"Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 645-НҚ бұйрығы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Бұйрыққа қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: "Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі туралы мәліметтер"

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № МТ -1

      Кезеңділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20___ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейін 1 желтоқсанға дейін (қоса алғанда)

ЖСН/БСН




      Жинау әдісі: электронды түрде

Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі туралы мәліметтер

Облыстардың, қаланың атауы

Атауы өзгерген елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерінің жалпы саны

Жалпы халық саны
(адам)

Тиісті аумақ халқының көпшілік тыңдауларына қатысушылар саны
(адам)

Ономастикалық объектілерге атау беру, қайта атауды қолдаған тиісті аумақ халқының саны
(адам)

Ономастикалық объектілерге атау беру, қайта атауды қолдамаған тиісті аумақ халқының саны
(адам)

Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі
%

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Облыс (қала)

-

-

-

-

-

-

      Атауы _____________________________

      Мекенжайы ___________________________

      Телефоны _____________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________

      Орындаушы ___________________________________ қолы_______

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________ қолы________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Ономастикалық атауларды
ретке келтірудегі ашықтық
қағидаттарын сақтау үлесі
туралы мәліметтерді" жинауға
арналған нысанға қосымша

"Ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі" (индексі: 1-МТ, кезеңділігі – жыл сайын) әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі

      2-бағанда қала немесе облыстардың атауы, әкiмшiлiк-аумақтық объектілер жiктеуiшi бойынша облыс, қала коды көрсетіледі

      3-бағанда өзгертілген атаулардың жалпы саны көрсетіледі

      4-бағанда жалпы халық саны көрсетіледі

      5-бағанда көпшілік тыңдауларға қатысқан тиісті аумақтағы халықтың (адамдардың) саны көрсетіледі

      6-бағанда ономастикалық объектілерге атау беру, қайта атауды қолдаған тиісті аумақтағы халықтың (адамдардың) саны көрсетіледі

      7-бағанда ономастикалық объектілерге атау беру, қайта атауды қолдамаған тиісті аумақтағы халықтың (адамдардың) саны көрсетіледі

      8-бағанда ашықтық қағидаттарын сақтау пайызы шығарылып (формула бойынша) көрсетіледі

      Есептеу формуласы (өлшем бірлігі: "% – пайыз"):



      A – ономастикалық атауларды ретке келтірудегі ашықтық қағидаттарын сақтау үлесі;

      X – жиналысқа қатысқан тұрғындар саны (жергілікті атқарушы орган ақпараты);

      V – елді мекен және олардың құрамдас бөліктерінің тұрғындарының жалпы саны (жергілікті атқарушы орган ақпараты).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады