Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ұлытау аудандық мәслихатының "Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2024 жылғы 05 наурыздағы №110 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194120 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | А.Құрмансейітов |
Ұлытау аудандық мәслихатының ХХ сессиясының 2024 жылғы 08 тамыздағы №136 шешіміне 1 қосымша |
Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ұлытау ауданына қарасты ауылдық округтер және кенттер (Ұлытау, Алғабас, Борсеңгір, Егінді, Жаңкелді, Аманкелді, Шеңбер, Қоскөл, Мибұлақ, Қаракеңгір, Сарысу, Терісаққан ауылдық округтері және Ақтас, Қарсақпай кенттері ) бойынша
Атауы | Өлшем бірлігі | Қосылған құн салықсыз, теңге | Қосылған құн салығымен, теңге |
Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері | 1-нші тұрғыннан айына | 137 | 153 |
Бірліктің жылдық тарифі (көлемі) 1м3 | 1 м3 | 673 | 754 |
Жезді кенті бойынша
Атауы | Өлшем бірлігі | Қосылған құн салықсыз, теңге | Қосылған құн салығымен, теңге |
Абаттандырылған және абаттандырылмаған үй иелері | 1-нші тұрғыннан айына | 217 | 243 |
Бірліктің жылдық тарифі (көлемі) 1м3 | 1 м3 | 1066 | 1194 |