Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2024 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 8С-18/3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі-Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 63 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34900 болып тіркелген), "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және аголөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы | А.Әлжанов |