Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы, "Новостройка" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 27 қаулысы және Қазалы ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы №182 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабының 2-тармағына, "Әкімшілік –аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы, Қазалы қаласының "Новостройка" көшесі "Күлтегін" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен шешім және қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М.Шермағанбет
      Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Ғ.Әліш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады