Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 10) тармақшасына сәйкес, аудандық жер комиссиясының 2023 жылғы 07 желтоқсандағы №41 хаттамалық шешімінен үзіндісі және "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" КММ басшысының 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 08 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зенченко и компания" коммандиттік серіктестігіне су құбыры желілерін күтіп-ұстау үшін, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округінде жалпы көлемі 16,4 гектар, соның ішінде: 15-220-059-082 кадастрлық нөмірінен – 7,5 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 3,6 гектар, табиғи шабындықтар 1,8 гектар, табиғи жайылымдар 2,1 гектар; 15-220-059-074 кадастрлық нөмірінен – 0,8 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 0,8 гектар; 15-220-059-078 кадастрлық нөмірінен – 0,2 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 0,2 гектар; 15-220-059-058 кадастрлық нөмірінен - 7,9 гектар, оның ішінде алқаптары бойынша: егістік 7,9 гектар, жер учаскесіне 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Көрсетілген жер көлеміне бөтен жер пайдаланушылардың жерлері кірмейді:
кадастрлық нөмірі 15-220-059-073 - 0,25 гектар;
кадастрлық нөмірі 15-220-066-018 – 0,05 гектар.
Жер учаскесі бөлінетін болып табылады, су қорғау аймағы – 1000 метр, су қорғау алқабы – 100 метр.
2. "Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі | C. Сәдуақасов |