Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 13-63 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысыА. Сабировке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы М. Амиргалиев

  Жамбыл ауданының мәслихатының 2024 жылғы "05" қаңтардағы № 13-63 шешіміне қосымша

Жамбыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жамбыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2015 жылғы 09 қазандағы № 52-41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3512 тіркелген, 2015 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. "Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" 2011 жылғы 17 ақпандағы № 49-224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-7-117 тіркелген, 2011 жылдың 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. "2010 жылға арналған жер салығының базалық ставкаларын нақтылау туралы" 2010 жылғы 05 наурыздағы № 35-152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-7-92 тіркелген, 2010 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. "Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкаларын 2010 жылға белгілеу туралы" 2010 жылғы 05 наурыздағы № 35-153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-7-93 тіркелген, 2010 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады