2024 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 8С-18/3 шешімі.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі-Премьер-Министрі орынбасарының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 63 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34900 болып тіркелген), "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және аголөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын және мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 21.10.2024 № 8С-35/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. 2024 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне:

      1) жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Ч.Канафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады