"ST-SERVICE KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 4742 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ST-SERVICE KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төменде көрсетілген:

      1) Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданында орналасқан инженерлік желілерді орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0857 га;

      2) Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданында орналасқан инженерлік желілерді орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0516 га;

      3) Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданында орналасқан инженерлік желілерді орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0751 га;

      4) Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданында орналасқан инженерлік желілерді орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0548 га;

      5) Шымкент қаласы, Ақжайық шағын ауданында орналасқан инженерлік желілерді орнату мен пайдалану үшін жалпы алаңы 0,0105 га жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2029 жылдың 27 тамызына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "ST-SERVICE KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2024-2025 жылдарға арналған сервитут құны 5896 (бес мың сегіз жүз тоқсан алты), 3550 (үш мың бес жүз елу), 5167 (бес мың бір жүз алпыс жеті), 3763 ( үш мың жеті жүз алпыс үш) және 722 (жеті жүз жиырма екі) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      3. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады