Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 2 шешімі. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімінің 07.10.2024 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Іле ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 09 сәуірдегі кезектен тыс жедел отырысының №4 хаттамасы негізінде, аудан әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысы Іле ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары А. Құрманғалиев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2024 жылдың 04 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Қарасаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады