Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығы.

       "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 540 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Н. Нұржігітов

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің
2024 жылғы 16 шілдедегі
№ 115-НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитет, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттілігі

      13. Міндеті – мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау.

      14. Комитет:

      1) Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсуге;

      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Комитеттің міндеттілігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға, оның ішінде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;

      мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;

      2) осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақытылы және сапалы орындауға міндетті.

      15. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздік өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      3) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

      4) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді;

      5) ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      6) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініш нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсат нысанын әзірлейді;

      7) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындауға қатысады;

      8) су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін айқындайды;

      9) су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылысжайларды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу тәртібін әзірлейді;

      10) аумақтық суларда жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарды өндіру қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      11) суларды бастапқы есепке алу қағидаларын әзірлейді;

      12) су ресурстарын және су шаруашылығы баланстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндік схемаларын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындауға қатысады;

      13) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      14) суларды мемлекеттік есепке алуды және оларды пайдалануды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды, суларды және оларды пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      15) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      16) су объектілерін және ауызсумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін бекітеді;

      17) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады;

      18) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      20) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын әзірлейді;

      21) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлеуге қатысады;

      22) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады;

      23) бөгеттердің қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;

      24) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттауды жүргізеді;

      25) бөгеттерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      26) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      27) гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтарды көп факторлы тексеруді орындау қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      28) су объектілерін және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды, олардың кешендері мен коммуникацияларын) жобалауды, салуды және орналастыруды, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелерін су қорғау учаскелерін аймақтар мен белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялауды (кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық қайта жарақтандыруды, қайта бейіндеуді) келіседі;

      29) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;

      30) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      31) реттелетін салада республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерді басқаруды жүзеге асырады;

      32) реттелетін саладағы республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      33) мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      34) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитет төрағасының қызметті ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі, өкілеттігі

      16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      2) Министрлікке Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;

      3) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Министрлікке аумақтық бөлімшелердің басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

      6) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шегінде Комитетте және оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және комитетте, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде дербес жауапты болады;

      8) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметке және мемлекеттік сатып алуды жүргізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      9) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      10) еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалар құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, комитет қызметкерлерінің іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      11) іссапарға жіберу (шетелге іссапарды қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, аумақтық бөлімшелердің басшыларына үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;

      12) іссапарға жіберу, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларына тәртіптік жаза қолданады;

      13) Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының болмаған уақытына оның міндеттерін уақытша атқаруды Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      14) Комитеттің құрылымдық бөлімшелердің ережелерін, сондай-ақ қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

      15) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      16) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;

      17) аумақтық бөлімшелер актілерінің күшін жояды немесе олардың қолданылуын толық немесе бір бөлігінде тоқтата тұрады;

      18) Комитетті мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

      19) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Комитетті қайта құру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады