Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 187, № 188, № 189, № 190 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2024 жылғы 21 мамырдағы | |
№ 790 қаулысына | |
қосымша |
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, Герасимов көшесі, 19, 20, 21 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,01281 гектар, телефон (кабель) канализациясының құбыр желісін жүргізу және пайдалану үшін;
2) Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,00166 гектар, телефон (кабель) канализациясының құбыр желісін жүргізу және пайдалану үшін;
3) Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданы, 39/2, 39/3, 39/4 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,03049 гектар, телефон (кабель) канализациясының құбыр желісін жүргізу және пайдалану үшін;
4) Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 50 мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,00229 гектар, телефон (кабель) канализациясының құбыр желісін жүргізу және пайдалану үшін.