен және басқа да метеобөлімшелерден алынған болжам мен консультация;";

      224-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жердегі және ұшу биіктігіндегі күтілетін метеорологиялық элементтер мен құбылыстардың сипаттамасын қамтитын ПӘК маршруты бойынша ұшып көтерілу (қону) мен ұшуды қамтамасыз етуге арналған болжамдар;";

      228-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы КП метеоқызметінде алдын ала 7 тәулік бұрын сұратылады.";

      230-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Метеобөлімше бастығы КП метеоқызметінің бастығына және мемлекеттік авиацияның басқару органы метеобөлімшесінің бастығына метеобөлімше үшін және әрбір инженер-синоптик бойынша бөлек ауа райы болжамының және дауыл туралы ескертудің ақталуы туралы бір жылғы қорытынды деректерді ұсынады.";

      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "231. Күрделі метеорологиялық жағдай кезінде жасалған барлық ақталмаған, сондай-ақ ауа райының анағұрлым сәтті болжамы мен дауыл туралы ескерту КП метеоқызметінің және метеобөлімшенің жеке құрамымен мұқият зерделенуге және талдауға жатады.";

      237 және 238-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Төмен биіктікте ұшу үшін болжам сағат 06:00-ден бастап әр 6 сағат сайын жасалады, бұл ретте олардың қолданылу кезеңі 6 сағатты құрайды, КП метеоқызметімен олардың қолданылу кезеңі басталғанға дейін 1 сағат бұрын келісіледі.

      238. Дауыл туралы хабардар етуді ҚР мемлекеттік авиациясының командирлеріне, штабтарына, КП кезекші есептоптарына және ӘҚБ орталықтарына, басшылық және ұшқыш құрамына, сондай-ақ КП метеоқызметіне және метеобөлімшелерге уақтылы жеткізу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авиациялық техниканы, әуеайлақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды АҚҚ әсерінен сақтау бойынша шараларды уақтылы қабылдау мақсатында ұйымдастырылады.";

      240-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "240. Дауыл туралы хабардар етуді және ескертуді КП метеоқызметінің бастығы ұйымдастырады және ауысым бастығы – аға инженер-синоптик және метеобөлімше бастықтары (инженер-синоптиктер) жүзеге асырады.";

      245, 246 және 247-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Метеобөлімше бастықтары КП метеоқызметінің бастығына жыл сайын оқу кезеңінің соңына қарай (немесе бөлімдердің жаңа орналасу орнына келуі бойынша) "Қазаэронавигация" РМК-ның метеорологиялық станцияларын және "Қазгидромет" РМК-ның гидрометеорологиялық станцияларын және мемлекеттік авиациясы бар басқа да ведомстволарды дауыл туралы хабардар етуге тартуға өтінімдерді ұсынады.

      246. КП метеоқызметінің бастығы әуеайлақтардың дауыл туралы хабардар етудауыл туралы хабардар етуге өтінімдерді жинақтайды және авиаметеорологиялық және гидрометеорологиялық станциялары бар мемлекеттік органдармен шарттардың жобасын дайындайды. Шарттар жасалғаннан кейін метеоорталықтың бастығы бөлімдер метеобөлімшелерінің бастықтарына әрбір әуеайлаққа дауыл туралы хабардар етудауыл туралы хабардар етуге қандай станциялар және қай уақыттан бастап тартылғанын хабарлайды.

      247. КП метеоқызметі бастығынан алған хабардар етуге тартылатын авиаметеорологиялық және гидрометеорологиялық станциялар тізбесі негізінде метеобөлімшенің бастығы әуеайлаққа дауыл туралы хабардар ету схемасын әзірлейді.

      Авиациялық бөлімге дауыл туралы хабардар ету схемасы осы Қағидаларға 30-қосымшаға сәйкес ірі масштабты географиялық картада жасалады:

      1) дауыл туралы хабардар етуге тартылған авиаметеорологиялық (гидрометеорологиялық) станциялардың атауы және орналасқан жері;

      2) әрбір станцияға дейінгі қашықтық, км;

      3) хабарламасы бар жеделхаттарды өткізудің бақылау мерзімі;

      4) станциялардың теңіз деңгейінен биіктігі;

      5) ҰҚЖ бағыты, сондай-ақ әуеайлақ минимумы;

      6) осы әуеайлақта байқалатын АҚҚ және ААҚҚ туралы хабардар ету берілуге тиіс метеобөлімшелердің мекенжайы.

      Ұшудың болуына байланысты баяндау нысаны мен кезектілігі көрсетілген дауыл туралы хабардар ету баяндалатын бөлімнің лауазымды адамдарының тізбесі осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес дауыл туралы хабардар ету схемасында айқындалған.

      Бөлімдердің бірлесіп орналастыру әуеайлақтарында дауыл туралы хабардар етудің бірыңғай схемасы жасалады.

      Схема жыл сайын жаңартылады, КП метеоқызметі бастығымен келісіледі, метеобөлімшенің бастығы қол қояды және бөлім штабының бастығы бекітеді.";

      250-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) АҚҚ-ның басталу (күшею, бәсеңдеу, аяқталу) уақыты Астана уақыты бойынша төрт цифрмен көрсетіледі: алғашқы екі цифр сағатты, ал соңғы екеуі – минутты білдіреді;";

      251-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер бір АҚҚ туралы хабарлама берілгеннен кейін басқасы басталса, онда екінші АҚҚ туралы дереу хабарлама беріледі. Бұл ретте бұрын басталған АҚҚ-ның сақталуы (тоқтауы) туралы мәліметтер көрсетіледі.";

      257 және 258-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "257. ААҚҚ туралы хабарлау дауыл туралы хабардар ету үшін белгіленген барлық мекенжайға беріледі (баяндалады), ал аномалиялық метеорологиялық, гидрологиялық және басқа да геофизикалық құбылыс туралы бөлім қолбасшылығына, КП есептобына баяндалады және КП метеоқызметіне дауыл туралы хабардар ету ретінде беріледі.

      258. Байқалатын ААҚҚ мен аномалиялық метеорологиялық, геофизикалық құбылыс туралы дауыл туралы хабардар ету метеобөлімше жеке құрамының бақылауы, сондай-ақ гидрометеорологиялық станциялардан, бекеттерден, техникалық құрал есептоптарынан және басқа да көзден алынған хабарламалар негізінде беріледі. Соңғы жағдайда ақпарат алынған көз көрсетіледі.";

      259-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "259. ААҚҚ, аномалиялық метеорологиялық, гидрологиялық және басқа да геофизикалық құбылыс аяқталған бойынша метеобөлімше күнтізбелік бес күн ішінде КП метеоқызметінің бастығына жеткізілім береді.";

      261-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "261. Метеобөлімше жердегі авиациялық техникаға, оның ішінде тұрақ орындарындағы ӘК-ге, әуеайлақ жабдығына, техникалық құралдарға және ұшуды қамтамасыз ету қызметтеріне қолайсыз әсер ететін метеорологиялық жағдай мен АҚҚ туындауы немесе қарқынының өзгеруі туралы әуеайлақ бойынша ескертуді ресімдейді.";

      263-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "КП метеоқызметінің бастығы орналастыру әуеайлақтарының дауыл туралы ескертудің жалпы схемасын жасайды, оған қол қояды және мемлекеттік авиацияның басқару органы штабының бастығында бекітеді.";

      265 және 266-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "265. КП метеоқызметте әзірленген дауыл туралы ескерту мемлекеттік авиацияның басқару органы КП жедел кезекшісіне, метеобөлімшеге, ӘҚБ орталықтарына дауыл туралы ескерту схемасына сәйкес беріледі (баяндалады).

      266. Мемлекеттік авиация басқару органының метеобөлімшесі ішінде дауыл туралы ескертумен алмасу тәсілін КП метеоқызмет бастығы белгілейді.";

      270, 271 және 272-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "270. КП метеоқызметте дауыл туралы ескерту АҚҚ басталғанға дейін алдын ала кемінде 1 сағат бұрын мемлекеттік авиация басқару органының КП жедел кезекшісіне, барлық лауазымды адамдарға қолын қойғызумен тапсырылады және ауа райы болжамына сұрау салу келіп түскен метеобөлімшелерге барлық сұрау салу кезеңі ішінде беріледі. Дауыл туралы ескертуді тапсыру (баяндау) уақыты және оны қабылдаған лауазымды адамның тегі дауыл туралы ескерту бланкісіне жазылады.

      271. Байланыс арналары бойынша дауыл туралы хабардар ету және АҚҚ туралы ескерту деректері бар жеделхаттарды уақтылы беру үшін жауаптылық оларға белгіленген шұғылдық дәрежесіне сәйкес дабыл туралы ескертуді жасаған лауазымды адам орындайды.

      272. АҚҚ болжамы уақтылы берілмеген жағдайда әскери бөлімнің кезекші инженер-синоптигі АҚҚ-ның туындауы туралы (уақытын, күтілетін қарқындылығын және ұзақтығын көрсете отырып) ҰЖ, бөлім командиріне, КП жедел кезекшісіне, ауысым бастығы – КП метеоқызметтің аға инженер-синоптигіне, ҰҚШК, кезекші авиадиспетчерге дереу ауызша баяндайды, одан кейін ауызша баяндау уақыты көрсетілген арнайы бланкіде дауыл туралы ескерту жазады және аталған адамдарға тапсырады.";

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. КП метеоқызметтен алынған дауыл туралы ескерту бөлім штабының бастығы бекіткен дауыл туралы хабардар ету және ескерту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес осы метеобөлімшенің кезекші инженер-синоптигі АҚҚ-ның туындауын болжағанына немесе болжамағанына қарамастан, барлық лауазымды адамдарға баяндалады.";

      276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "276. Желдің ауысуы туралы ескертуді және хабарламаны КП метеоқызметі және мемлекеттік авиацияның метеобөлімшесі дайындайды.";

      278-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "278. Желдің ауысуы туралы хабардар ету және ескерту қонуға беттеу немесе ұшып көтерілу траекториясына немесе ҰҚЖ деңгейі мен осы деңгейден 500 метр (1600 фут) арасындағы шектерде шеңбер бойынша қонуға беттеу кезінде ӘК-ге немесе қонып жүріп өтуден немесе ұшып көтерілу кезінде жүріп өту уақытында ҰҚЖ-дағы ӘК-ге қолайсыз әсер ететін немесе күтілетін желдің ауысуы туралы қысқаша ақпаратты қамтиды. ҰҚЖ деңгейінен 500 метр (1600 фут) астам биіктікте желдің айтарлықтай ауысуын туындататын жергілікті топографиялық жағдай кезінде 500 метр (1600 фут) биіктік шекті болып саналмайды.";

      287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "287. Желдің ауысуы және оның қарқындылығы туралы ескертуді дайындау үшін немесе бұрын ресімделген дауылды ескертуді растау үшін ӘК бортынан хабарламаны пайдалану кезінде осы ӘК түрін қоса алғанда, ӘК бортынан тиісті хабарлама ҰЖ-ға, бөлім командиріне, ұшқыш құрамына және КП метеоқызметіне баяндалады.";

      300-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "300. Метеорологиялық жабдықтың құрамына кіретін барлық МТҚ және өлшем құралдары "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.";

      317-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "317. КП метеоқызметі бақылаудың қажетті деректерін жинауды және сақтауды ұйымдастырады және:

      1) барлық негізгі және қосалқы әуеайлақтар үшін әуеайлақтық климаттық кесте дайындау;

      2) мемлекеттік авиацияның басқару органдарына сұрау салу бойынша әуеайлақтардың, метеожағдайдың климаттық сипаттамаларын беруге міндетті.";

      319-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "319. Әуеайлақтың авиациялық климаттық сипаттамасы 5 жылдан аз емес кезең ішінде жүргізілген бақылауға негізделеді.

      КП метеоқызметі және метеобөлімшелер:

      1) бақылаудың қажетті деректерін жинауды және сақтауды ұйымдастырады;

      2) өз әуеайлағы үшін әуеайлақтық климаттық кестелерді дайындайды;

      3) бөлім командиріне және ұшқыш құрамына уақыт кезеңі ішінде әуеайлақтық климаттық кестелерді ұсынады.

      Әуеайлақтық климаттық кестеде мыналар көрсетіледі:

      орташа шама мен ауытқу, оның ішінде ең жоғары және ең төменгі шама, метеорологиялық элементтер;

      әуеайлақ ауданында ұшуды орындауға әсер ететін ағымдағы ауа райы құбылысының туындау жиілігі;

      бір элементтің немесе екі немесе одан да көп элементтің белгілі бір мәнімен үйлесімділігінің пайда болу жиілігі.";

      321-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "321. КП метеоқызметі мемлекеттік авиация мүддесінде метеорологияны пайдаланумен байланысты басқару органдарына зерттеу, техникалық тексеру немесе пайдалану талдауы үшін қажетті метеорологиялық бақылау деректерін ұсынады.";

      осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кезекші инженер-синоптикке ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын және олардың қауіпсіздігін, метеобөлімшеден шығатын барлық метеорологиялық ақпараттың уақтылығын сақтау, нақты жағдайда берілген (қосымша) тапсырма кезінде белгіленген жұмыс көлемінің нақты орындалуы және күтілетін метеожағдайдың сәйкестігін сапалы болжай білуді, кезекші есептоптың белгіленген тәртіпті қатаң сақтайды.";

      осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 8-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) КП метеоқызметіне: ауа райын әуеде барлау және ұшу кезеңінде әзірленген дауыл туралы ескертуді, ауа райы болжамын және оларға енгізілген барлық нақтылауды; ауа райын радиолокациялық және әуеде барлау деректерін; нақты және күтілетін метеожағдайдың жоспарланған ұшу тапсырмалары мен ауа райының минимумына сәйкестігі туралы; метеоқызмет техникалық құралдарының көмегімен өлшенген бұлттың төменгі шекарасы биіктігінің және көріну мәніндегі және ұшу экипажы белгілеген басқа да мәселелерді;";

      осы Қағидаларға 1-1-қосымшаның 9-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) белгіленген жұмыс көлеміне және кезекші инженер-синоптиктің қосымша нұсқауына сәйкес метеорологиялық ақпаратты (ауа райы карталарын, дауыл туралы ескертуді, ауа райы болжамын, жедел-болжамдық ақпаратты қабылдау) КП метеоқызметінен жалпы пайдаланылатын желінің абоненттік пунктінен қабылдайды;";

      осы Қағидаларға 29-қосымшаның 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. КП метеоқызметінен, сондай-ақ басқа да метеорологиялық бөлімшелерден алынған дауыл туралы ескерту осы метеорологиялық бөлімшенің кезекші инженер-синоптигі өз әуеайлағында (әуеайлақ, ұшу, полигон, қону алаңы, корабль ауданында) қауіпті метеорологиялық құбылыстардың (немесе элементтердің) туындауын осы метеорологиялық бөлімшенің кезекші инженер-синоптигінің күтуіне немесе күтпеуіне қарамастан, авиациялық бөлім командиріне, ұшу жетекшісіне, командалық пункт жедел кезекшісіне, әуе қозғалысын басқару орталығының ауысым бастығына, ӘК-ні қабылдау және шығару бойынша кезекшіге, кезекші экипаждардың үлкеніне, кезекші авиадиспетчерге (қай жағдайда екені көрсетіледі) баяндалады.

      Баяндау уақытын және берілген ұсынымдарды кезекші инженер-синоптик жұмыс журналына жазады және КП метеоқызметіне баяндайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады