Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 110 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 136 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 08.08.2024 № 136 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Құрмансейітов

  Ұлытау аудандық мәслихатының
XIV сессиясының
2024 жылғы 5 наурыздағы
№ 110
шешіміне 1 қосымша

Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны (теңге)

Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер

Айына бір тұрғыннан

217

Жылдық тариф бір бірлігіне (көлем)

1 м3

1066


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады