Көміртегі квоталарының ұлттық жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 шiлдедегi № 525 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 шiлдеде № 28798 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Экология кодексі 290-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 11 шілдедегі
№ 525 бұйрығымен бекітілген
бұйрығына қосымша

Көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары

      Ескерту. Ұлттық жоспар жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.01.2024 № 16-Ө бұйрығымен.

Экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілері арасында бөлінуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы саны

Экономиканың реттелетін секторы

2022 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы

2023 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы

2024 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы

2025 жылға арналған көміртегі квотасы бірліктерінің саны, көміртегі қос тотығының тоннасы

Электр энергетикасы өнеркәсібі

95 304 595

93 872 608

94 343 363

92 101 734

Мұнай-газ
өнеркәсібі

23 039 146

22 692 974

22 921 486

22 379 767

Тау-кен өнеркәсібі

7 334 212

7 224 012

2 864 801

2 796 732

Металлургиялық өнеркәсіп

30 747 135

30 285 148

30 383 809

29 661 879

Химиялық өндіріс

1 715 105

1 689 335

2 464 510

2 390 980

Өңдеу (құрылыс материалдары: цемент, әктас, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде)
өнеркәсібі

8 019 802

7 899 302

9 109 279

8 892 839

Көміртегі квотасы бірліктері резервінің көлемі

11 816 923

11 643 887

9 275 603

9 194 506



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады