"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 05/01 қаулысына қосымша |
Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары
№ | Газ тұтыну сипаттамасы (тауарлық газ) | Өлшем бірлігі | Газ тұтыну нормасы |
1 | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде | 1 адамға айына текше метр | 9,1 |
2 | Газ плитасы және суды газбен ысытқыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде) | 1 адамға айына текше метр | 22,2 |
3 | Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және суды газбен ысытқыш болмаған кезде | 1 адамға айына текше метр | 13,3 |
4 | Жеке жылу беруге | 1 шаршы метр ауданға айына текше метр | 8,4 |
Ескертпе: Тауарлық газын тұтыну нормалары "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес есептелген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген).