"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 12 тамыздағы № 68 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру мәселелері бойынша Агенттікке ұсыныстар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші органдарды, оның ішінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс топтарын, сараптама комиссияларын құру;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізуге деректерді бақылаушыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;";

      мынадай мазмұндағы 42-2), 42-3), 42-4), 42-5), 42-6), 42-7), 42-8), 42-9), 42-10), 42-11), 42-12), 42-13) және 42-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42-2) рұқсаттамалық және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтай отырып, әкімшілік дереккөздің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіру;

      42-3) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;

      42-4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алу;

      42-5) аудио-, фото- және бейнетүсiрiлiмді жүзеге асыру;

      42-6) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-1-бабында көзделген әкімшілік дереккөздің міндеттемелерін орындаудан бас тарту фактілерін бейнетүсірілімге тіркеп-белгілеу;

      42-7) Қазақстан Республикасының заңнамасын, әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

      42-8) Заңның 12-1-бабымен белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте қашықтан бақылау және тексерулер жүргізу;

      42-9) тексерулер жүргізу кезеңінде әкімшілік дереккөздің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;

      42-10) тексерулер жүргізу кезінде әкімшілік дереккөз басшысының немесе басшысы міндетін атқарушы адамның қатысуына кедергі жасамауға, тексерулер нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер беру;

      42-11) әкімшілік дереккөзге тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беру;

      42-12) әкімшілік дереккөзге тексеру нәтижелері туралы қорытындыны немесе қашықтан бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны табыс ету;

      42-13) қашықтан бақылау және тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

      42-14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;";

      15-тармақта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты респонденттерге бармай, әкімшілік дереккөздерге қатысты қашықтан бақылау, мерзімдік және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) әкімшілік дереккөздерге қатысты мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;

      15-2) мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы қорытындылардың нысандарын, тексерулерді тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату, ұзарту туралы актілердің нысандарын, тексеру парағын, әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы қорытындылар мен тексерулердің нәтижелерін тіркеу журналдарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын әкімшілік көрсеткіштердің бірыңғай анықтамалығын әзірлеу;";

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту және олардың жұмысын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 56-1), 56-2), 56-3), 56-4), 56-5), 56-6), және 56-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "56-1) кәсіптік біліктілікті тану саласында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      56-2) кәсіптік біліктілікті тану саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;

      56-3) кәсіптік біліктілікті тану саласында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      56-4) кәсіптік біліктілікті тану саласында кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау және кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      56-5) кәсіптік біліктілікті тану саласында кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға жіберу;

      56-6) кәсіптік біліктілікті тану саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;

      56-7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы Үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;".

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және роформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
Ж. Шаймарданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады