"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаментіне (Т.Ә. Балқыбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр генерал-майор | С. Шәріпханов |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына 1-қосымша |
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны
1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының мазмұны "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметкерлер мен әскери қызметшілер) кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының (бұдан әрі – кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы) мазмұнын айқындайды.
2. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
3. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығының міндеттері:
1) қызметтік міндеттерді табысты орындауды қамтамасыз ететін білікті және тиімді іс-қимылдарға оқыту;
2) азаматтық қорғау органдарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, сондай-ақ оларды қызметтік міндеттерді жүзеге асыру кезінде практикалық қолдану;
3) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қызметтік жұмысының ерекшелігін ескере отырып, кәсіби сананы, жауапкершілік сезімін, кәсіби шеберлікті ұдайы жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыру;
4) төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тұрақты әзірлікті қолдау;
5) психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, байқағыштықты, қырағылықты, есте сақтауды, ойлауды, дағдыларды және кәсіби-психологиялық қасиеттерді дамыту;
6) өрт, авариялық-құтқару техникасын, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты қолдану дағдыларын жетілдіру;
7) өрт-құтқару даярлығы, авариялық-құтқару жұмысы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, қауіпсіздік техникасының алдын алу және оларды жою бойынша іс-шаралардың профилактикасы бойынша дағдыларды жетілдіру болып табылады.
4. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік дайындау мыналарды қамтиды:
1) арнайы даярлық;
2) әлеуметтік-құқықтық даярлық;
3) психологиялық даярлық;
4) саптық даярлық.
5. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығы мыналарды қамтиды:
1) дене шынықтыру дайындығы;
2) өрт-құтқару дайындығы.
6. Арнайы дайындық қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тікелей кәсіби қызметті регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеуіне бағытталған.
7. Әлеуметтік-құқықтық дайындық қызметкерлер мен әскери қызметшілер арасында тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, әлеуметтік қорғалу деңгейін айқындауға, қызметкерлер мен әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру бойынша басқарушылық шешімдердің орындалуын ұйымдастыруға бағытталған.
8. Психологиялық даярлық қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қызметтік жұмыстың кез келген жағдайларында кәсіби сауатты іс-әрекетке дайындығын қалыптастыруға, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қызметтік жұмысты жүзеге асыру кезінде туындайтын стресс факторларының теріс әсеріне психологиялық тұрақтылығын арттыруға, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің штаттық және экстремалды жағдайларда қызметтік міндеттерді тиімді шешуге ықпал ететін психологиялық қасиеттерін, дағдылары мен іскерлігін дамытуға бағытталған.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді психологиялық дайындау "Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 184 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30538 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Саптық дайындық қызметкерлер мен әскери қызметшілерде саптық дағдыларды қалыптастыруға және патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған.
10. Дене шынықтыру күнделікті қызметтің қысылтаяң жағдайларында, сондай-ақ төзімділікті, спорттық және салауатты өмір салтын талап ететін жағдайларда жылдам әрекет ету және кедергілерді жеңу үшін қажетті физикалық қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған.
11. Өрт-құтқару даайындығы өрт, авариялық-құтқару техникасымен, өрт-техникалық қару-жарақпен және жабдықтармен жұмыс істеудің неғұрлым ұтымды және тиімді әдістер мен тәсілдерін саналы және шебер орындауды қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 34 бұйрығына 2-қосымша |
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 36-бабының 3-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 170) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметкерлер мен әскери қызметшілер) кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын (бұдан әрі – кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы) ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымының (бұдан әрі – білім беру ұйымы), (оқу орталықтары) курсанттарына, магистранттарына, докторанттарына, тыңдаушыларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметінің әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери бөлімдер) қолданылмайды.
2. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны бойынша жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі - ТЖМ) бастықтары, ТЖМ ведомстволарының төрағалары, аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ білім беру ұйымдарының бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын уақтылы және сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
4. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру үшін:
ТЖМ аппараты мен ведомстволарында – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы шығарылады;
ТЖМ Төтенше жағдайлар департаменттерінде (бұдан әрі – ТЖД) және ТЖД Төтенше жағдайлар басқармаларында (бөлімдерінде) (бұдан әрі – ТЖ(Б)Б) – ТЖД бастығының немесе оның міндеттерін атқарушының бұйрығы шығарылады;
ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінде (бұдан әрі – ӨС және АҚЖҚ) – ӨС және АҚЖҚ бастығының немесе оның міндеттерін атқарушының бұйрығы шығарылады;
әскери бөлімдерде – әскери бөлімдер командирінің немесе оның міндеттерін атқарушының бұйрығы шығарылады;
білім беру ұйымдарында – білім беру ұйымдары бастығының немесе оның міндеттерін атқарушының бұйрығы шығарылады.
2-тарау. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібі
1-Параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік (кәсіби) дайындауды ұйымдастыру тәртібі
5. Кәсіби қызметтік дайындық – қызметкерлер мен әскери қызметшілерге жүктелген қызметтік міндеттерді ойдағыдай орындау үшін қажетті кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды игеру мен ұдайы жетілдірудің ұйымдастырылған және мақсатты процесі болып табылады.
Қарауылдық (ауысымдық) қызмет атқаратын қызметкерлерге кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтар "Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 тіркелген) (бұдан әрі – № 445 бұйрық) Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысының 11-қосымшасына сәйкес өртке қарсы қызмет бөлімшесі қарауылының күн тәртібімен айқындалатын оқу сағаттары шеңберінде өткізіледі.
6. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру және оларды дайындау мен кәсіби қызметтік дайындауды бақылау азаматтық қорғау органдарының кадр қызметтеріне (бұдан әрі - кадр қызметі) жүктеледі.
Қарауылдық (ауысымдық) қызмет қызметкерлерін дайындау және кәсіби қызметтік дайындауды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру № 445 бұйрықпен айқындалады.
7. Кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтарды өткізуге қызметкерлер, әскери қызметшілер, жұмыскерлер (әкімшілік мемлекеттік және азаматтық қызметшілер), азаматтық қорғау органдарының құтқарушылары, сондай-ақ білім беру ұйымының профессорлық-оқытушылық құрамы тартылады.
Өзге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ өзге де білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамын және басқа да адамдарды кәсіби қызметтік дайындау бойынша сабақтарды өткізуге (келісім бойынша) сабақтардың тақырыбы бойынша тартуға жол беріледі.
8. Кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтар қаңтардан – қыркүйекке дейін қоса алғанда (бұдан әрі - оқу жылы) өткізіледі.
Білім беру ұйымында оқу жылы қыркүйек айынан басталып, келесі жылдың мамыр айын қоса алғанда аяқталады.
9. Кадр қызметі тоқсан сайын азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік дайындау бойынша сабақтар өткізудің тақырыптық жоспарын (бұдан әрі - жоспар) қалыптастырады.
10. Кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтар кемінде екі тақырыпты қамти отырып, айына кемінде екі рет өткізіледі.
11. Кәсіби қызметтік дайындық шеңберінде арнайы, әлеуметтік-құқықтық және саптық дайындық бойынша сабақтар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің қатысуымен акт залдарында, оқу (дәріс) сыныптарында (кабинеттерде) дәріс түрінде өткізіледі.
12. Саптық дайындық бойынша практикалық сабақтар нұсқау (тапсырма) бойынша жоспардан тыс айына кемінде бір рет өткізіледі:
Министр – ТЖМ аппараты мен ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен ТЖМ саптық плацта және азаматтық қорғаныс бөлімшесімен бірлесе кадр қызметімен өткізіледі;
ТЖД бастығы – ТЖД қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен ТЖД саптық плацтарында және азаматтық қорғаныс бөлімшесімен бірлесе кадр қызметі бөлімшелерімен өткізіледі;
(ТЖБ)Б бастығы – (ТЖБ)Б қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен саптық плацтарда және (ТЖБ)Б бастықтары жүргізеді;
ӨС және АҚЖҚ бастығы – ӨС және АҚЖҚ саптық плацтарында, сондай-ақ қызметкерлерінің қатысуымен ӨС және АҚЖҚ өрт сөндіру (мамандандырылған) бөлімшелері, бекеттері мен жасақтары:
1) ӨС және АҚЖҚ аппаратының қызметкерлеріне қатысты – кадр қызметі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімшесімен бірлесе;
2) (мамандандырылған) өрт сөндіру бөлімдерінің, бекеттері мен ӨС және АҚЖҚ жасақтарының қызметкерлеріне қатысты – (мамандандырылған) өрт сөндіру бөлімдерінің, бекеттері мен жасақтарының бастықтары өткізеді;
білім беру ұйымы бастығының – білім беру ұйымы қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатысуымен білім беру ұйымының саптық плацтарында азаматтық қорғаныс және әскери дайындық кафедрасы өткізеді;
әскери бөлімдер командирлері – әскери бөлімдер әскери қызметшілерінің қатысуымен әскери бөлімдердің саптық плацтарында және жауынгерлік дайындық бөлімшесімен өткізіледі.
Бұл ретте саптық дайындық бойынша практикалық сабақтардың өткізілуін бақылауды азаматтық қорғау органдарының кадр қызметтері жүзеге асырады.
13. Арнайы және әлеуметтік-құқықтық дайындық бойынша сабақты жоспардан тыс сабақтардың тақырыптары бойынша белгілі бір адамдардың не азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен жеке нысанда өткізуге жол беріледі.
14. Арнайы, әлеуметтік-құқықтық және саптық дайындық (практикалық сабақты қоспағанда) бойынша ТЖБ(Б), ӨС және АҚЖҚ өрт сөндіру (мамандандырылған) бөлімдерінің, бекеттердің, жасақтарының қызметкерлерімен және әскери қызметшілерімен қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы сабақтар өткізуге жол беріледі.
15. Бекітілген жоспарға сәйкес, сабақ басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті тақырып бойынша жауапты бөлімше кадр қызметіне кәсіби қызметтік дайындық бойынша материалды (бұдан әрі - материал) ұсынады.
16. Материалды жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды. Визуалды қабылдау үшін материал компьютерлік бағдарламаларды немесе фото-видео материалдарды қолдана отырып презентация жасаумен бірге жүреді.
Азаматтық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кадр қызметіне ұсынылатын материалдарды сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
17. Кадр қызметтері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу журналын жүргізе отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің ұсынылатын материалдардың сапасын және сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асырады.
18. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтан мынадай дәлелді себептер бойынша босатылады:
1) кезекшілікте (нарядта), еңбек демалысында, іссапарда болуы, сырқаты бойынша қызметте болмауы;
2) төтенше жағдайларды (өртті, су тасқынын, дүлей және техногендік зілзалаларды) жою бойынша жедел штабтың жұмысына қатысу;
3) орындаудың қысқа мерзімдерімен ерекше маңызы бар және күрделілігі бар тапсырмаларды (құжаттарды) орындау;
4) медициналық тексеруден өтуге (куәландырудан) және (немесе) дәрігердің қабылдауында болу.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар құжатпен расталуы тиіс (бұйрықтар, қызметтік жазбалар, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ).
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшалары бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтардан босату кадр қызметімен келісім бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) ұсына отырып жүргізіледі.
19. Осы Қағидалардың 18-тармағында аталған тұлғалар өткен материалды өз бетінше зерделейді.
20. Заңның 58-бабына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына сәйкес дәлелсіз себеппен кәсіби қызметтік дайындық бойынша сабақтарға қатыспаған (бұдан әрі - ТЖ) қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі.
21. Кәсіби қызметтік дайындық процесінде пайдаланылатын материалдар кадр қызметінің бөлімшелерінде электрондық ақпарат тасығыштарда (дискілер, есте сақтау құрылғылары, қатты дискілер) сақталады.
2-Параграф. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру тәртібі
22. Кәсіби дене шынықтыру дайындығын:
1) ТЖМ, ТЖД, (ТЖБ)Б, ӨС және АҚЖҚ аппараты мен ведомстволарында (қарауылдық (ауысымдық) қызмет атқаратын бөлімшелерді қоспағанда) – кадр қызметі;
2) (мамандандырылған) өрт сөндіру бөлімдерінде, бекеттері мен ӨС және АҚЖҚ жасақтарына қатысты – (мамандандырылған) өрт сөндіру бөлімдерінің, бекеттері мен жасақтарының бастықтары өткізеді;
2) әскери бөлімдерде – жауынгерлік дайындық бөлімшесі;
3) ТЖМ білім беру ұйымында – өрт-құтқару және дене шынықтыру дайындығы кафедрасы ұйымдастырады.
Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру туралы бұйрықтарда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды өткізу кестесі бекітіледі.
23. Кәсіби дене шынықтыру дайындығы күнделікті қызметте қызметтік міндеттерді орындау үшін қызметкерлер мен әскери қызметшілерде қажетті дене дағдыларын қалыптастыруға бағытталған спорттық сабақтар кешені және өрт-құтқару дайындығы бойынша нормативтерді пысықтауды білдіреді.
24. Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарда дене шынықтыру мен ептілікті сақтау мақсатында осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер орындалады.
25. Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар күнтізбелік жыл ішінде жергілікті жағдайлар мен азаматтық қорғау органдарының материалдық базасын ескере отырып, қызметтік уақыт есебінен аптасына кемінде екі рет бір жарым сағаттан өткізіледі.
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтардан босату осы Қағидалардың 28-тармағының ережесімен регламенттеледі.
26. Кадр қызметтері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу журналын жүргізе отырып, қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сабақтарға қатысуын бақылауды жүзеге асырады.
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарға дәлелсіз себеппен қатыспаған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қатысты Заңның 58-бабына сәйкес, сондай-ақ ТЖ қызметтік тергеу жүргізіледі.
27. Күнтізбелік (оқу) жылдың қорытындысы бойынша кадр қызметі осы Қағиданың 4-қосымшаға сәйкес қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді орындау жолымен қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру даярлығына тексеру өткізіледі.
Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дене шынықтыру дайындығын тексеру күнтізбелік жылдың қазан – қараша айлары (білім беру ұйымында-мамыр айлары) кезеңінде өткізіледі.
28. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер кәсіби дене шынықтыру дайындығын тексеруден мынадай дәлелді себептер бойынша босатылады:
1) кезекшілікте (нарядта), еңбек демалысында, іссапарда болуы, сырқаты бойынша қызметте болмауы;
2) төтенше жағдайларды (өртті, су тасқынын, дүлей және техногендік зілзалаларды) жою бойынша жедел штабтың жұмысына қатысу;
3) орындаудың қысқа мерзімдерімен ерекше маңызы бар және күрделілігі бар тапсырмаларды (құжаттарды) орындау;
4) медициналық тексеруден өтуге (куәландырудан) және (немесе) дәрігердің қабылдауында болу.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар құжатпен расталуы тиіс (бұйрықтар, қызметтік жазбалар, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ).
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшалары бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби дене шынықтыру дайындығын тексеруден босату бөлімшелермен (тұлғалармен) келісім бойынша растайтын құжаттарды (материалдарды) ұсына отырып жүргізіледі.
Осы Қағиданың 28-тармағында көзделген дәлелді себептер бойынша кәсіби дене шынықтыру дайындығын тексеруге қатыспаған қызметкерлер мен әскери қызметшілер бір ай ішінде қызметке шығу бойынша кәсіби дене шынықтыру дайындығынан тексеруден өтеді.
Бұл ретте медициналық мекемелер беретін медициналық анықтамалардың негізінде дене жүктемесінен босатылатын бар қызметкерлер мен әскери қызметшілер кәсіби дене шынықтыру дайындығын тексеруден медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір ай ішінде өтеді.
29. Қызметкерлер мен әскери қызметшілерде кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша тексеру кезінде нормативтерді қабылдауды кадр қызметінің қатысуымен осы Қағидалардың 22-тармағында аталған қызметтер жүзеге асырады.
Орындалатын міндеттердің ерекшелігін ескере отырып, нормативтерді орындау кезінде қызметкерлер мен әскери қызметшілер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілер санаттарына бөлінеді.
30. Нормативтерді орындау кезінде қызметкерлер мен әскери қызметшілер оларды мынадай тәртіппен орындайды:
1) ерлер:
60 немесе 100 метрге жүгіру немесе қайтармалы жүгіру;
1000 метр қашықтыққа жүгіру;
кешенді күш жаттығулары немесе тартылу;
шабуыл баспалдағымен 4-қабаттың терезесіне көтерілу немесе орнатылған жылжымалы баспалдақпен оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне көтерілу.
2) әйелдер:
60 немесе 100 метрге жүгіру немесе қайтармалы жүгіру;
1000 метр қашықтыққа жүгіру;
кешенді күш жаттығулары;
Құтқару арқанын конструкцияға төрт тәсілдің бірімен бекіту.
31. Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілерді жеке бағалау мынадай тәртіппен қойылады:
"өте жақсы" – егер барлық ұпайлар "өте жақсы" болса немесе екеуі "өте жақсы" және біреуі "жақсы" болса;
"жақсы" – бір баға "өте жақсы" және екі баға "жақсы" немесе бір баға "өте жақсы", екінші "жақсы" және үшінші баға "қанағаттанарлық" немесе екі баға "өте жақсы" және бір "қанағаттанарлық" немесе бір баға "өте жақсы" және екі баға "қанағаттанарлық" немесе екі баға "жақсы" және бір баға "қанағаттанарлық" немесе барлық бағалар "жақсы" болса;
"қанағаттанарлық" – егер бір баға "жақсы" және екі баға "қанағаттанарлық" болса немесе барлық бағалар "қанағаттанарлық" болса;
"қанағаттанарлықсыз" – егер нормативтердің біреуі "қанағаттанарлықсыз" баға алған болса.
Өрт-құтқару дайындығы бойынша бойынша бағалау кәсіби дене шынықтыру дайындығығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосіне жазыла отырып, жеке қойылады
32. Егер нормативтердің бірі бойынша қызметкер немесе әскери қызметші "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, қалған нормативтер бойынша алынған бағаларға қарамастан, қызметкер немесе әскери қызметші белгіленген нормативтерді тапсырмаған болып есептеледі және Заңның 58-бабына сәйкес, сондай-ақ ТЖ қызметтік тергеу жүргізіледі.
33. Кәсіби дене шынықтыру дайындығығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, онымен қызметкерлер мен әскери қызметшілер қол қойып танысады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Бекітемін | |
___________________________ | |
___________________ бастығы | |
20__ жылғы "___" __________ |
Қызметкерлер мен әскери қызметшілерді кәсіби қызметтік дайындау бойынша сабақтарды өткізудің 20 __ жылғы ______ тоқсанға арналған тақырыптық жоспары (қызмет атауы)
Күні | Сабақтарды өткізу уақыты мен орны | Сабақты өткізу нысаны | Пәндер мен сабақ тақырыптарының атауы | Сабақ өткізуге жауапты қызметкердің/әскери қызметшінің лауазымы, тегі аты әкесінің аты |
Нысан
(Титул парағы)
__________________________________________________________________
(азаматтық қорғау органы) Қатысу журналы (өткен бағдарламаны және кәсіби қызметтік (кәсіби) бойынша теориялық және практикалық сабақтарға қатысуды есепке алу және қызметкерлер мен әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы)
(титул парағының айналымы)
Журнал жүргізу:
1. Қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығының әрбір түрі үшін жеке бөлім және қажетті беттер саны бөлінеді.
2. Журналды кадр қызметі бөлімшесі жүргізеді.
3. Журналда:
барлық теориялық сабақтар, сондай-ақ кәсіби дене шынықтыру және саптық дайындық бойынша практикалық сабақтар;
қызметкерлер мен әскери қызметшілердің сабаққа қатысуы есепке алынады.
4. Сабаққа келу "+" белгісімен белгіленеді.
5. Сабақта болмауы: демалыс – "д", іссапар – "і", кезекшілік (наряд), төтенше жағдайларды (өрттерді, су тасқынын, дүлей және техногендік зілзалаларды) жою жөніндегі жедел штабтың жұмысына қатысу– "к" немесе "н", сырқаты бойынша немесе медициналық тексеруден өту және (немесе) сондай – ақ дәрігердің қабылдауында болу – "с", оқу демалысы немесе іссапар – "о", баянаты бойынша немесе ерекше маңызы бар және орындау мерзімдері қысылған тапсырмаларды (құжаттарды) орындау – "б", белгісіз себептермен – "-".
6. Оқу жылының соңында журнал құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесіне сақтауға тапсырылады. Журналды сақтау мерзімі ТЖМ нормативтік құжаттарымен белгіленеді.
Мазмұны
№ р/н | Журнал бөлімдерінің атауы | Беттер |
1 | Оқу бағдарламасын және сабаққа қатысуды есепке алу: | |
2 | Арнайы дайындық | |
3 | Әлеуметтік-құқықтық дайындық | |
4 | Психологиялық дайындық | |
5 | Саптық дайындық | |
6 | Дене шынықтыру | |
7 | Өрт-құтқару дайындығы |
(журнал бөлімдері)
1-тарау. Оқу бағдарламасын және сабаққа қатысуды есепке алу
Арнайы дайындық (кәсіби дайындықтың түрі)
№ | Атағы | Т.А.Ә. | Сабақ күні | Күні | Сабақ тақырыбы | Сабақты өткізген адамның қолы | ||||||||||||
Әлеуметтік-құқықтық дайындық (кәсіби дайындықтың түрі)
№ | Атағы | Т.А.Ә. | Сабақ күні | Күні | Сабақ тақырыбы | Сабақты өткізген адамның қолы | ||||||||||||
Психологиялық дайындық (кәсіби дайындықтың түрі)
№ | Атағы | Т.А.Ә. | Сабақ күні | Күні | Сабақ тақырыбы | Сабақты өткізген адамның қолы | ||||||||||||
Саптық дайындық (кәсіби дайындықтың түрі)
№ | Атағы | Т.А.Ә. | Сабақ күні | Күні | Сабақ тақырыбы | Сабақты өткізген адамның қолы | ||||||||||||
Дене шынықтыру дайындығы (кәсіби дайындықтың түрі)
№ | Т.А.Ә. | Сабақ күні | Күні | Сабақ тақырыбы | |||||||||||||||||
Өрт-құтқару дайындығы (кәсіби дайындықтың түрі)
№ | Т.А.Ә. | Сабақ күні | Күні | Сабақ тақырыбы | |||||||||||||||||
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтар өткізу КЕСТЕСІ
1 тоқсан | ||||||||||||||||
Бөлімшелер | Қаңтар | Ақпан | Наурыз | |||||||||||||
Күні | Күні | Күні | ||||||||||||||
Құрылымдық бөлімшелер | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | |||||||||||||
2 тоқсан | ||||||||||||||||
Бөлімшелер | Сәуір | Мамыр | Маусым | |||||||||||||
Күні | Күні | Күні | ||||||||||||||
Құрылымдық бөлімшелер | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | |||||||||||||
3 тоқсан | ||||||||||||||||
Бөлімшелер | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | |||||||||||||
Күні | Күні | Күні | ||||||||||||||
Құрылымдық бөлімшелер | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | |||||||||||||
4 тоқсан | ||||||||||||||||
Бөлімшелер | Қазан | Қараша | Желтоқсан | |||||||||||||
Күні | Күні | Күні | ||||||||||||||
Құрылымдық бөлімшелер | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | Сабақ түрі (Д-Ө) | |||||||||||||
Ескерту: Д - дене шынықтыру дайындығы, Ө - өрт-құтқару дайындығы.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
1-тарау. Ерлерге арналған "А" санатындағы кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
2-тарау. Әйелдерге арналған "А" санатындағы кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
3-тарау. Ерлерге арналған "Б" санатындағы кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
4-тарау. Әйелдерге арналған "Б" санатындағы кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша |
Кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлер мен әскери қызметшілердің санаттары
1. "А" санатындағы қызметкерлер: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері (бұдан әрі – ӨС және АҚЖҚ) (Кадр қызметтері, жұмылдыру жұмысы, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттандыру, қорғалған байланыс, цифрландыру және байланыс, психологиялық қызмет, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтары, "Қол сұғылмайтын қор" қоймалары бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ дәрігерлер, фельдшерлер, өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу бойынша аға инспекторлар, өрт сөндірушілер жүргізушілері лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді қоспағанда, жүргізушілер-қызметкерлер, диспетчерлер, радиотелефоншылар, аға байланыс шеберлері, газ-түтіннен қорғау қызметінің аға шеберлері (шеберлері), өрт сөндіру қайықтарының мотористері).
2. "Б" санатындағы қызметкерлер:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппаратының және ведомстволарының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі - ТЖД), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілері;
2) Кадр қызметтері, жұмылдыру жұмысы, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпараттандыру, қорғалған байланыс, цифрландыру және байланыс бойынша бөлімшелердің, психологиялық қызметтің, күштер мен құралдарды жедел басқару орталықтарының, "Қол сұғылмайтын қор" қоймаларының қызметкерлері, сондай-ақ дәрігерлер, фельдшерлер, өрт сөндіру автомобильдерін жүргізу жөніндегі аға инспекторлар, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілері, жүргізушілер лауазымдарын атқаратын қызметкерлер - газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері, диспетчерлері, радиотелефоншылар, аға байланыс шеберлері, аға шеберлері (шеберлері), ӨС және АҚЖҚ өрт сөндіру қайықтарының мотористері;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілері.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің кәсіби қызметтік (кәсіби) және дене шынықтыру дайындығын ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
_____________________________________________________________________ (бөлімшенің атауы) кәсіби дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомысы
20____ жылғы "_____" ____________
______________ қаласы
№ |
Атағы, | Лауазымы | Жасы | Дене шынықтыру дайындығы | Кәсіби дене шынықтыру бойынша бағалау | |||||||
60/100 метр қашықтыққа жүгіру | 1000 метр қашықтыққа жүгіру | тартылу/ секіру/ кешенді күш жаттығулары | Қайтармалы жүгіру | |||||||||
Нәтиже | Бағалау | Нәтиже | Бағалау | Нәтиже | Бағалау | Нәтиже | Бағалау | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
(қызмет атауы) | ||||||||||||
1. |
Кестенің жалғасы
Өрт-құтқару дайындығы | Өрт-құтқару дайындығын бағалау | Танысу туралы қызметкердің қолы | |
Оқу мұнарасының 4-ші қабатының терезесіне шабуыл баспалдағымен көтерілу / оқу мұнарасының 3-ші қабатының терезесіне орнатылған үш тізелі жылжымалы баспалдақпен көтерілу / құтқару арқанын ғимарат құрылысына 4 тәсілдің бірімен бекіту | |||
Нәтиже | Бағалау | ||
14 | 15 | 16 | 17 |
(қызмет атауы) | |||
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(сынақ қабылдаған адамдардың лауазымдары, атақтары, тегі, аты, әкесінің аты, қолдары)