БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің көрсетілітін қызметтер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Қенесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" Республикалық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер | |||||||||
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | А05 | Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру |
1) оқу-материалдық базаны нығайтуға; | "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы-аппарат басшысының 2024 жылғы 10 қазандағы № 1-9/43 өкімі. |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | А06 | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | А07 | Түрлі іс-шаралар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорттық жарыстар өткізуді уйымдастыру | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | А08 | Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен өткізу | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 5 | 107 | 002 | 100 | А09 | Ғылыми зерттеулер жүргізу | Сол сияқты | Сол сияқты |
";
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы көрсететін қызметтер" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы көрсететін қызметтер | |||||||||
РБ | 04 | 6 | 502 | 018 | 000 | 057 | Қосымша білім беру бағдарламаларын, оның ішінде шетелдіктер үшін әзірлеу, іске асыру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, қабылдау емтиханына дайындау) |
1) зерттеулер жүргізу үшін шығыс материалдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; | "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17918 болып тіркелді). |
РБ | 04 | 6 | 502 | 018 | 000 | 058 | Ғылыми зерттеулер және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 502 | 018 | 000 | 059 | Оқу-әдістемелік, баспа және полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 502 | 018 | 000 | А28 | Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары талаптарынан тыс жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде ақылы негізде өзге азаматтық жоғары білім беру мекемелері докторанттарының пререквизиттер мен постреквизиттерді тапсыруы, диссертация қорғауы, сондай-ақ шетелдіктер үшін | Сол сияқты | Сол сияқты |
РБ | 04 | 6 | 502 | 018 | 000 | А29 | Көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, курстардың, тренингтердің, дөңгелек үстелдердің және өзге де іс-шаралардың материалдарын өткізу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды (оның ішінде онлайн өткізуді) ұйымдастыру, өткізу немесе осындай шараларға дәрісші ретінде қатысу жатады | Сол сияқты | Сол сияқты |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
М. Такиев |