Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 80 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген), Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Амангелді аудандық мәслихаты төрағасының уақытша міндетін атқарушы Н. Алмагамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Амангелді ауданы әкімдігінің

      тұрғын үй коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушылар

      көлiгі, автомобиль жолдары

      және тұрғын үй инспекциясы

      бөлiмi" коммуналдық

      мемлекеттiк мекемесiнің

      басшысы

      ___________ Р.М. Қайырбеков

      "28" ақпан 2024 жыл

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 28 ақпандағы
  № 80 шешіміне
  қосымша

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ 2024-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны

     


Терминдер және анықтамалар

      Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

      Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

      Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

      1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

      2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

      Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

      Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

      Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

      Қалдықтарды көму полигондары - қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

      Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

      Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

      Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

      Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

      Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

Бағдарлама паспорты

Атауы

Қостанай облысы Амангелді ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы

Әзірлеуге арналған негіздеме

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. 2021 жылдың 2-қаңтарындағы № 400-VI ҚРЗ
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 ж. № 154б бұйрығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

"Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ

Бағдарлама мақсаты

Бағдарлама мақсаты коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру, сонымен қатар коммуналдық қалдықтарды басқару барысында экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бағдарлама міндеттері

Бағдарлама міндеттері:
1. Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру;
2. Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі;
3. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту;
4. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету;
5. Коммуналдық қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу бойынша тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің және басқа да заңды тұлғалардың хабардарлығын жоғарылату.

Қаржыландыру көлемі

*Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ұсынылатын іс-шараларды Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарына қосу жоспарлануда.
Қаржыландыру көздері бойынша қажетті шығындар мен басқа да шығыс сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.

Бағдарламаны орындаушылар

Амангелді ауданының әкімдігі, Амангелді ауданының мәслихаты, ауыл және ауылдық окргутердің әкімдіктері, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, сұрыптаумен және көмумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері.

Кезең

5 жыл: 2024 – 2028 жж.

Кіріспе

      Қазақстан Республикасының қалдықтарды басқару саласындағы саясаты ҚР "жасыл" экономикаға (2013) өту жөніндегі тұжырымдамасымен және "Жасыл Қазақстан" (2021) ұлттық жобасымен анықталады.

      Стратегиялық құжаттар бөлек жинауды ендіру, қоқыстарды шығаруды толық қамту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесін жоғарылату және соған сәйкес полигондарға көмілетін қалдықтардың көлемін төмендету қажеттілігін бекітеді.

      Экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуды жақсарту мақсатында Қостанай облысының Арқалық қаласының Амангелді және Жангелдин аудандарында 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамытудың кешенді жоспары әзірленіп бекітілген. Жоспарда Амангелді ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және бекіту қажеттілігі және осы бағдарламаға сәйкес жұмыстарды жүргізу қарастырылған. Осы жоспарға сәйкес, Амангелді ауданына арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама (ары қарай – бағдарлама) әзірленеді.

      Бағдарлама ұлттық стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттардың басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 бабына сәйкес (ары қарай ҚР ЭК) және ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстарын (18.05.2023 № 154 бұйрығы) негізге алып әзірленді.

      Бағдарламаны әзірлеу барысында Амангелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдық жай-күйіне талдау жүргізілді, мәселелер анықталып, экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Амангелді ауданының аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жүйесін құруға бағытталған шаралар кешені әзірленді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру Амангелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, соның ішінде қалдықтарды басқару бойынша қажетті инфрақұрылым (контейнерлер, контейнерлік алаңдар, қоқыс шығаратын машиналар) құрылады, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесі жаңғыртылады, қалдықтарды бөлек жинау ендіріледі, көмуге бағытталған қалдықтардың көлемі азайтылатын болады, коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму үшін шаралар қабылданады, қалдықтардың жеке полигондарына рекультивация жүргізіледі, қалдықтарды бөлек жинау бойынша тұрғындардың хабардарлығы жоғарылайтын болады.

      Осылайша, Бағдарламаны жүзеге асыру Амангелді ауданындағы қоршаған ортаға қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге, жалпы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық көрсеткіштері қол жеткізуге, жағдай жасайды.

Аудан туралы жалпы мәліметтер

      Амангелді ауданы Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан, 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 22,6 мың шаршы километр. Амангелді ауданы Арқалық қаласымен және төрт ауданмен Наурызым, Жангелді (Қостанай облысы), Жарқайың (Ақмола облысы) Ұлытау (Ұлытау облысы) аудандарымен шектеседі.

      Амангелді ауданының құрамына 10 ауылдық округ, 30 тұрғын пункттер кіреді.

      1-кесте - Амангелді ауданындағы ауылдар мен ауылдық округтердің тізімі

Атауы

Тұрғын пункттер

1

Амангелді ауылдық округі

Амангелді ауылы, Есір ауылы, Кемер ауылы, Ақкісі ауылы, Қоғаылкөл ауылы,

2

Ақсай ауылдық округі

Ақсай ауылы

3

Амантоғай ауылдық округі

Амантоғай ауылы, Жалдама ауылы, Шақпақ ауылы, Қарақұдық ауылы

4

Байғабыл ауылдық округі

Байғабыл ауылы, Жетібай ауылы, Жаңатұрмыс ауылы

5

Қабырға ауылдық округі

Қабырға ауылы, Жаңатай ауылы

6

Қарасу ауылдық округі

Қарасу ауылы, Ағайдар ауылы, А. Сыздықов ауылы, Есенбаев ауылы

7

Құмкешу ауылдық округі

Құмкешу ауылы, Айтбай ауылы

8

Үрпек ауылдық округі

Үрпек ауылы, Ағаштыкөл ауылы, Қосжан ауылы, Қарашатөбе ауылы

9

Үштоғай ауылдық округі

Үштоғай ауылы, Степняк ауылы

10

Тасты ауылдық округі

Тасты ауылы, Қарынсалды ауылы, Горняк ауылы

      2023 жылдың 1-қаңтарындағы Ұлттық статистика бюросының (ары қарай ҰСБ) мәліметтеріне сәйкес Амангелді ауданының халқы 13452 адамды құрады.

      Ауданның жер қорының басым бөлігін ауылшаруашылығына жарамды жерлер құрайды (97%). Аудан ауыл шаруашылығына, яғни мал шаруашылығымен өсімдік шаруашылығына мамандандырылған.

      Өнеркәсіптік сектордан өңдеуші өнеркәсіп, жылуды өндіру және жылу мен суды бөлуге бағытталған.

1. Амангелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдық жағдайын талдау

1.1 Коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесінің ағымдық жай-күйін бағалау

      Тұрғындарды коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен қамту

      Амангелді ауданының 30 тұрғын пунктінен қалдықтарды жинау және шығарумен тек Амангелді ауылының аудандық орталығының тұрғындары ғана ішінара қамтылған. Амангелді ауылында бес үйден тұратын жайлы жабдықталған секторда қалдықтарды жинау және шығару ұйымдастырылған. Қалдықтар үй жанында орнатылған контейнерлік алаңдарға жиналады. 4 контейнерлік алаң бар. Осы алаңдардан қоқыстар айына 2 рет шығарылады. Тұрғындар қоқысты шығарғанға төлем төлемейді. Қоқыстарды шығарумен "АКЫШЕВ" ДК айналысады, олар қоқыс шығаруды ауылды санитарлық тазалау бойынша қызмет шеңберінде жүзеге асырады.

      Амангелді ауылының және Амангелді ауданының басқа да тұрғын пункттеріндегі жеке секторларда коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың ұйымдастырылған жүйесі жоқ. Тұрғындар ТҚҚ өз учаскелерінде жинайды, тағам қалдықтарымен үй жануарларын қоректендіреді, ағаш, қағаз, картондар үй пештерінде жағылады. Жинақталған қоқыстарды тұрғындар жылына бір рет өз бетінше қоқыс көмілетін орындарға шығарады. Қоқыстарды шығару үшін тұрғындар ауылдағы әртүрлі тасымалдаушыларды жалдау арқылы шығарады, төлем ақысы 5000 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі аралықта.

      Амангелді ауылында барлығы 17 контейнер бар, оның ішінде 15 металл контейнерлері, олар, мектеп, балабақша және аурухана аумағында орналасқан, 1 контейнер ҚСБ қалдықтарға арналған, ал саябақта орналасқан 2 торлы контейнерлер пластикке арналған. Торға ауылдық әкімдік қызмет көрсетеді. Тордан жинақталған пластик көмуге жіберіледі.

      Заңды тұлғалардан және мемлекеттік мекемелерден қалдықтарды шығарумен мемлекеттік сатып алу шеңберінде "Акышев" ДК айналысады.

      Осы бағдарлама шеңберінде ҚР стратегиялық құжаттарында көрсетілген тұрғындарды 100%-ға дейін қамтуды біртіндеп арттырумен, ҚР ЭК 365 бабына сәйкес коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды қамтамасыз ету керек.

      Тасымалдау

      Амангелді ауылында коммуналдық қалдықтарды тасымалдау үшін "Акышев" ДК-де 1 "Камаз" көлігі мен 1 трактор бар.

      ТҚҚ бөлек жинау

      Амангелді ауданында қалдықтарды бөлек жинау жүйесі ендірілмеген және контейнерлер мен екінші шикізатты қабылдау пункттері жоқ.

      Құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтар

      Амангелді ауылында ҚСБ қалдықтарға арналған 1 ғана контейнер бар.

      Қалған ауылдық тұрғын пункттерде құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды, атап айтқанда жеке тұлғаларда түзілетін құрамында сынабы бар шамдарды (ҚСБ), электрондық және электрлік қалдықтарды (ЭЭЖҚ), медициналық қалдықтарды жинау жүйесі жоқ. Қауіпті қалдықтардың барлық түрлері жалпы ағынмен бірге, қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, үйінділерге түседі.

      2022 жылы Қостанай қаласындағы "EcoLub Republic" ЖШС-мен 402,5 мың теңге сомада қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін келісім-шарт жасалды. Амангелді ауылында ҚСБ қалдықтарға арналған 1 ғана контейнер бар.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары

      ТКШ берген ақпараттарға сәйкес бүгінде Амангелді ауданының аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру шеңберінде өтеусіз негізде тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қоқыстарын жинау және шығару бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұрғындарда да өз бетінше ірі көлемді қалдықтарды және құрылыс қалдықтарын полигондарға шығарады. ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы ұйвмдастырылған орындар жоқ.

      Сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қуаттылықтың бар болуы

      Амангелді ауданында қоқыс сұрыптайтын желілер жоқ. Тұрғындардан жиналатын барлық коммуналдық қалдықтар бөлек жинаусыз және сұрыптаусыз ТҚҚ полигондарына шығарылады.

      МЭС сәйкес Амангелді ауданының ТҚҚ полигондарында қалдықтарды қабылдау барысында қолмен сұрыптау алдын-ала қарастырылған, бірақ шын мәнінде бұл сұрыптау жүргізілмейді.

      Амангелді ауылында жалғыз ғана күл-қож қалдықтары жеке жинақталып, қайта өңдеуге жіберіледі. Қайта өңдеумен "Акышев" ДК айналысады, олар күлді-блокты іргетастар мен кірпіштер дайындайды. Оның қуаттылығы күніне 12 тонна (8 сағатқа). 2024 жылы оның қуаттылығын екі есеге арттыру жоғарылатуда.

      Қалдықтарды көму орындары

      Амангелді ауданы бойынша 11 ТҚҚ полигоны бар, олар 10 ауылдық округтерде орналасқан. Полигондарға тұрғындар мен кәсіпорындардан ТҚҚ, көмірмен жұмыс істейтін электрқондырғылардан бөлінген қождың күлді бөліктері, мал шаруашылығы қалдықтары (көң) шығарылады.

      Полигондарға арналған жер учаскесінің жалпы ауданы 46,5 га құрайды. Полигондарды пайдалануды "Акышев" ДК жүзеге асырады. Полигонның жобалық қуаттылығы 31 155 тоннаны құрайды. Ауылдық полигондарды пайдалану 2017 жылдан басталды, пайдалану мерзімі 10 жыл. Полигонға 2027 жылға дейін эмиссияға, орналастыруға шешімдер алынған.

      1-сурет. Амангелді ауданындағы қолданыстағы ТҚҚ полигондары

     


      Амангелді ауданындағы ТҚҚ полигондар аумақтың үлкен бөлігін алып жатыр және әртүрлі ауылдық округтерде орналасқан, ал орналасқан орындарының әралуандылығы қалдықтарды басқарудың бейімделген стратегиясының қажеттілігін көрсетеді. Бірақ, қазіргі уақытта стратегиялық мақсаттардың бірі полигондардың санын азайту болып табылады.

      2-кестеде Амангелді ауданы бойынша полигондарға көмілген қалдықтардың көлемі бойынша мәліметтер ұсынылған.

      2-кесте – 2022 жылдың аяғындағы Амангелді ауданы бойынша көмілген қалдық көлемі


2022 жылдың басындағы жинақталған және көмілген қалдықтардың көлемі, тонна

2022 ж көмуге келіп түскен қалдықтардың (сақталған) көлемі, тонна

2022 ж аяғындағы жинақталған, көмілген (сақталған) қалдықтардың көлемі, тонна

Полигонның жобалық қуаттылығы, тонна

Полигонда жинақталу көрсеткіші, %

Полигон ауданы, км2

Амангелді ауданы

30 529

520

31 049

31 155

99,66

0,10

      * "2022 жылдағы Қостанай облысындағы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау туралы" Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау бойынша агенттіктің ұлттық статистика бюросы. Шығарылған күні: 04.05.2023 ж.

      ҰСБ мәліметтеріне сәйкес, Амангелді ауданында ТҚҚ полигондары полигонның қуаттылық жобасынан толуы бойынша – 99,66% құрайды. Бірақ Амангелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мәліметіне сүйенсек, аудан орталығындағы Амангелді ауылындағы ең ірі қоқыс полигонының ғана толтырылу көрсеткіші іс жүзінде 50-55% құрап отыр.

      Полигондарды пайдалану мерзімі және толуы 2027 жылға дейін болжанып отыр, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қалдықтарды орналастыру орындарының санын қысқарту жөніндегі стратегиялық міндеттеріне байланысты Амангельды ауданының полигондарының санын қайта қарау қажет. Аудан бойынша полигондардың санын қысқарту және жаңа қуаттылығы төмен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу мүмкіндігін талдау, қайта қарастыру қажет.

      Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы

      Амангелді ауданы бойынша ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.

      Қазақстанның ауылдық тұрғын пункттеріндегі ТҚҚ құрамына жүйелік зерттеулер жүргізілмеген. Ірі қалаларға арналған ғылыми ұйымдар мен қауымдастықтардың жүргізген әртүрлі талдаулары мен жергілікті зерттеулері бар.

      Осындай зерттеулерге сәйкес, көптеген қалаларда коммуналдық қалдықтардың құрамындағы негізгі фракциялар: биоыдырайтындар 37-38% (тағамдық) қалдықтар, 16-17% пластик қалдықтары, 11-12% қағаз және картон қалдықтары және т.б.

      Ауылдық аудандардағы қалдықтардың морфологиялық құрамы қалалық жердегі қалдықтардан өзгешеленеді.

      Ауылдық тұрғындардың тіршілігі барысында қалдықтардың әртүрлі түрлері түзіледі (пластик, қалайы ыдыстар, қағаз, картон, шыны, тамақ қалдықтары және т.б.). Дегенмен, олардың көлемі мен құрамы өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, орталық газбен жылыту іске қосылған ауылдық тұрғын жерлерде қалдықтарды бөлек жинау қарастырылмаған, сұрыптау жоқ, барлық қалдықтар қолданыстағы полигондарға жіберіледі. Қатты отын пайдаланылатын тұрғылықты жерлерде қалдықтардың бірқатар түрлерін тұрғындардың өздері кәдеге жаратады (тұрмыстық пештерде жағылады, жануарларға жем-қор ретінде беріледі). Үй жағдайында кәдеге жаратылмайтын қалдықтар (қалайы ыдыс, шыны) ғана шығарылады. Бұл факторлар ауылдық жерлерде қалдықтардың түзілу көлемі мен құрамына ықпал етеді.

      Сонымен қатар, Амангелді ауданындағы ТҚҚ полигонына бақылау болмағандықтан, көң де осы полигондарға тасталынады, ал бұл экологиялық және санитарлық жағдайды қиындатады.

      ТҚҚ қайта өңдеу салаларын тиімді дамыту және технологияларды ендіру үшін ауылдық тұрғылықты жерлерде ТҚҚ құрамына жүйелік зерттеулерді жүргізу қажет.

1.2 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы, ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері бойынша нормативтік база

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу, жинақталу нормалары және тарифтер

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары Амангелді ауданының мәслихатымен бекітілген (Қостанай облысы Амангелді ауданының мәслихат шешімі, 2022 жыл, 222 сәуір, № 113).

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары 3-кестеде келтірілген.

      3-кесте - Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандары

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталуының жылдық нормасы, м3

1.

Жайлы жабдықталған үй иелерінен

1 тұрғынға

0,65

2.

Жабдықталмаған үйлер

1 тұрынға

0,70

      Құжатқа сәйкес, коммуналдық қалдықтардың жинақталуының жылдық нормасы жайлы жабдықталған және жабдықталмаған үйлердегі бір тұрғынға 0,65 м3 (бір адамға 130 кг жуық).

      Тарифтер

      Амангелді ауданының мәслихатымен тұрғындарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтер бекітілген (Қостанай облысы Амангелді ауданының мәслихатының шешімі, 2022 жыл, 31 тамыз № 130). Тарифтер 4-кестеде келтірілген.

      4-кесте - Амангелді ауданы бойынша тұрғындарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз, теңге)

Жайлы жабдықталған үй

Айына 1 тұрғынға

77,00

Жабдықталмаған үйлер

83,00

Бірлікке шаққандағы жылдық тариф (көлемі)

1 м3

1426,64

      Тарифтер бекітілгеніне қарамастан, тәжірибе жүзінде аудан тұрғындарының ешқайсысы ТҚҚ жинау және шығаруға төлем төлемейді, оның басты себебі ауданда қалдықтарды жинау мен шығарудың ұйымдастырылған жүйесі қалыптаспаған.

1.3 Соңғы үш жыл бойынша коммуналдық қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және көмудің сандық көрсеткіштері

      Жыл сайын Қостанай облысында 210-280 мың тонна ТҚҚ түзіледі. Қалдықтар ТҚҚ 239 полигонына жинақталады, оның ішінде тек 54% ғана экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келеді, ал полигондардың басым көпшілігі жеке меншік иелігінде (Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша). Бірақ облыстағы қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі бар-жоғы 18 пайызды құрайды.

      5-кесте – Амангелді ауданы бойынша соңғы 4 жылда (2020-2023) коммуналдық қалдықтардың (ТҚҚ) түзілу және қайта өңдеу көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар


2020

2021

2022

2023

1

ТҚҚ түзілу көлемі


1.3

Амангелді ауданы

тонна

1176

670

612

1423

2

ТҚҚ түзілу көлемінен кәдеге жаратылу және қайта үөңдеу үлесі

2.3

Амангелді ауданы**

тонна

13,5

48

32

500

      ** Амангелді ауданындағы ТКШ бөлімінің мәліметтері

      5-кестедегі мәліметтер көрсеткендей, Амангелді ауданындағы ТҚҚ түзілуінің жылдық көлемі шамамен 970 тоннаны құрайды.

      Аудандағы ТКШ бөлімінің мәліметтері бойынша Амангелді ауданындағы ТҚҚ қайта өңдеу үлесі 2023 жылға дейін 5-7% құраған. Соңғы жылдарда түзілген көлемнен қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 35%-ды құрады. Бұл ауданда күл-қож қалдықтарын қайта өңдеудің дамып жатқандығын көрсетеді.

1.4 Соңғы үш жылдағы бөлінген қаржыларды сипаттау және талдау

      6 - кесте - Амангелді ауданы бойынша қалдықтарды басқару мәселелеріне бөлінген қаржылар

Атауы

Нақты шығындар, теңге

2020

2021

2022

2023

Контейнерлерді, металл контейнерлерін, пластикке арналған торларды және т.б. сатып алу шығындары

-

970 000

-


ҚСБ қалдықтарды жинау және тасымалдау келісім-шарты



402 000


ҚОРЫТЫНДЫ

-

970 000

402 000


      Кестеден көріп отырғанымыздай, қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелерге бөлінге сома үлкен емес.

1.5 2024-2028 жылдарға коммуналдық қалдықтардың түзілу болжамы

      Кестеде соңғы 4 жылдағы ТҚҚ нақты түзілу мәліметтері және Амангелді ауданы бойынша 2028 жылға дейін қалдықтардың жоспарланған саны келтірілген.

      7-кесте – 2028 жылға дейін Амангелді ауданындағы тұрғындардан коммуналдық қалдықтардың түзілуін болжау

Атауы

Түзілген қалдықтардың нақты саны

ТҚҚ түзілуінің жоспарланған саны

Жылдар

2020

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

ТҚҚ түзілуі, тоннамен

1176

670

612

1412

1482

1556

1634

1716

1802

      ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайды. Есептеулер 2028 жылға дейін қалдық санын 5%-арттыру есебінен жүргізілген.

      ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін жоғарылату, тұрғындарды қамтуды арттыру бойынша стратегиялық құжаттарда бекітілген мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін бөлек жинау, уақытылы қалдықтарды шығару мен көмуді қоса алғанда сәйкес инфрақұрылымды ұйымдастыру қажет.

1.6 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағғы негізгі мәселелер және қорытындылар

      Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Амангелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтары, қауіптері мен мүмкіндіктері анықталды.

      Әлсіз тұстары:

      - Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығару жүйесі жоқ;

      - Қоқыс төгетін машиналарды, контейнерлерді және сұрыптау желілерін қоса алғанда, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауға, тасымалдауға арналған қажетті инфрақұрылымның болмауы;

      - ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, сонымен қатар медициналық қалдықтар секілді құрамында қауіпті компоненттері бар қалдықтарды жинау жүйесінің болмауы;

      - Қайта өңделген қалдықтардың төменгі үлесі;

      - Коммуналдық қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу туралы тұрғындардың ақпараттануының төменгі деңгейі;

      Күшті жақтары:

      - ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша ауданда мамандандырылған кәсіпорындардың бар болуы;

      - Қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу жүйесін дамытуға бизнестің қызығушылығы;

      - Күл-қож қалдықтарын қайта өңдеуді дамыту.

      Қатерлер:

      - Айналмалы экономикаға тартылатын құнды қайталама шикізаттардың жойылуы;

      - Парникті газдардың, соның ішінде метанның бөлінуімен полигондағы органикалық қалдықтардың ыдырауы;

      - Су, топырақ бетінің ластануы;

      - Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің жолға қойылған жүйесінің болмауынан қауіпті үйінділердің түзілуі;

      Мүмкіндіктер:

      - Қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеуге жергілікті бизнесті тарту және олардың қызығушылықтарын арттыру;

      - Қайталама шикізаттың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеуге арналған қондырғылардың кең ассортименттерінің, қазіргі технологиялардың бар болуы;

      - Шыны, пластик, органикалық қалдықтарды қайта өңдеу үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға және беруге, жер учаскелерін бөлуге ЖАО тарапынан бизнеске қолдау көрсету;

      - Көмуге түсетін қалдық үлесінің азаюы, алынатын қайталама шикізат көлемінің артуы;

      - Қоршаған ортаға теріс әсерлерді төмендету.

      Бағдарлама шеңберінде тұрғындардың қажеттіліктерін және ауданның ерекшелігін ескере отырып, экологиялық заңнама талаптарына сәйкес коммуналдық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз және ұтымды басқару жүйесін ұйымдастыру қажет.

2. Мақсаты, міндеттері және мақсаттық көрсеткіштер

2.1 Бағдарлама мақсаты және көрсеткіштері

      Бағдарлама мақсаты коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, сонымен қатар оларды басқару барысындағы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі.

      Бағдарлама міндеттері:

      1 Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру,

      2 Бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі;

      3 ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту;

      4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету;

      5 Коммуналдық қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу бойынша тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің және басқа да заңды тұлғалардың хабардарлығын жоғарылату.

2.2 Бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштері

      Бағдарламадағы қойылған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін мақсаттық көрсеткіштердің орындалуы қажет. Мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға өту тұжырымдасына", "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасына, ағымдық жағдайға жүргізілген талдауларға сәйкес әзірленген. Мақсаттық көрсеткіштер өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, қоқыстарды үнемі шығарумен тұрғындарды қамтуды жоғарылатуға, Амангелді ауданындағы қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу және көму жүйесін жетілдіруге бағытталған (8-кесте).

      8-кесте. Қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көму жүйесін жетілдіруге арналған мақсаттық көрсеткіштер

р\н

Мақсаттық көрсеткіштердің атауы


Мақсаттық көрсеткіштердің мәндері

Ағымдық жағдай
2022-2023

2024

2025

2027

2028

1

ТҚҚ жинау мен шығарумен тұрғындардың қамтылуы %

0

0

50

70

100

2

Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру:
- фракциялар бойынша, %
- қалдықтардың жеке қауіпті түрлері бойынша (медициналық және сынабы бар, электрондық және тұрмыстық) %

0
0

70
100

80
100

90
100

100
100

3

Амангелді ауданындағы ТҚҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі (түзілу көлемінен), %% *аудандағы ТКШ мәліметтері

*35

35

40

40

40

4

Экологиялық талаптарға сәйкес ТҚҚ полигондарын жабу және рекультивациялау (уақытша көму орындарын), бірл.

0

-

-

-

10

5

Экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа полигон құрылысы, бірлікпен

0

-

-

-

2

3. Қойылған мақсат және міндеттерге жету жолдары, негізгі бағыттар

3.1 Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру

      ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеег асыратын, тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау.

      ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, ТҚҚ жинау бойынша нарыққа қатысушыларды анықтау тікелей "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4-тарауына сәйкес конкурс (тендер) жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Нарық қатысушыларын анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу барысында ЖАО ҚР ЭК сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін және ТҚҚ жинайтын және шығаратын мамандандырылған ұйымдарға талаптарды бекіту қажет. Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша конкурсқа қатысушыларға келесідей төменгі талаптар бекітілген:

      ҚР ЭК 337-бабының талаптарына сәйкес, қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы;

      2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша 38110 "қауіпті емес қалдықтарды жинау", 38210 "Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою" жөніндегі сынып тармағының бар болуы;

      3) жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және/немесе жалға алынуы;

      4) жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;

      5) коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы және басқалары.

      ТҚҚ жинау және шығару бойынша қызмет сапасын жоғарылату үшін, бәсекелестік негізде коммуналдық қалдықтарды басқарудың ұзақ мерзімдік келісіміне отыру қажет. Ұзақ мерзімдік келісімдер ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілердің жеке қаржылық құралдарын өз компанияларын дамытуға салуына мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімдік келісімдерді орындау барысында алынған нәтижелерді талдау арқылы көрсетілген қызметтердің сапасын бағалауға болады. Келісім-шарт қорытындыларын 10 жылдан кем емес ішінде қарастыру маңызды болып саналады.

      Жеке тұлғалармен жариялық негізде келісім-шартқа отыру

      ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті уәкілетті органмен бекітілген тарифке сәйкес көрсетілген қызметтерге төлем төлеуге міндетті.

      Амангелді ауданында ТҚҚ жинауға және шығаруға жауапты компанияларды таңдағаннан кейін ауданның барлық тұрғындарын қамту үшін жариялық ұсыным келісімі тәжірибесін енгізу маңызды болып саналады. Жариялық ұсыным түріндегі келісім аудан әкімдігінің ресми сайтында және мамандандырылған компаниялардың веб-сайтында танысу үшін қолжетімді болады. Жариялық келісімдерді пайдалану ТҚҚ шығару бойынша қызметтерге төлемдерді төлеу және жинау көлемін жоғарылатады және тұрғындар үшін қолайлылықты қамтамасыз ету етеді. Осындай келісімдер негізінде төлем жинау жүзеге асырылатын болады.

      Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйым абоненттік бөліммен қамтамасыз етеді. Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің жедел мәселелерін шешу үшін тұтынушыларға қызмет көрсететін диспетчерлік қызмет жұмысымен де қамтамасыз етіледі.

3.2 Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі

      Ауылдық тұрғындарды коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығару қызметіне қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек:

      - коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу;

      - ТҚҚ бөлек жинау үшін контейнерлерді сатып алу (құрғақ және ылғалды фракциялар);

      - ТҚҚ жинауға арналған орындарды анықтау және контейнерлік алаңдардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру.

      - құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау.

      Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу

      365 бапқа сәйкес (5т) ЖАО коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      Коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерге тұрғындардың үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама шеңберінде бес мамандандырылған көлік құралдарын сатып алу қажет.

      Қазіргі уақытта Амангелді ауданында "Акышев" ДК-де бір ғана "камаз" көлігі мен тиеуші бар.

      Ауылдық округтерден коммуналдық қалдықтарды апта сайын шығару жоспарлануда. Мамандандырылған көліктердің қажет санының болмауы қалдықтарды шығару кестесінің орындалуын тежейді және тұрғындар үшін қолайсыздық тудыртады. Нәтижесінде рұқсат етілмеген апатты үйінділердің пайда болуына әкеліп соғады. Алынған көлік құралдары ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын конкурс (тендер) жүргізу арқылы таңдалған компанияның басқаруына беріледі.

      Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды шығарудың ұсынылған кестесі:

      - Амангелді ауылынан аптасына 2 рет шығару;

      - Ауылдық округтерден апта сайынғы шығару.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.

      Қоқыстарды шығару жиілігін орнату барысында коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемі, олардың морфологиялық құрамы, контейнерлерге жинау үшін (тікелей контейнерге жинау барысында) қолданылатын саны мен типі назарға алынады.

      Амангелді ауылында ТҚҚ шығару аптасын 2 рет жүзеге асырылады. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологилық талаптар" туралы санитарлық ережелердің 58-бабының талаптарын ескере отырып, қалдықтарды шығару күн сайын жүзеге асуы шарт және ондағы контейнердегі температура талаптары бойынша қалдықтарды 0о С және төмен – үш тәуліктен артық емес, плюстік температурада бір тәуліктен артық сақтамау керек.

      Ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынш ауылдық округтердегі үйлерді, көшелерді аралау жолымен, мысалы аптасына бір рет шығарылатын болады.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану – мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті атқарушы органмен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.

      Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.

      ТҚҚ арналған контейнерлерді сатып алу, бөлек жинауды ендіру (құрғақ және ылғалды фракциялар)

      Түзілу көздерінен қалдықтарды бөлек жинау экологиялық заңнаманың міндетті талаптарының бірі болып табылады. ҚР ЭК 321 бабына сәйкес бөлек жинау келесі фракциялар бойынша жүргізіледі:

      1) "құрғақ" (қағаз, картон, металл, пластика және шыны);

      2) "ылғалды" (немесе дымқыл) (тамақ қалдықтары, органикалық және басқалар).

      ҚР ЭГТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдар контейнерлік алаңдарда бөлек жинау үшін контейнерлердің (кем дегенде 2) қажетті санын орнатуды қамтамасыз ету керек және контейнерлер саны тұрғындар санымен, қалдықтардың жиналу санымен, оларды сақтау мерзімдері мен басқа да қажетті факторлармен анықталады.

      Бір тұрғынға түзілу нормасының (0,70 м3 немесе 140 кг/жылына) бекітілген орташа жылдық көрсеткіштеріне сәйкес 1м3 контейнерді пайдаланған жағдайдағы талап етілетін контейнер саны 9-кестеге сәйкес есептелуі мүмкін.

      9-кестеде аулада (үй алдында) түзілетін көлемі мен санының нормасына сәйкес - контейнерлердің алдын-ала саны көрсетілген.

      Бюджет анықталғаннан кейін, контейнерлерді сатып алу және қалдықтарды шығару кестесі бекітілген соң қоқыс шығаратын компания контейнерлердің толуын бақылау керек, қажет жағдайда контейнерлер санын толықтыру немесе шығару санын арттыру керек, себебі, Амангелді ауданында бекітілген түзілу нормасы төменгі дәрежеде.

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған әрбір контейнерлер қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:

      - Жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;

      - Контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);

      - Контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.

      Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.

      Одан басқа, мамандандырылған кәсіпорындар фракциялар бойынша жиналған қалдықтарды ары қарай қайта қалпына келтіру үшін бөлек шығаруды қамтамасыз ету қажет.

      9-кесте. Амангелді ауданындағы қалдықтардың түзілу нормалары (есептік жолмен) бойынша әрбір тұрғын пункттердегі контейнерлер санының алдын-ала есептік көрсеткіштері

Атауы

Тұрғындар

Аула саны

Түзілу нормасы

1 контейнерге үй саны

Түзілу, м3/г жылына

Ауладағы түзілу, м3/жылына

Ауладағы түзілу, м3/күніне

Бірнеше ауладағы түзілу, м3/күніне

Бірнеше ауладағы түзілу, м3/аптасына

Барлық контейнерлер

Ақсай а.

322

71

0,7

10

225,4

3,2

0,009

0,087

0,870

7

Амангелді а

6 747

1210


10

4722,9

3,9

0,011

0,107

0,962

121

Есір а

393

87



275,1

3,2

0,009

0,087

0,866

9

Ақкісі а

52

12



36,4

3,0

0,008

0,083

0,831

1

Кемер а

61

16



42,7

2,7

0,007

0,073

0,731

2

Қоғалыкөл

67

17



46,9

2,8

0,008

0,076

0,756

2

Амантоғай а

780

171



546,0

3,2

0,009

0,087

0,875

17

Жалдама а

312

67



218,4

3,3

0,009

0,089

0,893

7

Қарақұдық а

18

3



12,6

4,2

0,012

0,115

0,345

1

Шақпақ а.

30

7



21,0

3,0

0,008

0,082

0,575

1

Байғабыл а

701

116



490,7

4,2

0,012

0,116

0,927

15

Жаңатұрмыс а

6

1



4,2

4,2

0,012

0,115

0,115

1

Жетібай а

33

7



23,1

3,3

0,009

0,090

0,090

1

Қабырға а

276

35



193,2

5,5

0,015

0,151

0,907

6

Жаңатай а

50

8



35,0

4,4

0,012

0,120

0,959

1

Тасты а

346

109



242,2

2,2

0,006

0,061

0,548

12

Қарынсалды а

133

30



93,1

3,1

0,009

0,085

0,595

3

Горняк а

17

13



11,9

0,9

0,003

0,025

0,326

1

Карасу а

628

132



439,6

3,3

0,009

0,091

0,912

13

Әбу Сыздыков а

36

10



25,2

2,5

0,007

0,069

0,483

1

Ағайдар а

50

12



35,0

2,9

0,008

0,080

0,959

1

Есенбаев а

50

11



35,0

3,2

0,009

0,087

0,959

1

Құмкешу а

429

86



300,3

3,5

0,010

0,096

0,957

9

Айтбай а

51

8



35,7

4,5

0,012

0,122

0,978

1

Үрпек а

1 290

196



903,0

4,6

0,013

0,126

1,262

20

Ағаштыкөл а

94

27



65,8

2,4

0,007

0,067

0,668

3

Қарашатөбе а

51

12



35,7

3,0

0,008

0,082

0,815

1

Қосжан а

61

18



42,7

2,4

0,006

0,065

0,455

2

Үштоғай а

251

50



175,7

3,5

0,010

0,096

0,866

6

Степняк а

117

27



81,9

3,0

0,008

0,083

0,831

3

барлығы

13452

2569








267

      *Контейнерлердің нақты саны контейнерлерді орналастыру орындары, шығарудың бекітілген кестесі, сонымен қатар коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша мәселелер мамандандырылған кәсіпорындармен жергілік тұрғындардың көзқарастарын, талаптарын ескере отырып, анықталатын болады.

      ТҚҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдардың орындарын анықтау және олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі

      Амангелді ауылында ТҚҚ жинауға арналған 4 контейнерлік алаң орналастырылған. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитарлық ережесіне сәйкес контейнерлік алаңдарды заңнама талаптарына сәйкестендіру керек.

      ЖАО коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне сәйкес контейнерлік алаңдарды және қайталама шикізатты қабылдау пункттерін орналастыру үшін жер учаскелерін бөлетін болады және жер учаскесінің шекараларын рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

      Ауыл және ауылдық округтердің әкімдіктері жаңа контейнерлік алаңдарды орнату барысында мамандандырылған компаниялармен орналастыру орындарын келісуі қажет, онда барлық контейнерлік алаңдарды қатты жабындымен қамтамасыз етіп, желдің әсерінен қалдықтардың таралуының алдын-алу үшін 1,5 м кем емес биіктікте үш жағынан қоршау керек. Контейнерлік алаңдар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан 25 м қашықтықта орналасуы керек және көлік кіретін негізгі жолы болуы керек. Сонымен қатар, контейнерлік алаңдарға қойылатын талаптар бойынша ауылдағы заңды тұлғалар және мемұйымдармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет.

      Құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қалпына келтіруді ұйымдастыру.

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 б).

      Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)

      ЖАО тұрғындардан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды жүзеге асырады:

      – тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;

      – кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т.б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

      - тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

      ҚР ЭК, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңының 4-тарауы және ҚР ЭГТРМ м.а. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 Бұйрығындағы коммуналдық қалдықтарды басқару ережелеріне сәйкес тұрғындарға арналған демеркуризация және ҚСБҚ арналған контейнерлерді жөндеу (алмастыру) туралы кешенді шараларды жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың қызметтерін (жұмыстарын) алу үшін жергілікті атқарушы билік органдары конкурс (тендер) жүргізуі тиіс.

      Қазіргі уақытта Амангелді ауылында ҚСБ қалдықтарға арналған 1 арнайы әмбебап контейнер орнатылған. ҚСБ қалдықтарға арналған контейнерлер санын арттыру және осы контейнерлерді дұрыс пайдалану бойынша жергілікті тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізу талап етіледі.

      Электрондық және электрлік жабдықтар

      ЖАО ақпараттық кампаниялармен, конкурстар және дәрістермен шектелмей, тұрғындарда түзілетін ЭЭЖҚ бөлек жинау үлесін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау қажет.

      Тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:

      - Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру.

      - Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету

      - Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

      ЭЭЖҚ жинау үшін қабылдаудың стационарлық пункттерін алдын-ала қарастыру қажет. Қабылдау пункті Амангелді ауданында көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын дүкендерде (дүкен бөлімшелері, сауда нүктелері) құрылуы мүмкін.

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайталама шикізат пункттерін құру бөлек жинау бойынша мақсаттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.

      Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру

      Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындар) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365б).

      Амангелді ауданының барлық мемлекеттік мекемелері мен бюджеттік ұйымдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерге келісім-шартқа отырады. Ауыл және ауылдық округ әкімдіктері қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен және мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдармен профилактикалық жұмыс жүргізуі керек.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне (365 б) сәйкес жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинау және оларды пайдалану арқылы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінің 19-тармағына сәйкес, аудандық, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды жүргізуі қажет.

      Қордаландыру бұл қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы, яғни табиғи жолмен биоыдырауға негізделген. Осыған байланысты, қордаландыру органикалық тұрғыдан пайда болған қалдықтарды қайта өңдеуде кеңінен қолданылады. Бүгінде тағамдық қалдықтармен қатар, бөлінбеген қалдықтарды да қордаландыру технологиясы бар.

      Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады.

      Амангелді ауданы жануарлардан органикалық қалдықтардың түзілуі және пайдаланылмаған астық қалдықтарының бар болуымен ерекшеленеді. Қалдықтардың бұл түрлері әрбір ауылдық округте коммуналдыққалдықтармен бірге ТҚҚ полигондарына көміледі.

      Қордаландырғыш қондырғыларды Амангелді ауданының ТҚҚ полигондарына орналастыруды қарастыруға болады. Органикалық қалдықтар арнайы жабдықталған алаңдарға шығарылады және сол жерде қордаландыру үдерісі жүргізіледі. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және егіс алаңдары үшін тыңайтқыш ретінде үй маңындағы учаскелерге және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады.

      Мекемелер мен ұйымдарда (мысалы, мектеп, ауруханаларда) биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.

      Жергілікті атқарушы органдар іс-әрекеті барысында мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында қордаландыруды қолдану туралы ақпараттық жұмыстарды жүргізу болып табылады.

3.3 ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

      ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту мыналар арқылы жүзеге асырылуы керек:

      - жергілікті тұрғындардың және жергілікті бизнес- қауымдастықтың өзара байланысын күшейту;

      - тұрғындарда түзілетін ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыру.

      Жергілікті тұрғындардың және жергілікті бизнес-қауымдастықтың және басқалардың өзара іс-қимылдарын күшейту

      Амангелді ауданында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту үшін аудан аумағында іс-әрекетін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен өзара іс-қимыл байланысын күшейту керек.

      Жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын айқындау қажет. Өңірдегі қалдықтарды басқару саласын дамыту және талқылау үшін ЖАО және бизнес және басқа да мүдделі тараптармен өзара байланысу үшін әртүрлі кездесулерді, дөңгелек үстелдерді жүргізу керек. ТҚҚ бөлек жинау және қайта өңдеуді дамытудағы әріптестік мәселелерін қарастыру қажет. ЖАО бизнестің бастамашылдығына қолдау және көмек көрсетуі керек. Мысалы, контейнерлерді орнатуға, қайталама шикізаттарды қабылдау пункттері, ІКҚ және құрылыс қалдықтарын, биоыдырайтын және т.б. қалдықтарды, бөлек жиналған қайталама шикізатты қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша қуаттылықты құруға жер учаскелерін ұсыну. Бұл өз кезегінде аудандағы қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді дамыту мүмкіндігін береді.

      Қайталама пайдалану және қайта өңдеу үлесін жоғарылату үшін тұрғындарда түзілетін ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыру

      ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 480 бұйрығындағы қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 19-тармағына сәйкес, ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек.

      Жылжымайтын нысандардың құрылысын немесе жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ЭТРМ м.а., 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 Бұйрығының қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 17 тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған арнайы орындарға құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды өз бетінше шығаруды жүзеге асырады.

      Ауыл және ауылдық округтердің әкімдіктері тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруы керек. Оларды ТҚҚ полигонына немесе қалдықтарды уақытша сақтау орындарына жақын орналастыруға болады.

      Құрылыс қалдықтарын жинауда келесі тәсілдердің бірін жүзеге асыру керек: бортты және самосвал көлікке жүктеу үшін қапшыққа жинау; бортты және самосвал машиналарға ары қарай тиеу үшін қалдықтарды басып жинау.

      ЖАО заңнама талаптарына сәйкес, тұрғындардан түзілетін ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, бүгінде қалдықтардың осы түрлерімен ары қарай жұмыс істеу бойынша шешімдердің болмауы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.

      Амангелді ауданында құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуді дамыту мақсатында оларды қайта өңдеу технологияларын ендіру ұсынылуда. ЖАО тұрғындардан ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын жинау үшін ауылдар мен кенттерде арнайы орындарды құратын болады. Осы орындардағы бұл қалдықтар арнайы ұсақтау қондырғысы бар ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған арнайы алаңдарға (Амангелді ауылындағы полигон жаны немесе полигон аумағы) шығарылады. Осы алаңда ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын ұсақтау жүргізілетін болады. ІКҚ мен құрылыс қалдықтарын қайта өңдеудің негізгі әдісі – бұл механикалық қайта өңдеу, мұнда материалдар ұсақталып, ары қарай көлемі, типі және сапасы бойынша сұрыпталады. Ұсақтау технологиясы материалдың түйіршіктелген құрамын өзгертуге және жол құрылысына, жерді бауға, қуысты толтыруға қажетті өнімдерді алуға мүмкіндік береді.

      Ұсақталғаннан кейін, алынған өнімді ТҚҚ полигондарында оқшаулағыш қабат ретінде пайдалануға болады.

3.4 Амангелді ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

      Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету қоршаған ортаны қорғаудың негізгі міндеті болып табылады, себебі Амангелді ауданында коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеудің ең оңтайлы тәсілінің бірі оны көму болып табылады.

      Амангелді ауылындағы полигонды жаңғырту

      Амангельды ауылындағы ТҚҚ полигонын жаңғырту кезінде барлық экологиялық және санитарлық нормаларды, сондай-ақ ұлттық стандарттарды қатаң сақтау қажет (ҚР Экономикалық кодексінің 350-бабы).

      ҚТҚ полигондарына қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі құжаттар:

      - ҚР Экологиялық Кодексі – 25 тарау;

      - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы.

      - ҚР СТ 3696-2020. Аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар

      - ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны.

      Аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондарға 3696-2020СТ сәйкес, қойылатын төменгі талаптар:

      - көму үшін тәулігіне 50 тн қалдықтардан аз;

      - қайта өңдеудің (сұрыптаудың) арнайы алаңдары;

      - қағаз және картон, полиэтилен, тетрапак қалдықтарына арналған гидравликалық престеу;

      - биоыдырайтын қалдықтарды қордаландыру учаскелеріне жіберілуі керек;

      - алу ниетсіз қалдықтарды көму.

      Полигон операторы биоыдырайтын қалдықтарды көму көлемін қысқарту жолымен полигондағы метанның түзілуін төмендету шараларын қабылдау қажет. Биоыдырайтын қалдықтар қордаландыру учаскелеріне жіберілуі керек.

      ҚР ЭК (350 б) сәйкес полигон операторы олардың жіктелуі негізінде қалдықтарды қабылдаудың бірыңғай тәртібін әзірлеу керек.

      Полигонда жұмыстарды ұйымдастыру полигон құрылысының жобасының құрамындағы әзірленетін полигонды пайдаланудың технологиялық сызбасымен анықталады және қауіпсіздік техникасы мен механикаландыру құралдарының жоғары өнімділігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.

      Қалдық полигонының жобасы полигонды жапқаннан кейінгі ластануды бақылау және қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу, жерді рекультивациялау, оны жабу үшін тарату қорын құру алдын-ала қарастырылуы керек. Тарату қоры полигон операторы құрады.

      Бұл шаралар Амангелді ауданындағы қалдықтарды басқаруды жақсартуға, қоршаған ортаның ластануын төмендетуге және жер ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Амангелді ауданында жаңа қуаттылығы төмен ТҚҚ полигондарын салу және толып жатқан ТҚҚ полигондарының жерін рекультивациялау қажеттілігі мен орындылығына талдау жүргізу.

      Республикамыздың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі полигон санын азайту және қолданыстағы полигондарды немесе жаңадан жоспарланып жатқан полигон құрылысын экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестендіру.

      Бүгінде Амангелді ауданында коммуналдық қалдықтарды көму ТҚҚ 10 полигонында жүзеге асырылады. Бұл орындар арнайы әкімдікпен бөлінген. ТҚҚ полигон аумағы қалдықтардың шашылуынан қорғау мақсатында қоршалған. Полигон аумағы толық, ҰСБ мәліметтеріне сәйкес, аудандағы полигондардың толуы 99,66% құрайды. Амангелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және Амангелді ауылындағы қоқыс полигоны операторының мәліметінше, ТҚҚ полигонның толуы 50-55 % құрайды. Ауылдық полигондардың қызмет ету мерзімі 10 жыл, 2027 жылға дейін.

      Бұл Бағдарламада Амангелді ауданында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу қарастырылмаған.

      Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз ету және қалдықтарды орналастыру орындарының санын азайту үшін Амангелді ауданындағы барлық ТҚҚ полигондарына егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет. Бұл 2027 жылға қарай полигондардың толуы мен олардың қызмет ету мерзімінің аяқталуын көрсететін ресми құжаттарда ұсынылған болжамдарға байланысты қажет.

      Алдағы уақытта коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін, полигондар толып, мерзімі аяқталған соң, Амангелді ауданында сұрыптау желісі бар аз қуатты 2 жаңа ТҚҚ полигонының құрылысы бойынша шаралар қабылданаып, жұмыстар жоспарланатын болады.

      Полигондарды қысқарту мақсатында Амангелді ауылындағы аз қуатты ТҚҚ полигонына келесі ауылдық округтерден қалдықтар жіберілетін болады:

      - Амангелді а\о;

      - Байғабыл а\о;

      - Қабырға а\о;

      - Қарасу а/о;

      - Құмкешу а/о;

      - Үрпек а/о.

      Амантоғай ауылындағы аз қуатты ТҚҚ полигоны келесі ауылдық округтердің қалдықтарын қамтитын болады:

      - Амантоғай а/о;

      - Ақсайс а/о, (Ақсай – қоқыс тиеу пункті);

      - Үштоғай а\о (Степняк ауылы – қоқыс тиеу пункті);

      - Тасты а/о (Қарынсалды – қоқыс тиеу пункт);

      2-сурет. Амангелді және Амантоғай ауылдарында ұсынылатын аз қуатты ТҚҚ полигондары

      3-сурет. Амангелді және Амантоғай ауылдарындағы ұсынылатын ТҚҚ 2 полигондары

     


      Алыс (шалғай) ауылдық округтерге арналған қоқыс тиеу пункттерін құру

      Амангелді ауданында 2 ауылдық округ – Үштоғай және Ақсай ауылдық округтері бар, олар аудан орталығы Амангелді кентінен маңызды арақашықтықта орналасқан.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруды оңтайландыру және полигондардың санын қысқарту, сондай-ақ қалдықтарды орналастырудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін Амангелді ауданының шалғай ауылдық округтері үшін қалдықтарды тиеу пункттерін құру мүмкіндіктері қарастырылатын болады.

      Бұл қоқыс тиеу пункттері келесі қызметтерді орындайтын болады:

      Қалдықтарды уақытша сақтау: алты айға дейін мерзімде коммуналдық қалдықтарды ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.

      Қалдықтарды сұрыптау: бұл пункттерде қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылады, яғни қайта өңдеуге жатқызылатын материалдар көмуге жіберілетіндерден бөлініп алынады.

      Тасымалдауды оңтайландыру: Қоқыс тиеу пункттері алыс ауылдық округтерден аудандық орталыққа немесе Амантоғай ауылындағы соңғы көму орындарына қалдықтарды тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Мұндай шаралар әсіресе, Амангелді ауданының алыс (шалғайдағы) аудандарындағы қалдықтарды тиімді басқару және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.

      ТҚҚ толған полигондарының жерлерін қайта қалпына келтіру және кезеңдік рекультивациялау

      Полигондардың қызмет ету мерзімі аяқталған және максималды сыйымдылыққа жеткенде, полигон аумақтары рекультивация процесіне ұшырайды. Полигондарды рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер рекультивациядан кейін аумақтың функционалдық мақсатына және пайдаланылуына байланысты қабылданады.

      Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алу үшін Амангелді ауданының барлық тұрғындарын, ДК, ЗТ қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен 100% қамтамасыз ету керек.

      Үйінділерді залалсыздандырудың жалпы қабылданған әдістемесі мына кезеңдерді қамтиды: үйіндінің ластану деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды бағалау; залалсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.

3.5 Амангелді ауданының тұрғындарын, мемлекеттік мекемелерін және басқа да заңды тұлғаларының коммуналдық қалдықтармен дұрыс жұмыс жасауы бойынша хабардарлығын жоғарылату

      ҚР ЭК сәйкес, аудан, ауыл, ауылдық округтерінің ЖАО коммуналдық қалдықтарды жинаудың, кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің тиімді жүйесі туралы тұрғындардың хабардар ету бойынша ақпараттық кампанияларды жүргізіде, атап айтқанда:

      - ТҚҚ жинау және тасымалдау үшін келісім-шартқа отыру қажеттілігі;

      - Түзілген коммуналдық қалдықтарды оларды жинау үшін контейнерлерге жинау; қалдықтарды бөлек жинау орындарында – қалдықтардың осы типтеріне белгіленген контейнерлерге қалдықтарды бөлек жинау;

      - Контейнерлік алаңдарға және\немесе ТҚҚ жинауға арналған контейнерлерге коммуналдық қалдықтарға жатпайтын лақтырындыларды, сұйық қалдықтарды төгуге тиым салу;

      - Коммуналдық қалдықтарды өртеуге тиым салу;

      - Осы орындар үшін белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды жинау арқылы рұсқат етілмеген үйінділердің түзілуіне тиым салу;

      - Қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді, контейнерлік алаңдарды және оларды қоршауларын ұқыпты ұстау;

      - Автокөлік тұрағына, сонымен қатар, контейнерлік алаңдарға және т.б. кіретін жолдарға басқа заттарды төгуге тиым салу.

      Өңірдің ерекшеліктерін ескеретін және Амангелді ауданындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру үшін халықтың хабардарлығын үнемі арттыру керек. Хабардарлықты жоғарылату ұзақ мерзімді үдеріс болып табылады және Амангелді ауданының аздаған тұрғындарын ескере отырып, бұл міндетті тұрақты негізде тиімді орындауға болады.

      Амангелді ауданының әкімдігі, ауылдық және ауылдық округ әкімдіктері коммерциялық емес ұйымдармен (КЕҰ) бірлесе отырып, коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді. Осы жоспар шеңберінде ақпараттандыру келесі аспектілерді қамтуы керек:

      Қалдықтарды бөлек жинау: Қалдықтардың әртүрлі түрлерін қайта өңдеуді жеңілдету үшін және қоршаған ортаға теріс әсерлерін азайту үшін бөлек жинау қажеттілігі туралы тұрғындарға түсіндіру және оқыту.

      Қалдықтарды рұқсатсыз жағуға тиым салу. Коммуналдық қалдықтарды рұсқатсыз жағуға тиым салатын заң мен нормативтердің сақталу маңыздылығын ескерту, себебі бұл ауаның ластануына және адамдардың денсаулығына кері әсер етеді.

      Органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру: Органикалық қалдықтарды қордаландыру тәжірибесін танымал ету қоқыс көлемін азайтып, ауыл шаруашылығы мен бау-бақшаға тыңайтқыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

      Ақпараттық жұмыс жоспары коммуналдық қалдықтарды басқарумен байланысты басқа да маңызды мәселелерді қамтиды ол жергілікті қажеттілік мен басымдықтарға тікелей байланысты.

      Бұл жоспардың мақсаты – барлық адамдардың таза және салауатты ортасын қалыптастыру үшін, қалдықтармен жұмыс жасаудың экологиялық тұрақты әдістері туралы тұрғындарды оқыту және ақпараттануын қамтамасыз ету. Әкімдік тұрғындардың хабардарлығын арттыруда, ақпараттарды таратуда және қалдықтардың алдын-алу туралы бастамашылдарды қолдауға, сонымен қатар, сәйкес шараларды құруда маңызды рөл атқарады.

4. Қажетті ресурстар

      ҚР ЭК 29 бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.

      Бағдарламаны іске асыру бойынша ұсынылатын іс-шараларды Қостанай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізу жоспарлануда, оны ҚР ЭК 4-қосымшасында көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбегін негізге ала отырып, облыс әкімдігі үш жылдық жоспарда әзірлейді.

      ҚР ЭК сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу бойынша шараларға жатады:

      - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;

      - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;

      - Екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;

      - Қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу;

      - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.

5. Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі

      Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаның жүзеге асуын бақылау іс-шаралар жоспарының орындалу мониторингі негізінде коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО басшының бірінші орынбасары тұрақты түрде жүзеге асырылады.

      Бағдарлама мониторингі бағдарламаны жүзеге асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, оларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті жылда жоспарланған іс-шаралардың орындалмау себептері, нтижелердің болмауы жазылады.

      Мақат ауданының әкімдігі тұрғындар мен жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында интернет ресурстарына бағдарламаны жүзеге асырудың есебін тіркейтін болады: ағымдық есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жарты жылда бір рет, аралық; және келесі жылдың 30 қаңтарына дейін.

      Жылдық есеп алдыңғы жылдағы қорытындылар бойынша толтырылады.

6. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

      Мақсатқа қол жеткізу және міндеттердің орындалуы үшін бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ әзірленді, ол төменде берілген.

      Іс-шаралар жоспары міндеттер мен көрсеткіштер бойынша топтастырылған, мерзімі мен жауапты тұлғалар көрсетілген. Іс-шаралар жоспары күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен бағдарламаға жауапты барлық орындаушылардың жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      Іс-шаралар жоспарына түзетулер қажет жағдайда, яғни мониторинг нәтижелері бойынша негізделген ұсыныстар бар болған жағдайда енгізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша, қойылған мақсат, міндеттерге және мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда басқа іс-шаралар анықталып, айқындалған мәселелік сұрақтар бойынша шешімдер қабылданады.

      Бағдарламаға тапсырыс беруші ретінде ТКШ бөлімі мына қызметтерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Амангелді ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;

      2) Қостанай облысы әкімдігімен бюджеттік құрал есебінен бағдарламаны жүзеге асыруға қаржылық шығындар бойынша бірлесе жұмыс жасайды;

      3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауыл және ауылдық округтер әкімдіктерімен өзара бірлесе жұмыс жасауын жүзеге асырады;

      4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясаты жүзеге асыруға жауапты Амангелді ауданы әкімінің орынбасарына талқылау үшін нәтижелерді береді;

      5) бағдарламаның шараларын жүзеге асыру шығындарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларға түзетулерді жүзеге асырады, соның ішінде бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігінің негіздемесімен келіп түскен ұсыныстар негізінде;

      6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;

      7) Амангелді ауданы әкімдігінің ресми сайтына бағдарламаны, бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.

Амангелді ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№ р\н

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылап

Қажетті шығындар, теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1-Амангелді ауданындағы коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру

1.1

ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, көмуге тендер жүргізу

Аудан әкімінің шешімі

2024-2025

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.2

Тендерді ұтып алушылармен ЖАО ұзақ мерзімдік келісім-шартқа отыру (кемі 10 жыл)

Келісім-шартқа қол қойылған

2024-2025

Аудан әкімдігі, мамандандырылған кампания

-

Талап етілмейді

1.3

ЖАО келісім-шартқа отырған күннен бастап, 14 (он төрт) жұмыс күнінің ішінде ТҚҚ жинау және шығару бойынша мамандандырылған ұйымдардың сайтында, жергілікті бұқара ақпарат құралдарында жеке тұлғалар үшін жариялық ұсыныс келісімін орналастыру

Сатй және БАҚ келісімді орналастыру

2024-2025

Аудан әкімдігі, ТКШ, мамандандырылған кампания

-

Талап етілмейді

1.4

Тұрғындардың көзқарасын ескере отырып, ТҚҚ шығару кестесін әзірлеу және бекіту

Кесте бекітілген

2024-2025

Аудан әкімдігі, ТКШ, мамандандырылған кампания

-

Талап етілмейді

1.5

Ұсынылған қызметтер үшін есептік мәселелері бойынша халықты қабылдауға арналған абоненттік бөлімнің жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуін қамтамасыз ету

Абоненттік бөлім құрылды

2024-2025

мамандандырылған кампания

-

Талап етілмейді

1.6

Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жедел мәселелерді шешу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі диспетчерлік қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;

Диспетчерлік қызмет құрылды

2024-2025

мамандандырылған кампания

-

Талап етілмейді

1.7

ЖАО тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтардың санын сәйкестендіру мақсатында халықты тіркеу туралы мәліметтерге мамандандырылған ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет;

Қол жетімді

2024-2025

Аудан әкімдігі, ауыл және а\о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

1.8

Аудан әкімдігінің Интернет-ресурс сайтында бекітілген бағдарламаны орналастыру

сайтта ҚББ орналастыру

2024

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.9

Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі

Мониторинг нәтижелері бойынша есептілік

Жылына 2 рет

Аудан әкімдігі, ЖКХ

-

Талап етілмейді

2-міндет. Бөлек жинауды қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі

2.1

Мамандандырылған көлікті сатып алу – 1 бірл.

Өткізу, қабыладу актісі, көлік

2026

Аудан әкімдігі, Маслихат

40 000 000

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет

2.2

Контейнерлер, 50 бірл

Өткізу қабылдау актісі

2026 (25 бір.)
2028 (25 бір.)

Аудан әкімдігі, Маслихат

2 000 000
2 000 000

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет

2.3

ҚСБҚ және оларға қызмет көрсетуге бағытталған қосымша контейнерлерді орнатуға конкурс жүргізу

Конкурс нәтижелері

2025

ауыл және а\о әкімдіктері

1 000 000

Жергілікті бюджет

3-міндет. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

3.1

Жергілікті тұрғындармен және жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын анықтау бойынша кездесулер, дөңгелек үстелдер және т. б. өткізу арқылы өзара іс-қимылды күшейту.

Ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

3.2

Ауыл шаруашылығы қалдықтарын, атап айтқанда мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиясы нарығын зерттеу

Есептілік, нарықты зерттеу

2024-2025

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

3.3

Полигонға компост қондырғысын сатып алу және қордаландыру учаскесін ұйымдастыру

Өткізу қабылдау актісі

2025-2026

Аудан әкімдігі, Полигон операторы

10 000 000

Жергілікті бюджет

3.4

Тұрғындардан коммуналдық қалдықтардың қауіпті компоненттерін бөлек жинауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру (дәріханаларда, дүкендерде және т.б.)

есептілік

2024-2028

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Жеке инвестициялар

3.5

Тұрғын үйлерде немесе жеке тұрған ғимараттарда ТҚҚ тасымалдауға міндетті шарт жасасу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ЗТ және ЖК-мен, конкурс (-тендер) нәтижелері бойынша ЖАО айқындалған мамандандырылған ұйымдармен профилактикалық жұмыс

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, ауыл және а\о әкімдіктері, ҮЕҰ

-

Мемлекеттік әәлеуметтік тапсырыс шеңберінде

3.6

ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған ұсатқышты сатып алу

Өткізу қабылдау актісі

2028

Аудан әкімдігі, Полигон операторы

10 000 000

Жергілікті бюджет

4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

4.1

Полигонаға қалдықтарды қабылдаудың бірегей процедурасын әзірлеу

Қалдықтарды қабылдау рәсімі

2026

Полигон операторы

-

Талап етілмейді

4.2

Амангелді ауылындағы ТҚҚ полигонында сұрыптау алаңын ұйымдастыру немесе мамандандырылған қалдықтарды сұрыптау желісін орнату

Қабылдау комиссиясының актісі

2027

Аудан әкімдігі, ауыл әкімдігі, Полигон операторы

10 000 000

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет, жеке инвестиция

4.3

Пресс

Өткізу қабылдау актісі

2026

Аудан әкімдігі, ауыл әкімдігі, Полигон операторы

500 000

Республикалық бюджет, жергілікті бюджет, жеке инвестиция

4.4

Жерді рекультивациялау, жабу үшін тарату қорын құру

Тарату қорының бар болуы

2026

Полигон операторы

-

Талап етілмейді

4.5

- Амангелді ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын жабу және рекультивациялау;
- жаңа полигондарды салу бойынша талдау жургізу, аудан әкімдігінің шешімі, Қостанай облысының әкімдігімен келісу.

Аудан әкімдігінің шешімі, Қостанай облысының әкімдігімен келісу

2028

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

5-міндет. Коммуналдық қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу бойынша тұрғындардың, мемлекеттік мекемелердің және басқа да заңды тұлғалардың хабардарлығын жоғарылату

5.1

Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуде тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату бойынша ҮЕҰ арасынан мемлекеттік әәлеуметтік тапсырыс алуға конкурс жүргізу

ҮЕҰ тапсырысен мемлекеттік әәлеуметтік тапсырыс бойынша келісім

2024

Аудан әкімдігі

1 500 000

Жергілікті бюджет

2026

1 500 000

5.2

Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеу үшін тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату бойынша мемлекеттік әәлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (ақпараттық кампаниялар, ақпараттық материалдар мен видеороликтер әзірлеу, тұрғындармен кездесу жүргізу, сенбіліктер, мектеп оқушылары арасындағы еріктілік клубтарды құру, жергілікті БАҚ жарияланымдар және т.б.)

Орындалған жұмыс актісі

2024-2025

Аудан әкімдігі

-

ҮЕҰ бөлінген, жергілікті бюджет шеңберінде

Орындалған жұмыс актісі

2026-2028

Аудан әкімдігі

-

ҮЕҰ бөлінген, жергілікті бюджет шеңберінде

      * Қажетті шығындар мен қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың мөлшерлемелері тиісті қаржы жылына арналған, қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады