"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 14 қаңтардағы № 1 хаттамасы негізінде, Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қаласы Гурбы көшесіндегі № 80 үйде адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін авариялық жағдайдың туындау қаупі ықтималдығына байланысты объектіде объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Т.А.Айтжанов тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ш.Әубәкір |