"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі:

      14-тармақ алынып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

00101012

Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу үшін әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді кезекке қою


Қорғанысмині

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

20-1.

00101012 -1.

Әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауға жіберу


Қорғанысмині

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 35-1 және 35-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

35-1.

00102006-1.

Мұнаймен ластанудан келтірілген залал үшін сақтандыру немесе азаматтық жауапкершілікті өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру


МТ


35-2.

00102006-2.

Суға батқан кемелерді алып тастағаны үшін сақтандыру немесе өзге де азаматтық жауапкершілікті қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру


МТ


      ";

      мынадай мазмұндағы 36-1, 36-2 және 36-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "

36-1.

00201001-1.

Тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы (болмауы) туралы ақпарат беру


ІІМ


36-2.

00201001-2.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен кездесуге рұқсат беру


ІІМ


36-3.

00201001-3.

Сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша ауыстыру


ІІМ


      ";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40.

00201005

Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есебін жүргізу


ІІМ

"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 119-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

119-1.

00203004
-1.

Шетелдіктерге елшілік үшін анықтама беру


ІІМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 136-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

136-1.

00203009
-
1.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен зейнеткерлерге автобус желілері бойынша жол жүруге рұқсат беру


ІІМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 137-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

137-1.

00203010 -
1.

Жеке сәйкестендіру нөмірін беру туралы куәліктің телнұсқасын беру


ІІМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 149-1 және 149-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

149-1.

00401003-1.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен кездесуге рұқсат беру


ІІМ


149-2.

00401003-2.

Сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша ауыстыру


ІІМ


      ";

      164-тармақ мынадай мазмұндағы 164-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

164.

00402014.

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша шешім беру

Еңбекмині


164-1.

00402014-1.

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру

Еңбекмині

      ";

      165-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 221-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

221-1.

00501009-1

Транзиттік нөмірлерді беру, тапсырыс нөмірлерін беру


ІІМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 224-1 және 224-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

224-1.

00501010-1

Автокөлікті тіркеу ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну


ІІМ


224-2.

00501010-2.

Автокөлік құралдарының болуы туралы ақпарат беру


ІІМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 324-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

324-1.

00602023-1

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу


 
ДСМ


      ";

      379-тармақ алынып тасталсын;

      381-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

381.

00703011

Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару


Еңбекмині

"Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелді.

      ";

      382-тармақ алынып тасталсын;

      385-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

385.

00703015

Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау


Еңбекмині

"Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32881 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 415-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

415-1.

00704008-1

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу


Еңбекмині


      ";

      431, 432 және 434-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 437-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

437-1.

00801003-1

Жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда әскери кафедраға оқуға түсу үшін өтініштер қабылдау


Қорғанысмині


      ";

      488-491-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

488.

00901001

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік тіркеу
туралы өтініш

Әділетмині

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді.

489.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу

Әділетмині

490.

Коммерциялық емес заңды тұлғаларды (саяси партияларды, діни бірлестіктерді, олардың филиалдары мен өклдіктерін) тіркеу

Әділетмині

491.

Олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Әділетмині

      ";

      498 және 499-тармақтар алынып тасталсын;

      530-531 тармақтар мынадай мазмұндағы 531-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

530.

00903014

Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру

Биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттыққа лицензия алу

БҚДА

"Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22497 болып тіркелді.

531.

Стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттыққа лицензия алу

БҚДА

531-1.

Лицензияны қайта ресімдеу

БҚДА

      ";

      557-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

557-1.

00906009

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру


ӨҚМ


      ";

      561-564-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

561.

0110102

Халықаралқ автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігін беру

КМ

"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелді.

5629.

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру күәлігінің күшін жою

КМ

563.

Автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру

КМ

564.

Автокөлік құралына рұқсат карточкасының күшін жою

КМ

      ";

      590-тармақ мынадай мазмұндағы 590-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

590.

0102004

Жеңіл және аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

Жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

КМ

"Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелді.

590-1.

Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

КМ

      ";

      мынадай мазмұндағы 696-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

696-1.

01204015-1

Ресурстық тексеруді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу


ЭГТРМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 765-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

765-1.

01301008

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру


АШМ

"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелді.

      ";

      796-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

796.

01302005

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына және импортына рұқсат беру


АШМ

"Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелді.

      ";

      807-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

807.

01401001

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру


ЭМ

"Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 816-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

816-1

01403002-1

Сауда саласындағы тауарлардың нысаналы мақсатын растау


СИМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 1108-1 және 1108-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

1108-1.

01901024-1.

Тауарды (химиялық заттарды) есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар санатына жатқызу бойынша қорытынды беру


ІІМ


1108-2.

01901024-1.

Уәкілетті органдар мен заңды тұлғалардың есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі мен қамтамасыз ету нормативіне өтінімі


ІІМ


      ";

      1184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1184.

02303002

Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру


МАМ

"Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелді.

      ";

      1185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1185.

02303003

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру


МАМ

"Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелді.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Казақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      765-1-тармақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады