Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 200/НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      ____________ аты-жөні

      2024 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 4 сәуірдегі
№ 200/НҚ бұйрығына
қосымша

Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі жүзеге асыратын жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасында радиожиілік спектрді перспективалық пайдаланудың жоспарын әзірлеу.

      2. Сәйкестендіру кодтарының деректер базасында жеке және заңды тұлғалардың абоненттік құрылғыларының телефон нөмірлерін тіркеу туралы мәліметтерді иә/жоқ форматында ұсыну.

      3. Абоненттік нөмірдің ұялы байланыс операторларына тиістілігі туралы мәліметтерді ұсыну.

      4. Байланыс сапасының жағдайы бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады