Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкаларын 2010 жылға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 5 наурыздағы N 35-153 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда N 2-7-93 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 13-63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 05.01.2024 № 13-63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодекс) 422 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 13 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Сессия төрағасы

Бапиева Р.

Мәслихат хатшысы

Қазиев Б.


  Жамбыл аудандық мәслихатының
"Кәсіпкерлік қызметтің тіркелген
салық ставкаларын белгілеу туралы"
2010 жылғы 5 наурыздағы № 35-153
шешіміне 1 қосымша

2010 жылға арналған тіркелген салық ставкалары

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1,625

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3,12

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1,625

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

8,7


      Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалары бір салық объектісіне белгіленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады