"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы |
Ж. Шаймарданов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар Министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлiгі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығына қосымша |
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидаларды қолданудың жалпы құқықтық мәселелері:
1) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
2) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
3) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
4) "Стандарттау. Терминдер мен анықтамалар" ҚР СТ 1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;
5) "Ұлттық стандарттардың және стандарттау жөніндегі ұсынымдардың құрылуына, жазылуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар" ҚР СТ 1.5 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;
6) "Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Негізгі ережелер" ҚР СТ 5.0 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;
7) "Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі" ҚР СТ 5.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен реттеледі.
3. Осы Қағидаларды мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қолдануы:
1) ұлттық анықтамалық ақпаратты кодтаудың бірыңғай қағидатын сақтауды (бұдан әрі – ҰАА);
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы деректер алмасуды автоматтандыруды;
3) көрсеткіштер немесе индикаторлар бойынша сапалы серпінді қатарларды құруды;
4) деректердің салыстырмалылығын анықтайтын, ұғымдық- терминологиялық бірізділікке әкелетін ҰАА элементтерін реттеуді;
5) "Ұлттық анықтамалық ақпарат" цифрлық сервисінде (бұдан әрі – "ҰАА" ЦС) ҰАА элементтерін бірыңғай орталықтандырылған жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
"ҰАА" ЦС барлық пайдаланушылар мен ақпараттық жүйелер үшін ондағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін, ҰАА барлық түрлерін және элементтерін орталықтандырылған жүргізуге, тарату мен сақтауға арналған бірыңғай жүйе болып табылады.
"ҰАА" ЦС құру мақсаты эталондық ҰАА құру, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері үшін ҰАА бірыңғай көзін қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰАА иелері), иерархиялық және уақытша өзгерістерді ескере отырып, бірыңғай ҰАА элементтерін пайдалану арқылы ҰАА иелерінің деректерін салыстыру, ҰАА элементтерін сенімді, ұзақ мерзімді сақтау жүйесін құру, сәйкестік кестелерін (өтпелі кілттерді) пайдалану арқылы ҰАА-ны үйлестіру болып табылады.
Өз қызметінде электрондық ақпараттық ресурстың 1 және 2-класының ақпараттық жүйелерін қолданатын мемлекеттік органдар қажетті ҰАА элементтерін алу үшін "ҰАА" ЦС ғана пайдаланады.
4. Осы Қағидалар ашық қолжетімділікті, жылдам алмасу мүмкіндігін және ақпаратты біркелкі түсінуді қамтамасыз ету шеңберінде деректерді құрылымдау үшін өздерінің функционалдық қызметінде ҰАА құратын, үйлестіретін, өзектілендіретін және пайдаланатын ҰАА иелері мен пайдаланушыларына қолданылады.
5. Осы Қағидаларда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) анықтамалық – ақпараттық жүйелер мен дерекқорларда деректерді жинауға, өңдеуге және таратуға арналған, оларға берілген кодтары бар кейбір объектілердің тізбесін қамтитын құжат;
2) бастамашы – ҰАА-ға өзгерістер мен толықтыруларды жасау немесе енгізу жөніндегі жобаларды әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның жауапты адамы;
3) Ведомстволық (салалық) ҰАА – ақпараттық жүйелерді пайдалану, өзара іс-қимыл жасау және деректерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар қолданатын жіктеуіш, номенклатура, анықтамалық. ҰАА ведомстволық (салалық) халықаралық, ұлттық жіктеуіштер негізінде олардағы айқындамаларды дезагрегациялау жолымен әзірленуі мүмкін;
4) жіктемелік топтама – жіктеу нәтижесінде алынған объектілердің ішкі жиыны;
5) жіктеу – қабылданған белгілерге сәйкес ұқсастығы немесе айырмашылығы бойынша көптеген объектілерді топтарға бөлу;
6) код әліпбиі - кодты құру үшін қабылданған белгілер жүйесі. Код әліпбиінің келесі түрлері бар: әріптік, әріптік-цифрлық, цифрлық;
7) код – жіктемелік топтамаларды және (немесе) жіктеу объектісін белгілеу үшін қабылданған белгі немесе белгілер жиынтығы;
8) кодтау - жіктеу топтамасына және (немесе) жіктеу объектісіне код қалыптастыру және беру;
9) мемлекетаралық жіктеуіш – Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес не Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған, барлық мүше-мемлекеттерге қолжетімді (белгілі бір өңірдің елдері шеңберінде қолдануға бағдарланған) жіктеуіш;
Халықаралық және мемлекетаралық жіктеуіштер, номенклатуралар базалық болып табылады және олармен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін үйлестіру үшін негіз ретінде пайдаланылады;
10) номенклатура – жіктеуіштер негізінде әзірленген белгілі бір объектілердің тізімін қамтитын ресми құжат. Номенклатура жіктеу сипаттамасын қамтымайды және жіктеу топтарын егжей-тегжейлі көрсетеді;
11) техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары - техникалық-экономикалық ақпарат объектiлерi сыныптауыш топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтықтарын білдіретін стандарттау жөніндегі құжаттар, бұларға ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары және шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары жатады.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүргізілетін техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде өзектендірілген түрде қолдау көрсетіледі;
12) ҰАА әзірлеу – бастамашы ұйымдастыратын және жүргізетін іс-шаралар кешені;
13) ҰАА иесі – мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган, ҰАА әзірлеуші;
14) ҰАА резервтік сыйымдылығы – ҰАА-дағы бос айқындамалардың саны;
15) ҰАА түрлері – бұл жіктеуіш, номенклатура, анықтамалық;
16) ҰАА элементі – бұл ҰАА түрінің ішіндегі нақты айқындама;
17) ҰАА ID – бірегей белгі, оны басқалардан ажыратуға, яғни ҰАА сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ҰАА идентификаторы;
18) фасеттер – қарастырылып отырған объектінің бір жағы, кейбір жіктеу белгілері бойынша біртекті мәндердің шектеулі жиынтығы;
19) халықаралық жіктеуіш – жіктеумен айналысатын халықаралық ұйым бекіткен және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді (әлемнің барлық елдерінде қолдануға бағдарланған) жіктеуіш;
6. ҰАА жүргізу қағидаттары:
1) ҰАА түрлері бірегей болуы және қайталанбайды. ҰАА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ҰАА нұсқасы өзгермейді. Осыған байланысты, ҰАА құру кезінде жаңа айқындамаларды енгізу есебінен жіктеуіштерді, номенклатуралар мен анықтамалықтарды ықтималды кеңейту үшін кодтардың резервтік сыйымдылығын қарастыру қажет;
2) ҰАА үздіксіздігі әр элемент бойынша өзгеріс тарихын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Әр элементке "басталу күні" және "аяқталу күні" беріледі, яғни элементтердің өмірлік циклі анықталады;
3) біркелкілік (бірыңғай форматтылық) – ҰАА мемлекеттік және орыс тілдерінде (ағылшын тілінде болған жағдайда) "ҰАА" ЦС – те сақталады.
1-параграф. Жіктеу және кодтау әдістері
7. Жіктеудің екі әдісі бар:
1) иерархиялық;
2) фасеттік.
8. Жіктеудің иерархиялық әдісі - көптеген объектілерді ішкі жіктеу топтамаларына тізбекті түрде бөлу. Жіктеудің иерархиялық әдісі барысында объектілердің бастапқы жиынтығы алдымен қандай да бір белгілер бойынша үлкен топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы өз кезегінде иерархиялық логикалық ағаш түріндегі объектілердің қасиеттерін нақтылайтын бірқатар келесі топтамаларға бөлінеді.
Иерархиялық жіктеу әдісі кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
1) ҰАА –ның әр сатысында жоғары тұрған топтамаларды бөлу үшін тек бір белгі қолданылады;
2) бөлу нәтижесінде алынған топтамалар ақпараттың қайталануын болдырмау үшін өз мазмұны бойынша қиылыспайды;
3) жіктеу төмен тұрған топтамалардың жиынтығын қамтамасыз етеді.
9. Фасеттік жіктеу әдісі көптеген объектілерді тәуелсіз жіктеу топтамаларына параллель бөлуге негізделген, содан кейін олар параллель тәуелсіз фасеттерге айналады. Фасеттік жіктеу әдісінде қатаң жіктеу құрылымы және алдын-ала құрылған соңғы топтамалар қабылданбайды. Бұл таңдап алынған сипаттамалардың мазмұнын нақтылаудың қажетті деңгейіне дейін ашуды қамтамасыз етеді.
Фасеттік жіктеуді құру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) Әр түрлі фасеттердің мәндері қиылыспайды (фасеттерді алып тастау қағидаты);
2) ҰАА құрамына нақты міндеттерді шешу үшін қажетті фасеттері мен белгілері ғана енгізіледі.
10. Жіктеу әдісі анықталғаннан кейін кодтау әдісін таңдау жүргізіледі.
Кодтарды әзірлеу кезінде келесі талаптар ескеріледі:
1) кодтау жүйесі қолданыстағы жіктеу әдістеріне сәйкес келеді;
2) код әліпбиінде цифрлық, әріптік немесе әріптік-цифрлық мән болады;
3) кодтың негізі, яғни таңбалар саны ең төмен;
4) кодтық белгілеуде қосымша енгізілетін объектілерді кодтау үшін резерв болады.
11. ҰАА элементтері үшін кодтаудың 4 түрі қолданылады:
1) тізбекті кодтау кодтық белгілерді қалыптастырудың бес негізгі белгілерін бөліп көрсету мақсатында иерархиялық жүйе бойынша алдын ала жіктеуге негізделген: класс – ішкі класс – топ - ішкі топ - түр. Таңдалған белгіге иерархияның әр деңгейінің шегінде бір разряд беріледі;
2) блоктық құрылымына байланысты параллель кодтау әдісі жиі өзгеретін тапсырмалар үшін жақсы бейімделген. Параллель әдіс барысында жіктеу белгілері белгілі бір разрядтармен немесе кодтық белгілеу разрядтарының тобымен бір-біріне тәуелсіз кодталады. Параллельді кодтау әдісі фасеттік жіктеуде қолданылады, бірақ иерархиялық жіктеуде де қолданылады. Бұл жағдайда толық біркелкілігі бар бағынышты белгілер иерархиялық тізбектің барлық дәрежелерінде параллель орналасады немесе бағынбайтын параллель белгілер жасанды түрде белгілі бір ретпен орналастырылады;
3) реттік кодтау ақпаратты қандай да бір тізбекпен орналастырғаннан кейін, мысалы, хронологиялық тәртіпте, ақпараттың пайда болуына қарай, оның маңыздылығын ескере отырып және т.б. олардың реттік нөмірлеріне сәйкес келетін айқындамаларды белгілеуді білдіреді.
Реттік кодтау құрылуына қарай қарапайым құрылыс құрылымы бар және бір объектіні екіншісінен ажыратуға мүмкіндік береді. Алайда, қосымша объектілер пайда болған кезде оларға тізімнің соңында кезекті нөмір беріледі, осылайша айқындамалардың қабылданған орналасу реттілігі бұзылады. Осыған байланысты реттік кодтау жүйесі ақпараттың елеусіз массивтерін кодтау үшін қолданылады;
4) сериялық-реттік кодтау объектілердің барлық жиынтығын резервті, реттік нөмірлерді ескере отырып, әрқайсысы үшін бөлінетін топтарға бөлуді көздейді. Сериялық-реттік кодтау, сондай-ақ реттік кодтау қарапайым объектілер үшін қолданылады. Бұл әдісті екі немесе бірнеше реттік белгілері бар объектілер үшін қолданған жөн.
2-тарау. ҰАА әзірлеу, қайта қарау және күшін жою
1-параграф. ҰАА әзірлеу
12. ҰАА әзірлеу үшін негіздеме:
1) Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық және құқықтық актілерінің өзгерістері;
2) ҰАА осы түрі үшін базалық болып табылатын халықаралық, Мемлекетаралық жіктеуіштерге, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштеріне өзгерістер мен толықтырулар;
3) халықаралық жіктелімдер мен стандарттарды енгізу;
4) Жалпыұлттық басымдықтарды, Саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, Ұлттық жобаларды, Мемлекеттік органдардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;
5) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының тапсырмаларын орындау болып табылады.
13. Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18075 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық стандарттарды (әскери стандарттарды қоспағанда), техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері мен стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларымен (бұдан әрі – № 918 Қағида) регламенттеледі.
14. Ведомстволық ҰАА әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) әзірлеуді ұйымдастыру;
2) жобаны әзірлеу;
3) бекіту.
15. ҰАА әзірлеуді ұйымдастыру кезеңі мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) ҰАА иесі өзінің ақпараттық жүйелерінде қолдану мүмкіндігі тұрғысынан "ҰАА" ЦС-те бар ҰАА-ға талдау жүргізеді. Бұдан әрі салааралық (ведомствоаралық) ҰАА-қа өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде оны мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қажет.
Қажетті ҰАА болмаған жағдайда ҰАА иесі:
2) ҰАА әзірлейтін ақпараттық үйлесімділікті және халықаралық және мемлекетаралық жіктеу жүйелерімен салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық және мемлекетаралық жіктеуіштерді зерделеуге кіріседі;
3) халықаралық және мемлекетаралық жіктеуіштерді зерделеу қорытындылары бойынша жіктеуіштер мен номенклатуралар үшін қалыптастыру әдіснамасын міндетті сипаттай отырып, ҰАА салалық (ведомстволық) түрін әзірлейді.
ҰАА әзірлеу (құру) процесі осы Қағидалардың 3-тарауында келтірілген.
Халықаралық, ұлттық жіктеуіштерде және салалық (ведомстволық) ҰАА-да белгіленбеген, мәні бойынша байланысты айқындамалардың аз санын кодтау үшін анықтамалық әзірленеді. Анықтамалыққа оны қалыптастыру әдіснамасының сипаттамасы жасалмайды.
16. Ведомстволық жіктеуіштің, номенклатураның жобасын әзірлеу кезеңі мыналарды қамтиды:
1) Жіктеуіште және номенклатурада мынадай құрылымдық элементтер болады:
титул парағы;
алғы сөз;
қолдану саласы;
нормативтік сілтемелер;
терминдер мен анықтамалар;
жалпы ережелер;
жіктеуіштің құрылымы;
жіктеуішті (номенклатураны) жүргізу.
Жіктеу объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты басқа құрылымдық элементтер де ерекшеленуі мүмкін, мысалы: қосымша, библиография;
2) ведомстволық жіктеуіштің және номенклатураның титулдық парағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
3) ведомстволық жіктеуіштің және номенклатураның алғы сөзі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
4) ҚР СТ 1.5 4.7-тармағына сәйкес "Қолдану саласы" элементінде жіктеуіштің, номенклатураның мақсаты және оның қолданылу саласы көрсетіледі, сондай-ақ қолдану саласын нақтылайды.
Жіктеуіштің, номенклатураның қолданылу саласының мақсатын көрсеткен кезде мынадай тұжырым қолданылады, мысалы, "Осы жіктеуіш (номенклатура) .... белгілейді (қолданылады)".
Жіктеуіштің, номенклатураның қолданылу саласын нақтылау кезінде мынадай тұжырымдар қолданылады, мысалы, "Осы жіктеуіш (номенклатура) ... арналған "немесе" Осы жіктеуіш (номенклатура) ... қолданылуы мүмкін";
5) "Нормативтік сілтемелер" құрылымдық элементі жіктеуіштің, номенклатураның мәтінінде міндетті сілтемелер берілген және нормативтік ережелерді белгілейтін нормативтік құжаттардың тізбесін қамтиды, олар сақталмаса жіктеуіштің, номенклатураның нормалары орындалмайды.
"Нормативтік сілтемелер" бөлімі мынадай сөздерден басталады:
"Осы жіктеуішті, номенклатураны қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:".
6) жіктеуіште, номенклатурада "терминдер мен анықтамалар" элементі осы жіктеуіштің, номенклатураның әртүрлі пайдаланушылары арасындағы терминологиялық өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін келтіріледі. "Терминдер мен анықтамалар" элементі атауы бірдей бөлім түрінде ресімделеді және мынадай сөздерден басталады, мысалы, "осы Жіктеуіште (номенклатурада) тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:...";
7) жіктеуіштің, номенклатураның жалпы ережелері бөлім түрінде ресімделеді, оның құрамы мен мазмұны объектілердің ерекшеліктерін және жіктеуіштің, номенклатураның аспектісін ескере отырып белгіленеді;
8) "Жіктеуіштің құрылымы" элементі жіктеу объектілерінің бастапқы жиынтығының сипаттамасын және оларды жіктеу және кодтау әдістерін, әліпбиді, кодтың негізі мен ұзындығын, кодтық белгілеуді құру құрылымын, белгілердің орналасу реттілігін, объектілерді кодтауды (жіктеуіштің фрагменті) және т. б. қамтиды;
9) "Жіктеуішті (номенклатураны) жүргізу" элементінде ҰАА бақылау данасын жүргізу жөніндегі мәліметтер айқындалады;
10) ведомстволық жіктеуіш, номенклатура осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
11) анықтамалық осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
17. ҰАА жобасының түпкілікті редакциясы мынадай құжаттармен бекітуге ұсынылады:
1) жіктеуіш, номенклатура жобасының түпкілікті редакциясына түсіндірме жазба;
2) жіктеуіштің, номенклатураның, анықтамалықтың жобалары.
18. Ведомстволық ҰАА бекіту кезеңі мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) жіктеуішті және номенклатураны бекіту туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұйрық ҰАА иесінің құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі және оған ҰАА иесінің уәкілетті адамы қол қояды;
2) анықтамалық ҰАА иесінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰАА иесінің уәкілетті адамымен бекітіледі.
2-параграф. ҰАА қайта қарау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу
19. Қайта қарау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жаңа ҰАА–ны әзірлеумен бірдей. Қайта қарау реті ҰАА әзірлеу ретіне сәйкес келеді.
20. ҰАА иесі ҰАА элементтерін қайта қарау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сәйкестік кестесін (өтпелі кілттер) жасайды, ол:
1) серпінді қатарларды құру;
2) статистикалық ақпаратты және өзге де жалпыға қолжетімді мәліметтер мен жалпыға қолжетімді ақпаратты тарату және деректерді жинау, өңдеу;
3) ақпараттық жүйелерде орналастырылған ҰАА элементтерінің кодтарын қайта кодтау үшін қажет.
ҰАА әртүрлі ҰАА-ның түрлері арасында сәйкестік кестесін қалыптастыру осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
21. Сәйкестік кестелері ҰАА түрлерінің санаттары арасында өзара байланыс орнатуға мүмкіндік береді және мына жағдайларда:
1) ҰАА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
2) бір ҰАА-ның әртүрлі нұсқаларын қайта қарау кезінде;
3) ҰАА-ның әр түрлі түрлерін салыстыру кезінде жасалады.
22. Сәйкестік кестелерін ҰАА иесі "ҰАА" ЦС-те ҰАА-ны қайта қараумен, өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар әзірлейді.
3-параграф. ҰАА күшін жою
23. ҰАА иесі ведомстволық (салалық) ҰАА–ның мынадай негіздер бойынша күшін жояды:
1) ҰАА әзірленген байқауды немесе әкімшілік есепке алуды жою;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістер;
3) қолданудың орынсыздығы;
4) негізінде Ведомстволық ҰАА әзірленген техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің күші жойылуы;
5) халықаралық жіктеуіштерді қайта қарау.
Техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін күшін жою тәртібі № 918 Қағидаларымен регламенттеледі.
Ведомстволық ҰАА күшін жою кезеңі мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) жіктеуіштің және номенклатураның күшін жою туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұйрық ҰАА иесінің құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі және оған ҰАА иесінің уәкілетті адамы қол қояды;
2) анықтамалық ҰАА иесінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰАА иесінің уәкілетті адамымен бекітіледі.
3-тарау. "ҰАА" ЦС-те ҰАА және ҰАА элементтерін жүргізу
1-параграф. "ҰАА" ЦС-те ҰАА және ҰАА элементтерін әзірлеу (құру)
24. ҰАА құру үшін бастамашы 6-қосымшада көрсетілген бекітілген ҰАА құруға өтінімді толтыру кезіндегі жолдар тізіміне сәйкес "ҰАА" ЦС-те өтінімді толтырады.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі өтінім "ҰАА" ЦС-ке келіп түскен сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның оң жауабынан кейін жүйеде жұмыс істеу үшін ҰАА жобасы құрылады. Бастамашы барлық қажетті ҰАА элементтерін ҰАА жобасына қолмен немесе сыртқы көздерден элементтерді Excel форматында жүктеу арқылы енгізеді. ҰАА құру кезінде жүйе автоматты түрде ҰАА идентификаторын жасайды және бірегей болып табылады. ҰАА элементін құру кезінде оның атауы бірегей екенін ескеру қажет.
ҰАА жобасына барлық қажетті ҰАА элементтерін енгізілгеннен кейін бастамашы ҰАА жобасын ҰАА иесінің құрылымдық бөлімшелеріне және мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға келісу үшін жібереді.
25. ҰАА жобасын ҰАА иесінің құрылымдық бөлімшелерімен келісу келісуге жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келісуге жіберілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Жүйеде "ҰАА санаты" және "ҰАА түрі" деген әрбір бөлім үшін "келісуші мемлекеттік органдардың картасы" (бұдан әрі – Карта) қалыптастырылады. Карта әрбір мемлекеттік органның Келісуші лауазымды тұлғаларының толық өзекті тізбесін қамтиды. ҰАА жобасы автоматты түрде картада көрсетілген Келісуші тұлғаларға келісуге түседі.
26. "Ақпараттық карточка" кесіндісінде ҰАА иесінің бастамашысы ақпараттық карточканы мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырады, онда ҰАА бойынша жалпы ережелер (толық атауы, аббревиатурасы, құқықтық негізі) көрсетіледі, сондай-ақ атауы мен аббревиатурасы ағылшын тілінде көрсетіледі. Ақпараттық карточка осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
2-параграф. "ҰАА" ЦС-те ҰАА-ға және ҰАА элементтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу (өзектілендіру)
27. ҰАА-дағы өзгерістер мен толықтырулар (өзектілендіру) жобасын бастамашы "ҰАА" ЦС-те жасайды.
ҰАА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бастамашы өтінімді 6-қосымшада келтірілген бекітілген үлгіге сәйкес толтырады және оны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі өтінім "ҰАА" ЦС-ке келіп түскен сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган тарапынан оң жауап алғаннан кейін ҰАА бастамашысы ҰАА жобасын жасайды және оған қажетті өзгерістер мен толықтыруларды ҰАА элементтеріне енгізеді. ҰАА элементтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін ҰАА жобасы ҰАА иесінің құрылымдық бөлімшелеріне және мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға келісуге жіберіледі.
28. ҰАА элементтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ҰАА иесі серпінді қатарларды (тарихи деректерді) қайта есептеу қажеттілігін өзі анықтайды.
29. Ведомстволық ҰАА-ға өзгерістер мен толықтырулар жобасы ҰАА иесінің уәкілетті адамының бұйрығымен бекітіледі, анықтамалықтарды ҰАА иесінің уәкілетті адамы бекітеді.
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу |
|
және бекіту қағидаларына 1-қосымша |
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖІКТЕУІШІ _____________________________________________________
________________________________________________
(Жіктеуіштің, номенклатураның атауы)
Ресми басылым
________________________________________________________
(жіктеуішті, номенклатураны бекіткен мемлекеттік органның атауы)
_____________
(қала, жыл)
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына 2-қосымша |
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН___________________________________
(жіктеуішті, номенклатураны әзірлеген мемлекеттік органның атауы)
2 БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ_________________________
(жіктеуішті, номенклатураны бекіткен мемлекеттік органның атауы)
3 Осы жіктеуіш мыналарды ескере отырып әзірленген_____________________
4 Осы жіктеуіште нормалар іске асырылды_______________________________
(Заңның, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының атауы)
5 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20___ жыл ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ ___ лет
6 ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН______________________________________________
(ҰАА және ID атауы (бар болған жағдайда))
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Жіктеуіш (номенклатура)
_______________________________________________
(ID толық атауы (бар болған жағдайда)
Сәйкестендіру блогы | Блоктың атауы | ҰАА элементтің басталу күні | ҰАА элементтің аяқталу күні | ||
Мемлекеттік тілде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде | |||
Толтыру үшін міндетті | Толтыру үшін міндетті | Толтыру үшін міндетті | Болған жағдайда |
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына 4-қосымша |
нысан
БЕКІТІЛДІ
____________________________
(ҰАА иесінің уәкілетті адамымен)
____________________________
20 __ жылғы "___" ___________
Анықтамалық _____________________________________ (ҰАА және ID атауы (бар болған жағдайда))
Сәйкестендіру блогы | Блоктың атауы | ҰАА элементтің басталу күні | ҰАА элементтің аяқталу күні | ||
Мемлекеттік тілде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде | |||
Толтыру үшін міндетті | Толтыру үшін міндетті | Толтыру үшін міндетті | Болған жағдайда |
___________________________________________________ ___________
(Бастамашының бастығы) (Т.Ә.А) (қолы)
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Әртүрлі ҰАА түрлері арасында сәйкестік кестесі____________________________
(ҰАА толық атауы (бар болған жағдайда) және ID)
1 ҰАА ID | 1 ҰАА элементінің коды | 1 ҰАА элементі кодының атауы | 2 ҰАА ID | 2 ҰАА элементінің коды | 2 ҰАА элементі кодының атауы |
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына 6-қосымша |
ҰАА құруға өтінімді толтыру кезіндегі жолдар тізімі
№ | Жолдардың атауы | Міндетті толтыру |
1 | ҰАА санаты | Иә |
2 | ҰАА түрі | Иә |
3 | Мемлекеттік тілдегі атауы | Иә |
4 | Орыс тіліндегі атауы | Иә |
5 | Ағылшын тіліндегі атауы | Жоқ |
6 | Мемлекеттік орган – ҰАА иесі | Иә |
7 | Сала | Иә |
8 | ҰАА әзірлеуші | Иә |
9 | ҰАА әзірлеушінің мекенжайы | Иә |
10 | Мәртебесі | Иә |
11 | Жауапты орындаушы | Иә |
12 | Жауапты орындаушының лауазымы | Иә |
13 | Жауапты орындаушының байланыс нөмірі | Иә |
14 | Жауапты орындаушының электрондық мекенжайы | Иә |
15 | Құру күні | Иә |
16 | Негіздеме | Иә |
17 | ҰАА мазмұны | Иә |
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына 7-қосымша |
Ақпараттық карта
ҰАА ID |
ҰАА санаты |
ҰАА түрі |
Қолдану саласы |
Нормативтік сілтемелер |
Жалпы ережелер |
Кодтау құрылымы |
Мемлекеттік тілдегі атауы |
Орыс тіліндегі атауы |
Ағылшын тіліндегі атауы |
Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы |
Орыс тіліндегі қысқаша атауы |
Ағылшын тіліндегі қысқаша атауы |
Мемлекеттік тілдегі аббревиатурасы |
Орыс тіліндегі аббревиатурасы |
Ағылшын тіліндегі аббревиатурасы |
Мемлекеттік орган – ҰАА иесі |
Сала |
ҰАА әзірлеуші |
ҰАА әзірлеушінің мекенжайы |
Мәртебесі |
Жауапты орындаушы |
Жауапты орындаушының лауазымы |
Жауапты орындаушының байланыс нөмірі |
Жауапты орындаушының электрондық мекенжайы |
Құқықтық негізі |
Құру күні |
Бекіту күні |
Өзектілендіру күні |
Күшін жою күні |
ҰАА енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саны |