Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің туралы қоса беріліп отырған Жарғысы бекітілсін.
3. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу.
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл ауданының әкімі | А. Балғарин |
Сарыкөл ауданы әкімдігінің | |
2024 жылғы "28" қарашадан | |
№ 193 қаулысымен | |
бекітілген |
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер талаптарын айқындау және бағалау үшін құрылған заңды тұлғасы бар, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Орталық қызметінің түрі: коммуналдық.
3. Сарыкөл ауданы әкімдігі Орталықтың ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Орталықтың мүлікке қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
5. Сарыкөл ауданы әкімдігі "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) Орталықтың басқару жөніндегі бірқатар функцияларды іске асыратын орган болуға рұқсат береді.
6. Орталықтың толық атауы – "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Орталықтың орналасқан жері: 111600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Свободы көшесі 1.
2. Орталықтың заңды мәртебесі
8. Орталық заңды тұлға құқығына ие болып, мемлекеттік тіркелу сәттен бастап құрылған болып табылады.
9. Орталықтың дербес балансы, заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, бланкілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және Орталықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бейнеленген мөрі бар.
10. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның ұйымдастырушы (қатысушысы) бола алмайды.
11. Орталық өзінің билігіндегі ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, тиісті бюджет қаражатымен Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бірлігі субсидарлық жауапкерші болады.
12. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе басқа тіркеуіне сәйкес Орталықтың азаматтық – құқықтық мәмілелері тіркелген сәттен бастап жасалған болып табылады.
Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспар шегінде басталады.
Орталықтың тиісті қаржы жылына арналған бекітілген қаржыландыру жоспарынан артық міндеттемелерін қабылдауға жол берілмейді.
3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталық қызметінің мәні болып табылады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес беріледі.
14. Орталық жалғыз қарттарға, еңбекке қабілетсіз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, басқа адамның күтіміне мұқтаж және көмек, және басқа да халықтың әлеуметтік осал топтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған.
15. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) тұрғылықты жері бойынша үйде, күндізгі уақытта азаматтардың (бұдан әрі – қызмет алушылар) мынадай санаттарын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлемін көрсету:
- психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға;
- тірек-қимыл аппаратының қабілеті бар мүгедектігі бар балаларға;
- 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- егде жасына байланысты өз бетінше қозғала алмайтын адамдарға;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерінде қажеттілікті бағалау және айқындау;
16. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылары қызмет көрсету бағыты бойынша немесе мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша қабылданады.
17. Осы Жарғыда бекітілген Орталық қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін мәмілелер жасауға, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
18. Орталықтың қызметтің мақсаттарына қарама-қайшы, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле, мемлекеттік басқару органының, немесе прокурордың мүмкін талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
19. Орталықтың жарғылық емес қызметіне бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық жауапкершілігіне әкеп соғады.
4. Орталықты басқару
20. Орталықтың жалпы басқаруын мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік басқару органы;
1) Орталықтың атына мүлік бекітіп береді;
2) Орталық және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
3) Орталықтың Жарғысын бекітеді, оған өзгерту енгізеді және толықтыру немесе, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
4) құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және Орталықтың басқару органдары құзыретінің мерзімін және Орталықтың шешім қабылдау тәртібін анықтайды;
5) Орталықтың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
6) Орталықты бақылауды және қаржыландыру жоспарларының орындалудың талдауын жүзеге асырады;
7) Орталықтың жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
8) Уәкілетті органға мемлекеттік мүлік бойынша алып қоюға немесе мүлікті қайта бөлу немесе алынған өзінің жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде келісім береді;
9) Орталыққа берілген мүлкінің пайдалануын және сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
10) қайта ұйымдастыру және тарату мемлекеттік коммуналдық мекемесі туралы шешім қабылдайды;
11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөнінде басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен уәкілетті органнан босатады.
22. Басшыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. Бөлім басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталық міндеттерді және өзінің функцияларына дербес жауапкершілік жүктелуін жүзеге асырады;
24. Орталықтың басшысы қаржылық-шаруашылық қызметіне және кәсіпорынның мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
25. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын оның құзыретіне сәйкес қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.
26. Басшы:
1) Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, және оның мүддесін барлық органдарға ұсынады;
2) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
3) Орталықтың іс сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлерінен тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттарды ашады;
6) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген тәртіппен қызметкерлердің көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады.
9) Орталықтың ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді;
10) Орталық басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органдармен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі
27. Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:
1) оған меншік иесі берген мүліктен;
2) Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден.
28. Орталық өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге, оларға қаражат есебінен смета бойынша сатып алынған мүлікті бөлуге құқығы жоқ.
29. Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, Орталықтың қызметін қаржыландыру жергілікті (аудандық) бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады.
Орталық өтеусіз қайырымдылық көмекке арналған арнайы шотына өз қызметін жүзеге асыру үшін алады.
30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік береді.
6. Орталықтағы жұмыс тәртібі
31. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Өзгерістер және толықтырулар құрылтай құжаттарына енгізу тәртібі
32. Орталық құрылтай құжаттарына Өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшының шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
33. Орталықтың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Орталықтың қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
34. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.