Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 сәуірде № 22497 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 6 бұйрығымен
бекітілген

"Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 6) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірледі және тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру тәртібін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызметтің, сондай-ақ мемлекеттік органдарға-ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпараттың функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      5-1) көліктік қолтаңба – WSSECURITY ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      6) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) Портал арқылы көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе ЭҮТШ арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Көрсетілетін қызметті берушіге жібереді:

      Лицензия алу үшін:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін өтініш;

      2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19342 болып тіркелген) бекітілген Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.

      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш;

      2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;

      3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде қолжетімді құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер Қағидаларға 3 қосымшада баяндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖ) бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту жолданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ақпараттық жүйенің істен шығуы кезінде Көрсетілетін қызметті беруші техникалық іркілістердің туындауын анықтаған сәттен бастап электрондық пошта арқылы sd@nitec.kz бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпарат міндетті түрде ұсыныла отырып, Көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес сәйкестендіру нөмірін қоса бере отырып, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса беріп "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын дереу хабардар етеді.

      7. Мемлекеттік қызметті беруден бас тарту үшін негіздер:

      1) лицензиялық алым енгізілмеген;

      2) Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      уәкілетті орган және білім беру сапасын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда – 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себептерін көрсете отырып, хабарлайды.

      Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, ол туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кімге ____________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен ________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын

      _______________________________________________________________________

      (Қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауын көрсету) қағаз жеткізгіште __ (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою) заңды тұлғаның мекенжайы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________

      Телефондары ______________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі))

      Қоса беріліп отыр _ парақ.

      Басшы ____________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: "___" _________ 20__ жыл

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______ "___" ________ 20 __ жыл

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кімге___________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы) кімнен ________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын) №__________ бастап "___" _________ 20___ берілген жылдың) ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      жүзеге асыруға ______________________________________________________

      (қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің(түрлерінің) толық атауы) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х түрінде көрсетіңіз)):

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиатты қайта ұйымдастыру жолымен (тиісті ұяшықта Х түрінде көрсетіңіз)):

      біріктіру _______ қайта құру _______ қосылу _______ бөліп шығару _______ бөлу _______

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _______

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______

      4) Егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиаттың "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны объектімен бірге үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруы" _______

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту _______

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы _______

      7) Қызмет түрі атауының өзгеруі _______

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _______ қағаз _______ (Х белгісін қою керек егер қажет лицензияны қағаз тасығышта)

      Заңды тұлғаның мекен-жайы _________________________________________

      __________________________________________________________________

      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________

      телефондар _______________________________________________________

      Факс _____________________________________________________________

      Банктік шот _______________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі))

      Қоса беріліп отыр _ _ _ _ _ парақ.

      Басшы ____________ __________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: "___" __________ 20__ жыл

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 07.09.2022 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері

Өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына Лицензия (қызметтің кіші түрінің атауы), қайта ресімделген лицензия (қызметтің кіші түрінің атауы) не осы Тізбеде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ЕЛ МДҚ АЖ бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер және тәртіппен жүзеге асырылады.
Алым ставкалары:
лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
қайта рәсімдеу үшін – лицензия беру үшін мөлшерлеменің 10%.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында: www.azrk@gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер деген бөлімде орналастырылған."

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға лицензия алу үшін Көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің № 31 бұйрығымен бекітілген тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтердің электрондық нысаны.
Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға лицензияны қайта ресімдеу үшін Көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы:
1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу үшін өтініш;
2) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер;
3) алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесін жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) лицензиялық алым енгізілмеген;
2) Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты Порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімде орналастырылған;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" ЕЛ МДҚ АЖ бірыңғай көлік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан



  "Тауар биржалары қызметімен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады