"Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 758 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 8 қарашадағы № 14-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрыққа 2-қосымша:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:

      "

12.

Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер:
өнім берушінің деректемелері;
алушының деректемелері;
жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері;
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер, оның ішінде, тауардың атауы, шығарылған жерінің белгісі, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды, өлшем бірлігі, саны, бағасы, құны, акциз, қосымша құн салығы, кедендік декларацияға сілтеме (импорт кезінде), айналым жасалған күн.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың көшірмелерінің электрондық түрде қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі мен Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ М.Т. Такиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
_______ Ә.А. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады