Қостанай облысы әкімдігінің "Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ "Қостанай ауданының Шеминов ауылында газ тарату желілерінің құрылысы" жобасы бойынша салынған газ құбырын пайдалану үшін ауданы 4,93 га (газ құбырының ұзындығы - 12 073,3 м) қауымдық сервитут орнатуды белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданының Майкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округі әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Майшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады