Қазақстан Республикасының Экология кодексі 290-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28798 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көміртегі квотасының ұлттық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климат саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 11 шілдедегі № 525 бұйрығымен бекітілген бұйрығына қосымша |
Көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары
Экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілері арасында бөлінуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы саны
Экономиканың реттелетін секторы | 2022 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы | 2023 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы | 2024 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы | 2025 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы |
Электр энергетикасы өнеркәсібі | 95 304 595 | 93 872 608 | 94 343 363 | 92 101 734 |
Мұнай-газ | 23 039 146 | 22 692 974 | 22 921 486 | 22 379 767 |
Тау-кен өнеркәсібі | 7 334 212 | 7 224 012 | 2 864 801 | 2 796 732 |
Металлургиялық өнеркәсіп | 30 747 135 | 30 285 148 | 30 383 809 | 29 661 879 |
Химиялық өндіріс | 1 715 105 | 1 689 335 | 2 464 510 | 2 390 980 |
Өңдеу (құрылыс материалдары: цемент, әктас, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде) | 8 019 802 | 7 899 302 | 9 109 279 | 8 892 839 |
Көміртегі квотасы бірліктері резервінің көлемі | 11 816 923 | 11 643 887 | 9 275 603 | 9 194 506 |