Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2021 жылғы 5 сәуірдегі облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бестерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі Бестерек ауылының "Мир" көшесі "Ережепбек Малгельдинов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бестерек ауылдық округінің әкімі | Д. Саганаев |